№
|
«ПАЦИЕНТТІ фиброгастродуоденоскопияға даярла» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: пациентті зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асказан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.
|
|
2
|
Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зерттеуге жолдаманы.
ФГДС-ті дәрігер жасайды,
мейіргер көмекші қызметін атқарады.
|
|
3
|
Пациентке алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
|
|
4
|
Пациентке психологиялық дайындықты жүргізіңіз.
|
|
5
|
Пациентке зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз.
|
|
6
|
Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.
|
|
7
|
Пациентті зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін пациент суды, тамақты ішпеуі керек.
|
|
8
|
Зерттеу алдында пациент алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.
|
|
9
|
Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын пациентке ескертіңіз (пациент сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).
|
|
10
|
Пациентті сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарыңыз.
|
|
11
|
Зерттеуден кейін пациентті палатаға ерітіп апарыңыз және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраңыз. Темекі шегуге болмайды.
|
|