№
|
«ПАЦИЕНТТІ бронхоскопияға даярлау» тәжірибелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
1
|
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы даярлауды қамтамасыз ету, бронхтың сілемейлі қабықтарын қарау.
|
|
2
|
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: қолғапты, бронхоскопты, сүрткілерді, транквилизаторларды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, сүлгіні, ауру тарихын, жолдаманы.
Бронхоскопияны дәрігер жасайды. Мейіргер көмекші қызметін атқарады.
|
|
3
|
Пациентке зерттеудің мақсатын мен барысын, зерттеу жасаған уакыттағы тәртіп ережесін түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
|
|
4
|
Пациентке психикалық дайындықты жүргізіңіз.
|
|
5
|
Пациентке зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз.
|
|
6
|
Ол зерттеу алдында таңертең тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек.
|
|
7
|
Зерттеудің алдында пациент алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.
|
|
8
|
Тура зерттеуді жасар алдында пациенттен қуығын және ішегін босатуын сұраңыз.
|
|
9
|
Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай және таңертең жансыздандыруды жасаудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен (элениум, диазепам) премедикацияны жүргізіңіз.
|
|
10
|
Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикацияны (наркозға дайындауды) жүргізіңіз.
|
|
11
|
Пациентті сүлгісімен, ауру тарихымен және жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тағайындалған уақытта ертіп апарыңыз.
|
|
12
|
Пациентті палатаға ертіп апарыңыз, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескертіңіз
|
|