№
|
«Ылғалды қыздыру және дәрілік копрестерді қою» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.
|
|
|
Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиядағы ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.
|
|
|
Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.
|
|
|
Дайындаңыз: компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-250С суды, қайшыны, қолғапты.
|
|
|
Пациентке емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз.
|
|
|
Пациенттің компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.
|
|
|
Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.
|
|
|
Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз.
|
|
|
Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.
|
|
|
Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз.
|
|
|
Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.
|
|
|
Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).
|
|
|
Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.
|
|
|
Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).
|
|
|
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.
|
|
|
2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз.
|
|
|
Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
|
|
|
Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз.
|
|
|
Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.
|
|
|
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
|
|