Дайындаған: Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің психологы: Смагулова А. С. 2015-2016 оқу жылы «Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» Н


Мұғалімдер мен ата-аналарға арналған дарындылық диогностикасының әдістемесі



бет11/24
Дата19.09.2023
өлшемі78,43 Kb.
#108605
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Мұғалімдер мен ата-аналарға арналған дарындылық диогностикасының әдістемесі.
Оқушыға нұсқау:
Жауап парағының жоғарғы жағына өз аты-жөніңді жаз. Жауаптарыңды ұяшықтарға, мысалы 1- сұрақтың жауабын 1- ретті ұяшыққа, екіншісін екіншіге және т.б.түсіріңдер. Егер сұрақ мазмұны сізге ұнамаса «-», ұнаса «+», егер өте ұнаса «++» белгілерін қойыңыздар.
Ата-аналарға нұсқау:
Сізге баланың қабілеттерін дамытуда нақты кеңестер мен ұсыныстар айту үшін біз алдымен баланың бейімділігі туралы мағлұматтардан хабардар болуымыз керек. Сізге 35 сұрақ беріліп отыр, ойланып отырып, балаңыздың мүмкіндігін асырып немесе кемітпей жауап беруге тырысыңыз. Жауабыңыз шындыққа жанасуы үшін балаңызды өз құрбыларымен салыстыра отырып жауап беріңіз.
Жауап парағына аты - жөніңізді жазыңыз. Жауаптарыңызды ретіне қарай ұяшықтарға түсіріп отырыңыз. Егер сұрақ мазмұны сізге ұнамаса «-», ұнаса «+», егер өте ұнаса «++» белгілерін қойыңыз. Егер қандай да бір себептермен жауап беруге қиналсаңыз, сол жауап ұяшығын бос қалдырыңыз.
Ата-анамен оқушы бірлесе отарып жұмыс жасайды.
Сұрақ парағы
Әрбір сұрақ « сізге ұнайды ма? » сөздерімен аяқталады.
1) логикалық және ойлануға арналған тапсырмаларды шешу;
2) өз бетіңізбен ертегі, әңгіме, повесттерді оқу;
3) ән айтып, әуендету;
4) дене шынықтырумен шұғылдану;
5) басқа балалармен бірге ұжымдық – топтық ойындар ойнау;
6) табиғат туралы әңгімелер оқу
7) ас бөлмесінде жұмыс істеу
8) техникалық нобайлағышпен ойнау
9) тілді меңгеру, ана тілі сөздеріне қызығу мен қолдану
10) өз бетімен сурет салу
11) спорт, қозғалыс ойындарын ойнау
12) балалар ойынын басқару
13) орманға, ен далаға шығу, өсімдік, жануар, жәндіктерді бақылау
14) дүкенге тағамдар сатып алуға бару
15) техника, машина, ғарыш кемелері және т.б.туралы оқу
16) жасырынған сөздерді табу ойындарын ойнау
17) өз бетіңмен оқиға, ертегі, әңгіме құрастыру
18) күн тәртібін сақтап, таңертеңгі жаттығу жасау
19) бөгде адамдармен әңгімелесу
20) үй аквариумын, құстар, жануарлар ұстау
21) өзіңнен кейін кітап, дәптер ,ойыншықтар және т.б.жинастыру
22) ұшақ, кеме және т.б. суреттерін салу және жобалау
23) тарихпен танысу
24) үлкендердің нұсқауынсыз өз бетіңмен бейнелеу өнерінің түрлерімен айналысу
25) спорт туралы кітаптар оқу, спорт хабарларын қарау
26) балалар немесе үлкендерге бір нәрсе туралы түсіндіру
27) үй өсімдіктеріне қарау
28) үлкендерге үй жинауда көмектесу
29) өз бетімен санау, мектепте математикамен айналысу
30) қоғамдық құбылыстар мен халықаралық жаңалықтармен танысу
31) көрініс құруға қатысу
32) секциялар мен үйірмелерде спортпен шұғылдану
33) өзге адамдарға көмектесу
34) бақшада жұмыс істеу, өсімдіктер өсіру
35) өз бетіңмен тігу, кесте тігу, жуу немесе көмектесу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет