Мұғжизаларды түсіндіру
Қиямет күніне дейінгі болатын оқиғаларды көзбен
көргендей бүге-шігесіне дейін баяндап айтып кеткен
Аллаһ елшісін танып-білу әрі балаларымызға таныту
– Пайғамбарымызға деген сенімімізді жаңартудың
нышаны. Осы тұрғыдан алғанда Пайғамбарымыздың
нақты әрі ешқандай түсіндіруді қажет етпейтін
105
Пайғамбарымыздың ең жақын ұрпағы
106
Тирмизи, Мәнақиб, 31.
118
Исламдағы бала тәрбиесі
хабарларының көп екені соншалық, хадис-шәріптерінде
ол өзі дүниеге келген бақыт ғасырынан күні бүгінге
дейінгі аралықта болатын ең маңызды оқиғаларды дәл
атап, алдын ала ескертіп кеткен. Айталық, моңғол
шапқыншылығы, Сирияның қырғынға ұшырауы
107
, Ев-
фрат өзенінің құнының еселеп артуы
108
, Талиқандағы
мұнай қорлары
109
, ақырзаманда азғындықтың кең өріс
алуы
110
секілді көп жайттан нақты хабар берген.
Бұларды көріп-біле тұра, оның айтқандарына сенбеу
мүмкін емес.
Осылардың барлығын рет-ретімен ұрпақ санасы-
на құя алсақ, бала Пайғамбарымыздың ұлылығына бас
иіп, ерекше құрметпен қарайтын болады. Мұндай бала-
ның санасынан ешкім де Аллаһ елшісін өшіре алмайды.
Ешқандай ұстаздан сабақ алмаған, Аллаһтан басқа
ешкімнен ештеңе үйренбеген хазірет Мұхаммедтің
(саллаллаһу алайһи уәсәллам)
бұрынғы әрі болашақтағы барлық
ілімдерді білгенін
111
білуіміз, әрі басқаларға да
жеткізуіміз бұл Пайғамбарымыздың алдындағы адал
борышымыз болып саналады.
Аллаһ елшісінің адамға және бүкіл қоғамға
қатысты жасаған төңкерістері туралы байыпты
еңбек жазылар болса, ол нар көтере алмас жүкке айна-
лар еді. Біз бұл жайында тыбб-ы нәбәуи (пайғамбарлық
медицина), Пайғамбардың ғайыптық хабарлары
және оның басқа да тұлғалық қасиеттері жайын-
107
Бұһари, Жиһад, 95, 96; Әбу Дауыд, Мәлахим, 10; Ибн Мәжа,
Фитән, 36; Мүснәд, 5/40,45.
108
Бұһари, Фитән, 24; Мүслим, Фитән, 30; Әбу Дауыд, Мәлахим,
12, 13.
109
Әли әл-Мұттақи, Кәнзул-Ұммал, 14/591.
110
Тирмизи, Фитән, 39.
111
Қады Ияз, Шифа, 1/354.
119
Сәбидің дүниеге келуі
да жазылғандарды мыңдаған еңбектерге қалдырып,
басқа бір тақырыпқа ойысқанды жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: |