Дайындаған: Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің психологы: Смагулова А. С. 2015-2016 оқу жылы «Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» Н



бет15/24
Дата19.09.2023
өлшемі78,43 Kb.
#108605
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
Ерте жастан дарындылықты анықтаудың әдіс тәсілдері

Шығармашылық сипаттамалар:
1) танып - білуге құмар, сұрақтарды көп қояды.
2) танымдық ойындарға, қиялдарға беріледі.
3) жиі ерекше жауап беруге бейім, оқиғаларды асыара сілтеп әңгімелейді.
4) өзгелерге жаңалықтар туралы қызбалана әңгімелеуге бейім.
5) әзілкеш, көп жағдайда өзгелерге күлкілі емес нәрседен күлкілі нәрсе көреді, сөз жарастыру ойындарынын үлкен қанағар алады.
6) сын тұрғысынан зерттелмейінше « ресми шешімдерді » шындық деп қабылдамайды, себеп - салдарын талап ете алады.
7) қалыпты рет бұзылса да, алаңдаушылық білдірмейді.
Көшбасшылық сипаттамалары:
1) жауапкершілікті өз мойына алады.
2) сыныптастары жақсы көреді.
3) бірінше қызмет түрі бойынша көш бастайды.
Оқушы дарындылығын анықтау әдістері
1.Қарапайым арифметикалық тапсырмаларды шешуге арналған әдістемелер жинағы.
Мақсаты: Баланың қарапайым математикалық есептеулерге қызығушылығын және математикалық білімі мен дағдыларының деңгейін анықтау.
Өткізілуі. Балаларға берілген тапсырма бойынша, белгіленген уақытта, бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Тапсырма бір рет оқылады және оны мұқият тыңдау керек.
I-нұсқа
Тапсырма 1. Ыдыста 10 кесе салқындатылған айран бар. Балалар оның 3 кесесін ішті.
Сұрақтар:
1. Балалар қанша кесе айран ішті? (10 секунд)
2. Ыдыста қанша кесе айран қалды?(10секунд)
3. Ыдыста қанша кесе айран болды?(10секунд)
4. Ыдыстағы айран қандай болды?(10секунд)
Тапсырма 2. Құрылыс алаңына бір машина 5 қап ұнтақталған топырақ, ал екіншісі одан 2 қап кем, үшіншісі 2-нен 1 қап артық әкелді.
Сұрақтар:
1. Екінші машина неше қап топырақ әкелді? (10 секунд)
2.Үшінші машина екінші машинадан неше қапты артық әкелді? (10 секунд)
3.Бірінші машина екінші және үшінші машинадан неше қапты артық әкелді? (10 секунд)
4.Қаптағы топырақ қандай болды? (10 секунд)
Тапсырма 3. Жиһаздар сатылатын дүкенде 9 сандық болды. 4 сандық сатылды.
Сұрақтар:
1.Қанша сандық сатылуға қалды? (10 секунд)
2.Қанша сандықты сатып алуға болады? (10 секунд)
3.Сандық қайда болды? (10 секунд)
4.Дүкенде қалған сандықты, сатылған сандықтарға қоссақ, нешеу болады? (10 секунд)
Тапсырма 4. Қорада тұрған 11 жылқыға 4 жылқы қосылды. Келесі күні оның 5-уі сатылды.
Сұрақтар:
1.Қорада жиыны неше жылқы болды? (10 секунд)
2.5 жылқы сатылған соң, қорада нешеуі қалды? (10 секунд)
3.Қорада қалған 10 жылқыға, сатылған 5 жылқыны қосса, нешеу болады? (10 секунд)
4.Қосылған 4 жылқы мен сатылған 5 жылқыны алсақ, қорада неше жылқы қалады? (10 секунд)
Тапсырма 5. кезекші бала ас ішетін үстелге 5 шұңғыл және 4 кіші тәрелкені әкеліп қойды.
Сұрақтар:
1.Үстелде жиыны неше тәрелке болды? (10 секунд)
2. кезекші бала қай тәрелкені артық әкелді? (10 секунд)
3.Қойылған тәрелкелер саны бойынша неше адам тамақтана алады? (10 секунд)
4.Кезекші бала тәрелкелерді қандай үстелге қойды? (10 секунд)
Тапсырма 6. Қорапта 15 түрлі-түсті қарындаш болды, оның 6-уы ұшталды.
Сұрақтар:
1.Қанша қарындаш ұштауға қалды? (10 секунд)
2.Қалған қарындаштың барлығын ұштаса, жиыны неше қарындаш болады? (10 секунд)
3.Қарындаштар қайда болды? (10 секунд)
4.Қарындаштар қандай болды? (10 секунд)
Нәтижені талдау
Уақытында берілген дұрыс жауапқа-3 ұпай
Уақытында берілмеген дұрыс жауапқа-1,5 ұпай
Уақытында қате берілген жауапқа-0 ұпай
Баланың қабілеті, ол жинаған ұпайдың жалпы санымен анықталады.
12 ұпай-баланың қабілеті өте жоғары
10-11 ұпай-жоғары
6-9 ұпай-орташа
3-5 ұпай-төмен
0-2 ұпай-өте төмен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет