№
|
«Халі ауыр пациенттің төсек – орнын тыстарын ауыстыру техникасы» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: төсекте жатқан пациентке жайлы жағдай жасау
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: пациенттің жеке бас тазалығын сақтау
|
|
|
Әзірле: таза ақжайманы, ластанған төсек-орын тыстарын салатын клеенка қапшықты, қолғапты.
|
|
|
Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғаптарды киіңіз.
|
|
|
Таза ақжайманы көлденеңінен шиыршықтап бүктеңіз (бинт тәрізді).
|
|
|
Бір мейіргердің алақандарын жоғары қаратып ұстап пациенттің басы мен иықтарының астына қолын жіберіп, абайлап денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз, жастықтарды алып тастаңыз.
|
|
|
Ластанған ақжайманы шыйыршықтап, кереуеттің бас жағынан бастап пациенттің беліне дейін бүктеңіз, сонымен бір уақытта таза ақжайманы кереуеттің бос қалған жеріне төсеңіз.
|
|
|
Таза ақжайманың үстіне жастықтарды қойып, оған пациенттің басын түсіріңіз.
|
|
|
Пациенттің жамбасын, содан кейін аяқтарын көтеріңкіреп, ластанған ақжайманы жинап алыңыз да, орнына таза ақжайманы жазып жайып шығыңыз.
|
|
|
Пациенттің жамбасын және аяқтарын аяқ жақ бағытына қарай түсіріңіз, ақжайманың шеттерін матрацтың астына бүктеңіз. Пациенттің үстін жабыңыз.
|
|
|
Тыстарға арналған клеенка қапқа ластанған ақжайманы салыңыз және оны шаруашылық мейіргерге тапсырыңыз.
|
|
|
Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|