Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу



бет31/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   121
Байланысты:
Стандарт каз

Ескерту:

  • сүлік науқастың қанына өзінің сілекей құрамындағы ұйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт – гирудин затын жібереді;

  • сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бұл табиғи жағдай;

  • асептика ережесі бұзылғанда жарақат орны іріңдейді немесе сол жарақат орны қышитын болады;

  • сүлікті бір рет қана қолданады.


Дағды: «Ылғалдатылған оттегіні мұрын каттетері арқылы беру».



«Ылғалдатылған оттегіні мұрын каттетері арқылы беру» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы


Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту,.





Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дірігердің тағайындауы бойынша қолд анылады.





Дайындаңыз: Бобров аппаратын, дистилденген суды немесе 70% спиртті, залалсыздандырылған: науаны, мұрын катетерін, пинцетті, шпательді, дәке, қолғапты, вазелин майын немесеглицеринді, жабысқыш пластырды.





Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.





ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызд өңдеңіз.Залалсыздандырылған
қолғапты киіңіз.





Пациентке Фаулер қалпына келтіріңіз.





Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз: таза шыны ыдыстың 2/3
көлеміне температурасы 30-400С дистилденген суды, өкпе ісігінде 70%
спиртті құйыңыз, жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы
бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз, ұзындығы 60 см артық емес резеңке
түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз.





Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне
көзіңізді жеткізіңіз.





Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың кеуілжір қалқаны
түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см)
анықтап, белгі (ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойыңыз.





Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын немесе
глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе
дистилденген сумен ылғалдаңыз.





Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстаңыз.





Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына
дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз.





Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы
жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз.





Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен пациенттің жағына,
самайына немесе маңдайына жапсырыңыз.





Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының
қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз.





Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық
жүйеден берілетін оттегі шүмегімен немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз.





Оттегі шығатын шүмекті ашыңыз (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі
суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин).





Пациенттің мұрынның шырышты қабығын қараңыз.





Пациенттің қал жағдайын бағалаңыз.





Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға
майлы ерітінді тамызыңыз.





Катетерді алып тастаңыз.





Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.





Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет