Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Ескерту: Көлденең ауыстыру әдісі пациент ес-түссіз жатқан жағдайда немесе қатаң төсек тәртібінде болғанда қолданылады. Дағды



бет12/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Ескерту: Көлденең ауыстыру әдісі пациент ес-түссіз жатқан жағдайда немесе қатаң төсек тәртібінде болғанда қолданылады.
Дағды: Пациенттің ішкі киімін ауыстыру техникасы.





«Пациенттің ішкі киімін ауыстыру техникасы» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы


Мақсаты: пациентті жеке бас тазалығын сақтау





Қолдану көрсетілімдері: іш-киім, жейделердің ластануы, пациенттің қатты терлеуі.





Асқынулары: науқастың төсектен құлап кетуі, жалпы жағдайының нашарлауы, мейіргердің қолымен терінің жарақаттануы және жұқпаны жұқтыруы.





Әзірле: таза іш киім жиынтығын, ластанған киімдерді салуға арналған клеенка қапты.





Пациентке емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз..





Өзіңіздің сол қолыңызды пациенттің арқасының астына салыңыз.





Пациенттің денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз.





Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз.





Пациентті сүйемелдеп тұрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз.





Пациентті жастықтарға жатқызып, екі қолын жейденің жеңдерінен босатыңыз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда жейдені алдымен сау қолдан, содан кейін ауру қолдан шешіңіз).





Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз).





Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз.





Пациентті жастықтарға жатқызыңыз, кеудесіндегі жейдені түзетіңіз.





Ластанған жейдені клеенка қапқа салыңыз.





Қолыңызды жуып, кептіріңіз.






Ескерту: Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет