Ескерту:
сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;
егерде жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;
шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;
егерде пациент құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;
сүнгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүнгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.
Дағды: «Пациентті дайындау және асқазанға фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүнгілеуді жүргізу».
№
|
«Пациентті дайындау және асқазанға фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүнгілеуді жүргізу». тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: диагностикалық: асқазан ішіндегі затты алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.
|
|
|
Қарсы көрсетілімдері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу қезеңі, порталды гипертензия стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |