Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет48/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Пайғамбарымызды таныту
Жоғарыда айтылғандарға қоса, Аллаһ елшісін бар 
қырынан  терең  таныту  керек.  Баланың  пайғамбарға 
еліктеп, соны жақсы танып өсуі үй ішінде пайғамбар 
жайлы  әңгімелердің  неғұрлым  жиі  қозғалуына  бай-
ланысты.  Егер  үйде  тек  қана  теледидар  мен  кино 
әртістері жайлы әңгіме қозғалса, баланың да бар есіл-
дерті әртістер мен актерларға ауады емес пе?! Сұрай 


115
Сәбидің дүниеге келуі
қалсаңыз, ол сізге спорт шеберлері мен әртіс-әншілердің 
аты-жөндерін  мүдірмей  атайды,  алайда,  әйгілі  де-
ген  төрт  сахабаның  атын  атай  алмай  күмілжиді. 
Өйткені, бүкіл есіл-дертін пайдасыз нәрселер жаулап 
алғаннан. 
Бүгінгі  күні  арада  қаншама  ғасыр  өткеніне 
қарамастан. Пайғамбарымыздың ізімен жүрушілердің 
қатары  күн  санап  көбейіп  келеді.  Дәл  сондай  зор 
құрметке  бөленген  тұлғаны  адамзат  тарихынан 
көрсету мүмкін емес. Бір кездері бақытты бір ұрпақ 
оны өз көзімен көрді. Одан кейінгі ұрпақ оны көргендерді 
көріп,  абыройға  бөленді  әрі  оны  солардың  көзімен 
көруге тырысты. «Ең игі ғасыр – менің ғасырым, одан 
кейінгісі  –  одан  кейін  келгені»
104
  деген  хадис  те  осы 
сөзімізге дәлел. 
Отбасында  қыз  бала  дүниеге  келсе,  оны  тірідей 
жерге  көмген,  арақ-шарап  судай  аққан,  азғындаған 
қоғамды  Пайғамбарымыз  ширек  ғасырға  жетер-
жетпес  аз  уақыттың  ішінде  адам  айтса  нанғысыз 
биікке  көтеріп,  үлгілі  жамағатқа  айналдырды.  Иә, 
ғасырлар бойы адамдардың жүрек төрінен орын алу, 
рухани  кеселдерді  қысқа  мерзімде  емдеу,  адамзатқа 
үлгі болатын жамағатымен таңғажайып қоғам құру 
− арғы-бергі тарихта кездеспеген ұлы ерлік. 
Кезінде  Римде,  Грецияда  және  тағы  басқа  ірілі-
ұсақты  мемлекеттерде  төңкерістер  болған.  Бірақ 
бұлар  адами  құндылықтар  тұрғысынан  әлемге  игілік 
сыйлай алмады. Бұл төңкерістердің көбісі қантөгіспен, 
қызыл  қырғын  арқылы  жүзеге  асты.  Төңкеріс  деп, 
104
 Мүслим, Фәдаилус-сахаба, 210, 211, 212, 214, 215; Әбу Даууд, 
Сүннә 9.


116
Исламдағы бала тәрбиесі
адамның жүрегі мен санасын оятып, қоғамдық әрі ру-
хани өміріне өзгеріс енгізіп, оларды адамдықтың биік 
тұғырына  шығарып,  ізгілікке  жол  ашатын  тарихи 
бетбұрысты  айтамыз.  Күллі  адамзатқа  жіберілген 
Аллаһтың ақырғы елшісі ғана тарихта бір-ақ рет бо-
латын Ұлы төңкерісті жасады. Мұның маңызын кім 
қаншалықты  ұқты  әрі  ұрпағымызға  қаншалықты 
ұғындыра алдық?  
Өткен  ғасырдың  бір  ұлы  тұлғасы  айтқандай, 
Араб түбегіне жүздеген философ жиналып барса да,  
(қазіргі зор мүмкіндіктерге қарамастан) соңғы елшінің 
сахабаларымен бірге атқарған бір жылдағы ісін жүз 
жылда тындыра алмас еді. 
Қарапайым  ғана  мысал,  шылым  шегетін  адамға  
он кісі келіп, шылымның қатерлі ісікке апаратынын ең 
мықты дәлелдермен түсіндірсе де, шылым шегу әдетін 
қойдыра  алмайды.  Ал,  Пайғамбарымыз  маңайындағы 
адамдарды  әбден  қанына  сіңісті  боп  кеткен  жаман 
дағдылардан бірден арылтып, оның орнына жұлдыздай 
жарқыраған адами құндылықтар еккен. 
Жаман әдеттерді пышақ кескендей сап тыятын 
Пайғамбарымыздың сұңғылалығы аузы арақ-шараптан 
құрғамайтындарды  да  тоқтатқан.  «Ішімдікке  ты-
йым  салынды»  деген  үкімді  естіген  сәтте,  олар  ау-
зына  енді  апара  берген  харам  суды  ішпестен  жерге 
төккен. Тәрбиедегі осыншама жетістіктің сыры неде 
деп  ойланған  кім  бар?  Тәрбиешілеріміздің  өзі  мұның 
құпиясын  қалай  түсінеді?  Біздің  міндетіміз  –  Аллаһ 
елшісінің  пайғамбарлық  қасиеттерін  алдымен  өзіміз 
зерделеп, оны басқаларға жете түсіндіріп, оған деген 
сүйіспеншілікті ояту. Осыны іске асыра алсақ, бала-


117
Сәбидің дүниеге келуі
ларымыз  хазірет  Мұхаммедпен  (саллаллаһу  алайһи 
уәсәлләм) тілдеседі, хазірет Мұхаммедті (саллаллаһу 
алайһи уәсәлләм) ойлайды және жүректерімен сезеді. 
Бір хадисінде Аллаһ елшісі былай деген: 
«Сіздерге  берген  нығметтері  үшін  Аллаһты 
жақсы көріңіздер. Жіберген елшісі болғандықтан, мені 
Аллаһ  үшін  жақсы  көріңіздер.  Әхлі  бәйтімді
105
  мені 
жақсы көргендіктен жақсы көріңіздер»
106

Әдісі  табылса,  сүю  әрі  сүйдіру  қиын  іс  болма-
са  керек.  Балаларымызға  қажетсіз  басылымдардың 
орнына  Пайғамбарымыздың  өмірі  жазылған  сияр 
кітаптарын  оқыта  алсақ,  әрі  олардың  қолына  ең 
болмағанда Мұхаммед Юсуф Кандахлауидің «Хаятус-
сахаба» (сахабалар өмірі) секілді үнемі қажетсінетін 
бір  кітап  бере  алсақ,  Аллаһ  елшісін  әрі  сахабаларды 
және  олардың  ұрпағын  таныту  мүмкіндігі  туар  еді. 
Бұлардың әрқайсысы олардың санасында биік тұлғалы 
қаһармандарға  айналып,  соларға  еліктеп,  Хамза 
секілді  ержүрек,  Әли  секілді  айбынды,  Әбу  Бәкірдей 
адал, Фаруқу ағзам (Омар) секілді қара қылды қақ жа-
рар әділ болуға талпынар еді. (Аллаһ оларға мәңгі-бақи 
разы болғай!).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет