№
|
«Пациентті дайындау және асқазанға ұлтабарға сүңгімен сүнгілеуді жүргізу». тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті зертханалық зерттеуге алу, қысқартылатын сипатын зерттеу және өт қалтасы кызметінің шоғырландырып сақталуын және қысқыш (айналшық, сфинктер) жағдайын бағалау; емдік – өт қабының моторлы қызметі томендегенде өтті сорып алу (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дәрі-дәрмектерді енгізу.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.
|
|
|
Қарсы көрсетілімдері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе – жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б.
|
|
|
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісін, Жане шприцін, 20 мл шприцті, лотокті, штативті белгіленген пробиркаларымен, қысқышты, сүлгіні, салфеткаларды, қолғаптарды, жылытқышты, жұмсақ көпшікті, аласа орындықты, өт қабығының қоздырғыштарын – 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-600С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісін,, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
|
|
|
Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз.
|
|
|
Пациентке емшара тәртібі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
|
|
|
Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.
|
|
|
Пациентке ұйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз.
|
|
|
Емшара алдында пациенттің алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егерде болса.
|
|
|
Пациентті орындыққа дұрыс және ынғайлы, яғни арқасы орындықтын арқасына тығыз болуын, пациенттің басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз.
|
|
|
Пациенттің кеудесіне сүлгіні жабыңыз.
|
|
|
ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
|
|
|
Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін шамшуырмен (пинцетпен) алып, сүңгі оливасының канюлясына орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты).
|
|
|
Пациент жұтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін – бірінші белгі және пациенттің ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз – екінші белгі).
|
|
|
Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.
|
|
|
Пациенттің аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, пациентті мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егерде пациент жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз).
|
|
|
Сүңгінің бос шетін кысқышпен қысыңыз.
|
|
|
Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы, асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.
|
|
|
Пациент 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.
|
|
|
Пациенттің басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз, осындай жату калпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.
|
|
|
Пациенттің бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз.
|
|
|
Қысқышты босатып, сүнгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.
|
|
|
Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі).
|
|
|
Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.
|
|
|
Пациентті арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз.
|
|
|
Пациентті оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр – зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі).
|
|
|
Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.
|
|
|
Салфеткамен сүңгіні шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
|
|
|
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
|
|
|
Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
|
|
|
Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, зертханаға жіберіңіз.
|
|
|
Пациентті палатаға апарып, тамақтандырыңыз
|
|