Дайындаңыз: залалсыздандырылған: таңғыш бинтті, науаны, шымшуырды (пинцеттерді), тампондарды, сүрткілерді, пробиркаларды, 40% глюкоза ерітіндісін, натрий хлорид ерітіндісін, ҚЖК, тұздалған суды, ыдыстағы ыстық суды, 6-8 белсенді сүліктерді, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты.
|
|
|
Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шараға рұқсатын алыңыз.
|
|
|
Қолыңызды антисептикпен тазартыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
|
|
|
Пациентке ыңғайлы қалып беріңіз.
|
|
|
Дененің қажетті жерін босатып, ашып, теріні қараңыз, қоятын орнында түкті шаш болса қырып алып тастаңыз.
|
|
|
Залалсыздандырылған мақта шариктерін жылы қайнатылған суда сулап терідегі белгіленген жерді жуыңыз және оны қызарғанша ысқылаңыз.
|
|
|
Теріні құрғатыңыз.
|
|
|
Сүлік коятын жерге 40% глюкоза ерітіндісін жағыңыз.
|
|
|
Банкада суда тұрған сүлікті пинцетпен алып, құйрық жағын пробирканың түбіне қаратып салыңыз.
|
|
|
Пробирканы дененің қажетті орнына тақап, сілкілей қозғалыс жасап, сүлікті теріге бағыттаңыз.
|
|
|
Сүлік теріні тістеп жабысқанда және оның алдыңғы бөлігінде толқынды қозғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз.
|
|
|
Артқы сорғыш ауыз (емізік) астына залалсыздандырылған салфетканы салыңыз.
|
|
|
Сондай әдіспен барлық сүлікті қойып шығыңыз (бір сәтте 4-тен 12-ге дейін сүлік қояды).
|
|
|
Сүліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін, оның дене бойын жылы суға суланған мақтамен сұлап шығыңыз.
|
|
|
Науаны сүліктің қойылған жеріне жақын қойыңыз.
|
|
|
30-60 минуттай күтіңіз. Дені сау сүлік қанды сорып болған соң, қойған науаға өздігінен түседі.
|
|
|
Егер сүлік түспесе немесе оны ерте алу қажет болса, алдыңғы сорғыш ауыз (емізік) аймағын тұзды сумен сулаңыз.
|
|
|
Қолданған сүліктерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, сосын ҚЖК салыңыз
|
|
|
Сүліктің сорған жеріне құрғақ залалсыздандырылған таңғышты үстіне қойып үлкен мақта көлемімен бір тәулікке таңып тастаңыз (сүлік сорған жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қанайды)
|
|
|
Пайдаланған күтім құралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
|
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
|
|
|
Бір тәуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз.
|
|