Қайта тірілуді түсіндіру (хашір)
Тәрбиеде ілгеріге бағытталған тағы бір қадам
ретінде балаға о дүниеде қайта тірілетіндігімізді
түсіндірген жөн. Бұл дүниеден кейін басқа бір дүниенің
бар екендігін, бастауы бар құбылыстың соңы бола-
тынын, бұл әлемнен кейін ақыреттің келетінін бала
білуі керек. Ғалам жаратылысының астарындағы
ілім, хикмет пен мақсат күллі әлемді Аллаһтың бір
жүйеге келтіріп жаратқанын әрі Аллаһтың басқарып
тұрғанын көрсетуде. Уақытты көрсетіп, айшықтаған
да Өзі. Құран Кәрім бұл мәселеге назар аударта оты-
рып, «Жер бетін аралаңдар, Аллаһтың жаратуды
қалай бастағанын көріңдер»
114
деп бұйырған.
114
«Анкабут», 29/20
123
Сәбидің дүниеге келуі
Бұл аяттың мәнісі – біз жер-жаһан арқылы бүкіл
жаратылыстың сырын зерделеуіміз, жүлге-жүлге
боп бір жүйеге бағынған осы ғаламның бір тармағы
болып табылатын жер бетінде жаратылыстың
қалай басталғанына, бұл ғаламның жоқтан қалай
бар болғанына, тіршілік иелерінің жұп-жұбымен
қалай жаратылғанына, адам баласының қалай пайда
болғанына т.б. қарап көңілге зер боп тоқылған, күй боп
төгілген Жаратқанның таңғажайып туындысын та-
машалауымыз керек.
Аллаһ ғаламды қалайша жоқтан бар етсе, кейінгі
өмірді де солай жаратады. Осы керемет жүйені
түзеп жаратушы оны қайта құра алмай ма? Жер
шарын осыншама әсем жаратқан Жаратушы оны
жойып жіберіп, басқасын жарата алмай ма? Мына
әлемді «осы дүние» деп, екінші өмірді «ақырет» деп
атай алмай ма? Сізді басқа бір әлемнен әкеліп осында
тұрақтатқан Құдірет сізді келесі әлемге орнықтыра
алмай ма? Терең пәлсапалық ойларға жетелесе де
балалардың толық жетіле қоймаған санасы үшін осы
да жеткілікті болар деп ойлаймын. Зеңгір көк пен
қара жердің өзіндік ғажайып жаратылысы, теңіздегі
балықтардың жүзуі, аспандағы құстардың ұшуы,
ғаламдағы орасан зор жүйелердің тамаша үйлесімдігі
ғибратпен ой жүгірткендер үшін еш нәрсенің мақ-
сатсыз яки жүйесіз жаратылмағанын ұқтырады. Бұл
жүйенің қаншалықты мінсіз екенін ұғу үшін асқан білімді
болу мақсат емес. Міне, Құран осылардың барлығына
назарымызды аудара келіп, күллі жаратылыстың
ішінде орны бөлек, жеке-дара маңызға ие адамның
жаратылысына былайша тоқталған:
124
Исламдағы бала тәрбиесі
«Көктерді, жерді және бұлардың арасындағы-
ларды алты күнде (дәуірде) жаратқан, кейіннен Арш-
ты меңгерген – Аллаһ. Одан басқа ешқандай дос та,
ешқандай шапағатшы да жоқ. Ойланып, насихат
алмайсыңдар ма?»
115
.
«Аллаһ не жаратса да көркем, берік етіп жарат-
ты, кейіннен адамды балшықтан жаратты»
116
.
Құранда айтылған «Осынау таңғажайып әлемді
Аллаһ жаратып жүйеге келтірді. Бұларды жоқ
қылған соң басқа әлемді жарата алады» деген сөздерге
сенбесеңіз, қисынсыз уәж айтқан боласыз. Меніңше,
басы ашық бұл шындыққа ешкім қарсы дау айтпасы
анық.
Құран Кәрім басқа бір тұста қайта тірілуді
мойындамағандарға: «Былай де: оларды алғашында кім
жаратса, сол тірілтеді. Әрі Ол жаратудың барлық
түрін біледі»
117
дейді.
Басқа бір аятта «Аллаһ рақымының нәтижелеріне
қара, міне өлі жерге қалай жан бітіреді?! Бұларды
жасаған кім болса, өлілерді тірілтетін де Сол. Оның
барлық нәрсеге құдіреті жетеді»
118
делінген.
Құран Кәрімнің қарапайым бұл тәсілі ақиқатты
балаға да, жасына, кәрісіне де соқырға таяқ
ұстатқандай түсіндіріп береді.
Періштелер мен тағдыр жайындағы мәселелер де
жіті мән беріп, көбірек тоқталуды қажет етеді. Не
нәрсенің де жасаларда бір мақсатқа көзделетіндігі,
115
«Сәжде», 32/4
116
«Сәжде» 32/7
117
«Ясин», 36/79
118
«Рум», 30/50 «Рум», 30/50
125
Сәбидің дүниеге келуі
сондай-ақ ғалам мен адам жаратылысының да өзіндік
мақсаты бар екендігі, міндетті түрде керекті әдіс-
тәсілдерге сүйене отырып жастарға түсіндірілуі
тиіс. (ол Жаратушының шексіз ілімімен жазылған
«тағдыр» мәселесі).
Исламның шарттары мен парыздарын түсіндіріп,
балаға тура жол көрсетіп, сөзімізбен әрі ісімізбен
«Аллаһ тағалам! Бізді тура жолға сала гөр!»
119
де-
ген боламыз. Бұл, бір жағынан, дұға болғандықтан
Хақ тағаланың рақымымен баламыздың тәрбиесіне
жұмсаған күшіміз зая кетпейді. Намаз, ораза,
қажылық, зекет секілді Исламның бес парызы жеке-
жеке түсіндірілуі тиіс. Әр мәселеде баланы дінге
бағыттап, рухани әлсіреуіне жол бермеуіміз керек.
Мәселен, Аллаһқа серік қосудың дұрыс еместігін,
зинаның жаман іс екенін жан-жақты түсіндіріп одан
жирендіру керек.
Кісі өлтірудің, ұрлық жасаудың, өзгенің ала жібін
аттаудың, өтірік айтудың зияндарын жиі айтып оны
жаман әдеттерге жуымайтын етіп тәрбиелегеніміз
дұрыс.
Бұдан бөлек, орынсыз қылық жасағанын байқаған
сәтте сөзбен де, іспен де ескерту керек. Бала бүлдіршін
кезінен бастап пәк ортада өссе, Құдай қаласа, кейіннен
кездескен келеңсіз жағдаяттар оның бұл тазалығына
қылау жұқтыра алмайды, әрі жан дүниесін, сезімін
солдырмайды. Ол үнемі сергек, үнемі ыждағат,
құлшыныспен, ғашықтықпен Аллаһқа құл екендігін
мойындап, Исламға деген құрметінен таймайды
120
.
119
«Фатиһа», 1/5
120
Чекирдектен чынара. Нил йайынлары. 2002. Б. 141-135.
126
Исламдағы бала тәрбиесі
Әңгіме!
Достарыңызбен бөлісу: |