Дайындаған: Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің психологы: Смагулова А. С. 2015-2016 оқу жылы «Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» Н



бет6/24
Дата19.09.2023
өлшемі78,43 Kb.
#108605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Ақпаратты қабылдау
Эксперименттатор сөздерді тез оқиды, оқушылар бұл сөздерді тез айырып, қажетті қатардың астына жазуы қажет. 2 рет оқиды. 1 минут беріледі. Кестеде 5 қатар бар:
1)Аңдар
2)Құстар
3)Ағаштар
4)Гүлдер
5)Ыдыстар
32 сөз оқылады:
Аю, Терек, Раушан, Қарға, Түлкі, Шағала, Кесе, Қасқар, Қасық, Роза, Қарағай,
Тарелка, Емен, Зорман, Маймыл, Қайың, Үйрек, Сирен, Қаз, Шырша, Жолбарыс, Ожау, Арыстан, Қарлығаш, Қоян, аққу, Бүркіт, Күркетауық, Тауық, Қалақ, Жираф, Стакан.
Оқушылардың жазып үлгерген сөздерін санайды. Егер жазылған сөздердің саны 32 болса - ақпарат қабылдауы өте жақсы, 31- 29 орташа. 28 төмен болса қабылдай алмайды деген сөз
Джонс креативтілігі сұрақнамасы
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу
Жалпы сипаттамасы:
Креативтілік сұрақнамасы (КС) өзін шығармашылықпен көрсетуге байланысты элементтерге көңіл бөледі. КС - бұл сыртқы бақылауға қолайлы кретивтіліктің байқалуын теңестіру үшін арнайы өңделген сегіз пунктілі шығармашылықпен ойлау мен іс-әрекет жасау сипаттамаларының шынайы тізімі. Сұрақнаманы толықтыруға 5 - 10 минут уақыт бөлінеді.
КС бойынша маман кретивтілікті бағалау үшін бізді қызықтырған тұлғаның қандай да бір ортадағы әлеуметтік әсерлесуін бақылауды. Сұрақнаманың әрбір тұжырымы бес деңгейлі шкала бойынша бағалады.
Креативтіліктің жалпы бағасы - сегіз пункті бойынша ұпайлар санының жиынтығы болып табылады. (ең төменгі 8 ұпай,ең жоғарғысы 40ұпай) Кестеде ұпай санының кретивтілік деңгейіне сәйкестілігі көрсетілген.
Сұрақнама мәтіні
Шығармашыл тұлға мүмкіндігі:
1. Қоршаған ортаның нәзік, белгісіз, күрделі ерекшеліктерін сезіну
2. Нақты жағдайда көптеген түрлі ойларды ұсыну және айта білу
3. Түрлі сипат пен деңгейдегі ойларды ұсыну
4. Қосымша детальдар, ойлар, баламалар мен шешімдер ұсыну
5. Елестете алу ,әзілқойлық,мүмкіндіктерді тұжырымдап,дамыту
6. Мәселені шешуе тосын, жаңа мінез-құлық таныту
7. Басқа келген қарапайым, көпшілікке белгілі ойлардан бас тартып, түрлі ойлар қарастырып, ұтымдысын таңдай білу
8. Туындаған қиындықтарға қарамастан өз шешіміне деген сенімін жоғалтпау, мәселені шешуде септігін тигізер қалыптан тыс ой мен бағыты үшін жауапкершілікті сезіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет