Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Исламдағы  бала  тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет3/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Исламдағы  бала  тәрбиесі
»  атты  еңбекті 
әзірлеп  отырмыз.  Кітапта  негізінен  «Мұсылман 
жанұясында  бала  тәрбиесі  қандай  болу  керек?», 
«Бала  тәрбиесінде  ата-ананың  рөлі  қандай?», 
«Бала  тәрбиесінің  кезеңдік  ерекшеліктері  нелер?», 
«Балаға  діни  құндылықтар  қалай  үйретілуі  керек?», 
«Пайғамбарымыз  балаларға  қалай  қараған?»  деген 
секілді т.б. өзекті мәселелер қамтылған. 
Сондай-ақ  баланың  әр  жас  мөлшері  жеке-жеке 
ескеріліп,  діндегі  сол  жасқа  сай  тәрбие  ұстанымдары 
анықталды.  Баланың  өмірге  келгенінен  бастап, 
физиологиялық-психологиялық  даму  ерекшеліктері 
көрсетілді. Кітап жазу барысында Құран аяттары мен 
Мұхаммед  пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
 
хадистері  негізге  алынды.  Мұсылман  ғұламалардың 
ақыл-кеңестері  де  ұмыт  қалмады.  Әсіресе,  хадис 
саласының  білгірі  проф.  Ибраһим  Жананның  «Хаз-
рети  пейгамберин  сүннетинде  тербие»  (Хазірет 
пайғамбардың  сүннетіндегі  тәрбие)  (Измир,  2008) 
кітабы мен қазіргі заманғы танымал мұсылман ғалымы, 
ойшыл һәм ағартушы Фетхуллаһ Гүленнің «Чекирдек-
тен  чынара»  (Бесіктен  беласқанға  дейін)  (Станбул, 
2002)  кітабынан  үзінділерге  орын  берілді.  Сондай-
ақ  тақырыптың  мазмұнын  ашатын  ғибратты  қысқа 
әңгімелер де келтірілді. 
Бір  ескерте  кетерлігі,  бұл  кітап  бала  тәрбиесіне 
қатысты  басқа  да  педагогикалық,  психологиялық 
тұрғыдан  жазылған  кітаптардан  ислами  негіздерімен, 


9
Исламдағы бала тәрбиесі
діни 
тәрбие 
мәйегіне 
басымдық 
беруімен 
ерекшеленеді. 
Еңбекте Ислам дініндегі бала тәрбиесіне қатысты 
мәселелердің  бәрі  толық  қамтылды  деу  қиын.  Неге 
десеңіз,  баланың  өзі  кішкентай  болғанмен,  мәселесі 
үлкен.  Үлкен  мәселені  толық  қамту  көлемді  уақытты 
қажет етеді. 
Бала  тәрбиесіне  қатысты  мұсылмандық  негізді, 
діндегі  тағылымды  мүмкіндігінше  жинақтап  оқырман 
назарына  ұсына  отырып,  еңбектің  ұрпақ  тәрбиесіне 
қосар үлесі, халқымызға тигізер пайдасы мол болар де-
ген үміттеміз. 
Бүкіл мақтау мен мінсіздік Хақ тағалаға ғана тән! 
Өнегесі  өміршең  ардақты  елші  Мұхаммед  Мұстафаға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 салауат айтып, сәлем жолдаймыз!
Автордан


10


11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет