Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет54/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Зая кеткен жастық шақ
Көптен  күткен  қуанышты  күннің  де  хабары  келді.  «Әке 
атандыңыз!  Ұлды  болдыңыз!»  деген  сөзді  естігенде,  қуаныштан 
жүрегі  жарылып  кете  жаздады.  Жұбайын  да,  ұлын  да  көкірегіне 
қысып  құшақтағысы  келді.  Әке  болу  айрықша  бақыт  екен  ғой! 
Дереу  ұлы  үшін  екі  құрбан  шалып,  садақаларын  кедей-кепшікке 
тарқатты. 
Үйіне келгелі бері айналшықтап, баласының қасынан шықпай, 
қайта-қайта  иіскеп  қояды.  Алаңсыз  ұйықтап  жатқан  түрі  қандай 


127
Сәбидің дүниеге келуі
сүйкімді! «Ұлымды нағыз ер азамат етіп өсіремін» дейді көкірегін 
мақтаныш кернеп...
Баласы өскен сайын әкенің де сүйіспеншілігі арта түсті. Тәтті 
қылықтары  күні  бойғы  шаршағанын  да  ұмыттырып  жіберетін. 
Баласын  арқасына  мінгізіп,  ат  болады.  Кейде  атысып  ойнап,  ба-
ласымен  бала  боп  кетеді.  Одан  қалса  екеуі  жерге  жата  қалып 
күреседі. Демалыс күндерінде ұлын саябаққа ертіп апарады. «Бала 
тәрбиелеу  қандай  болатынын  жұрт  көрсін.  Дос-жарандарыма 
таңдай қақтырмасам ба!» – деп ішінен ойлап та қоятын. 
Осы  мақсатпен  бала  тәрбиесіне  қатысты  кітаптар  да  алып 
оқыды.  Кей  кітаптарда  баланы  еш  нәрседен  қыспай,  өз  еркімен 
«жаңа заманның талабына сай өсіру керек» депті. «Жұмыстан бас 
көтере алмайтын кезде бұл әдіс тиімді де екен» деп ойлап қойды 
ішінен.  Содан  мектепке  барған  күннен  бастап  баласынан  қолына 
ұстатқан ақшасын қайда жұмсағанын сұрамады. Қандай кино көрсе 
де тыйым салып, шектеу қоймады. Достары жайлы да ескерту жа-
самады.  «Баланы  өз  еркіне  қоя  бермесең,  ертеңгі  күн  жасқаншақ 
болып өседі. Өзіне деген сенімі жоғалып, кез келген істе өздігінен 
шешім  қабылдай  алмайды.  Ертеңгі  күні  бала  дамымай  қалады  да, 
бастық  болудың  орнына,  өзгенің  барып  кел,  шауып  кел  дейтін 
қолшоқпары болып жүреді. Ер емес, ез болады» деп қорықты. 
Бір күні түсінде баласының халық қалаулысы болғанын көріп, 
одан  сайын  баласының  жағдайын  жасауға  тырысты.  Өзі  дінді 
ұстанып  жүрсе  де,  баласына  әлсіреп  қалады  деп  ораза  ұстатпады. 
Ұйқысы бұзылмасын деп таң намазына да оятпады. Баласы қанша 
мәрте  «мені  мешітке  алып  баршы»  деп  қиылса  да,  өзі  кейінге 
қалдыра  берді.  «Жыл  бойы  гимназияда  қиын  сабақтармен  миы 
ашиды, жаз келгенде рахаттанып дем алсын» деп, жазғы Құран кур-
старына да жібермеді. Баласына материалдық жағдайдың бәрін жа-
сап, білімін жетілдіру үшін арнайы мұғалім де жалдады. Мұнтаздай 
етіп киіндірді. Шәкірттердің алды, мұғалімдердің мақтанышы бол-
сын  деді.  Заманауи  жабдықтармен  қамтамасыз  етіп,  компьютерін 
де алып берді. Баласына жасаған жағдайына іштей мәз болып, ерте 
ме, кеш пе әйтеуір еңбегінің жемісін көретініне сенімді еді. «Бала-


128
Исламдағы бала тәрбиесі
ма берген тәрбием үшін бір күні адамдар маған алғыс айтады» деп, 
болашақ күндеріне үмітпен ой жүгіртетін.
Осылайша  жылдар  зымырап  өте  берді.  Әлгі  кісі  қарттықтың 
белесінің бел ортасына да жетті. Баласы болса университетті бітіріп, 
жұмыс іздеп кетті де бірнеше жыл хабарсыз жатып алды. Қария ұлын 
ойласа,  жүрегі  ауырып  қоя  беретін.  Жүрегі  баласын  жамандыққа 
қимайды. Адам болар деген үмітін алданыш етумен, қарап жүрмей 
көрінген  жұрттан  баласын  сұрастыратын.  Күндердің  күнінде 
әйтеуір ұлынан хабар алды. Іздеп барып, ұлымды көріп, жағдайын 
біліп қайтайын деді. Сөйтсе сағынышын жарты сағатқа сыйдыруы 
керек екен. Бір кезде кезекші қызметкер келіп, кездесу сағатының 
тәмамдалғанын  айтты.  Баласымен  қоштасып,  орнынан  енді  тұра 
бергені сол еді, қызметкер:
−  Сізді  құттықтаймын.  Балаңыз  осы  абақтыда  жазасын 
өтеушілердің  ішіндегі  ең  тәртіптісі,  –  деді  қартты  жұбатып. 
Еңсесі түсіп, ауылына қайтып келе жатқан қарттың құлағынан әлгі 
қызметкердің сөздері жаңғырық боп кетпей тұрып алды...
Балаға дұрыс тәрбие бере алмаудың ақыретте сұрағы бар екені 
естен шығармау керек. Бұл бізге мына оқиғаны еске салғандай. 
Ақыретке  дейін  келіп  кетер  үмбеті  үшін  уайым  жеген 
мейірімді Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 бір күні сахабала-
рына былай деген еді: 
«Ақыр  заман  жақындағанда  әкелердің  кесірінен  балалары 
өкінішке ұрынады». 
Сахабалар таңырқап: «Әкелері мүшрік болғандықтан ба?», 
–  деп  сұрағанда,  «Жоқ,  мұсылман  әкелер  балаларын  өкінішке 
ұрындырады», – деген жауап естіді. 
Сахабалар  одан  әрі  таңырқап:  «Бұл  қалай  болмақ,  уа, 
Расулаллаһ?», – дейді. Сонда Аллаһ елшісі: «Әкелер балаларына 
діннің негіздерін үйретпейді. Мен ондай әкелерден ұзақпын. Олар 
менен ұзақ», – деп жауап қатқан еді. 
 


129
Сәбидің дүниеге келуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет