Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


III-ТАРАУ ТӘРБИЕ ТАРМАҚТАРЫ



Pdf көрінісі
бет56/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101
III-ТАРАУ
ТӘРБИЕ ТАРМАҚТАРЫ
БАлАғА Деген сүйіспеншіліК
Бала  тәрбиесіндегі  өте  маңызды  жайттардың 
бірі  –  балаға  деген  сүйіспеншілік.  Сондықтан  бұны 
сәбилік  кезеңге  қатысты  тақырыптардың  ішінде 
қарастыруды  жөн  санап  отырмыз.  Себебі,  ата-анасы 
мен  жақындарының  сүйіспеншілігіне  бөленіп  өскен 
бала қырдың гүліндей жайқалып өседі. Сүйіспеншілік 
–  баланың  өсіп-жетілуінде  рухани  азық.  Баланың 
физиологиялық  және  психологиялық  дамуында  ол 
күннің шуағы іспеттес. Баланың бойында психология-
лық ауытқулардың пайда болуына, сүйіспеншілік пен 
мейірімнен  мақұрым  өсуі,  қатыгездік  пен  қаталдыққа 
ұшырауы себеп болады. Сүйіспеншілік пен мейірімнің 
аясында  тәрбиеленген  балада  төзімділікпен  қатар 
жігерлі ой-сана қалыптасады. Ал сәби шағынан дөрекілік 
көріп  өскен  бала  болашақта  жүйке  жүйесінің  аурула-
рына  да  ұшырауы  мүмкін.  Сүйіспеншілікке  бөлен-
беген бала томаға-тұйықтанып, айналасындағылармен 
араласа  алмай,  оқшаулана  береді.  Демек,  бала  таза 
ауаға  қаншалықты  мұқтаж  болса,  сүйіспеншілікке  де 
соншалықты зәру. 
Психологтардың айтуынша, отбасында жеткілікті 
дәрежеде  сүйіспеншілік  пен  мейірім  көрмей  өскен 


132
Исламдағы бала тәрбиесі
баланың  әртүрлі  сөйлеу  кемістіктеріне  ұшырауы 
мүмкін.  Тіпті  гомосексуалдық,  төсегіне  жіберіп 
қою,  ата-анаға  қарсы  шығу  секілді  түрлі  рухани 
әрі  тәндік  кеселдердің  де  түп-төркіні  осында  жа-
тыр.  Айналасындағылардың,  әсіресе  ата-анасының 
сүйіспеншілігіне бөленбеген баланың көбінесе өз-өзіне 
сенімсіз,  үлкен  кісілерге  дұшпан,  қырсық,  өтірікші, 
қыңыр, төбелесқұмар, сабаққа ынтасыз, ұрлық сияқты 
нашар қылықтарға бейім келетіні дәлелденген. 
Ислам  дінінде  Пайғамбарымыздың  балаларға 
мейірім  құшағын  ашуды  үгіттеген  көптеген  ұлағатты 
өсиеттері бар. Мысалы, ол рақымдылық жайында бы-
лай  дейді:  «Мейірімділік  танытқандарды  Рахман  да 
мейіріміне  бөлейді.  Жер  бетіндегілерге  мейірімділік 
танытыңдар,  көктегілер  де  сендерге  мейірімділік 
танытсын»
123
;  «Кішілерімізге  мейірімділік  таныт-
паған бізден емес»
124

Үмбетін  тәрбиелеуде  мейірімділікті  арқау  ет-
кен  Аллаһ  елшісінің 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  балаларға  де-
ген  сүйіспеншілігі  ерекше  еді.  Хазірет  Әнәс  былай 
дейді:  «Бала-шағасына  Пайғамбарымыздан  артық 
мейірімді  жанды  көрмедім».  Адамзаттың  ардақ  тұтар 
тұлғасы бір хадисінде былай дейді: «Балаларыңды көп 
сүйіңдер. Себебі, сүйген сайын жаннатта бір дәреже 
беріледі.  Әрбір  дәреженің  ара  қашықтығы  бес  жүз 
жыл.  Періштелер  әр  сүйгендеріңді  санап,  жазып 
отырады»
125
.
123
 Әбу Даууд, Әдаб 66. (4/285).
124
 Мүстәдрақ 1/82. Әбу Даууд, Әдаб 66.
125
 Мүснаду Зәйд ибн Али 505.


133
Тәрбие тармақтары
Бір күні Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 немересі 
Хасанды сүйіп жатқанда қасына келген Ақра ибн Хабис: 
«Менің он балам бар, ешқайсысын сүйген емеспін» − 
дейді. Сонда Пайғамбарымыз: «Мейірім танытпағанға 
мейірімділік көрсетілмейді»
126
,− деп жауап қатады. 
Пайғамбарымыз балаларды райхан гүліне, ал иісін 
жаннаттың иісіне теңеген. Немерелерін жиі-жиі қасына 
шақырып, бауырына басып, мейірлене иіскейтін. Тіпті 
кейде оларды құшақтап, сүйгеннен кейін: «Иә, Аллаһ 
тағалам,  бұларды  мен  жақсы  көремін,  Сен  де  жақсы 
көр!» деп дұға ететін. Бөлмесіне ешкім кірмесін деген 
уақыттарда  да  немерелері  кірсе,  қарсылық  танытпай-
тын.  Тіпті  мешітте  жамағатпен  намаз  оқып  жатқанда 
немерелері келіп үстіне шығып ойнайтын. Әбу Қатадә 
былай  дейді:  «Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  бір 
күні  немересі  Умамәні  иығына  отырғызған  күйде 
мешітке  келді.  Жамағатқа  намаз  оқытты.  Рұқуғқа 
иілгенде қызды жерге түсіретін, сәждеден тұрған кезде 
қайтадан  алатын»
127
.  Ханәфи  мәзхабының  ғалымдары 
осы хадистен үкім шығарып, намаз оқып тұрған кезде 
осы секілді мәжбүрлік жағдайда артық қимыл жасауға 
болатынын айтады. 
Бір  күні  Пайғамбарымыз  немерелері  Хасан  мен 
Хұсейінді арқалаған күйде мешітке кіреді. Жамағатқа 
намаз оқыту үшін орнына барып тұрады да балаларды 
оң жағына отырғызады. Аллаһ расулы сәждеге барған 
кезде сәждені ұзақ жасайды. Намаз біткен соң халық: 
«Уа,  Расулаллаһ,  намазда  сәждені  көбірек  создыңыз. 
Мұндай  сәждені  бұрын-соңды  көрмеген  едік.  Бұл 
126
 Әбу Даууд, Әдаб 156. (4/355).
127
 Бұһари, Әдаб, 18 (8/8).


134


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет