№
|
«Халі ауыр пациенттің шашын күту техникасы тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: пациенттің жеке бас тазалығын сақтау.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: пациенттің енжарлық қалпы.
|
|
|
Әзірле: жылы суды (37-380С), сабынды немесе сусабынды, шылапшынды, крушканы, тісі жиі тарақты, сүлгіні, 6% сірке су ерітіндісін, таза бас орамалды (мақта-матадан жасалған) кірлеген іш киімдерді салатын қапшықты.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз
|
|
|
Халі ауыр пациенттің басын төсегінде жуыңыз.
|
|
|
Басына көтеріңкі қалып беріңіз, арнайы бастың астына қоятын құралды немесе матрацты валик тәрізді домалақтап, оны пациенттің басының астына қарай қатты бұраңқырап қойыңыз, оның үстіне клеенка төсеңіз.
|
|
|
Пациенттің басын мойын деңгейінде артқа қарай шалқайтыңыз.
|
|
|
Керуеттін бас жағындағы орындықтың үстіне пациенттің мойын денгейінде ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз.
|
|
|
Пациенттің басын сорғалып аққан сумен ылғалдаңыз, шашын сабындаңыз, бастың терісін мұқият түрде ысқылаңыз.
|
|
|
Шашты бастың маңдай бөлігінен артқа қараган бағытта сабынмен немесе сусабынмен жуыңыз.
|
|
|
Шашты сумен шайыңыз және оларды сүлгімен сығып құрғатыңыз.
|
|
|
Шашты тісі жиі тарақпен күнделікті тараңыз.
|
|
|
Қысқа шаштарды шаштың түбірінен ұшына қарай , ал ұзын шаштарды бұрымға бөліп алып, ұшынан түбіріне қарай жайлымен тарайды.
|
|
|
Оларды жұлмауға тырысыңыз.
|
|
|
Басына таза мақта-матадан жасалған орамалды тағыңыз
|
|
|
Бас астындағы құралды орнына түсіріңіз, барлық күтім заттарын жинап алыңыз, матрасты түзетіңіз.
|
|
|
Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз.
|
|
|
Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|