Есептер құруға тапсырма 1. Үлкен қорапта 15 қарындаш, ал екінші қорапта 10 қарындаш болды. Екі қорапта жиыны қанша болды?
а) Екі қорапта жиыны 25 қарындаш болды: егер кіші қорапта қарындаш болса, үлкен қорапта неше қарындаш болады?
в) Екі қорапта жиыны 25 қарындаш болды: 15 қарындаш кіші қорапта болды, ал қалғандары үлкен қорапта болды. Сонда үлкен қорапта неше қарындаш болды?
2. Үлкен қайыққа 11 бала, ал екінші қайыққа-4 бала отырды. Екі қайыққа қанша бала отырды?
а) Екі қайыққа 15 бала отырды: үлкен қайыққа-11 бала, ал қалғандары кіші қайыққа отырды. Сонда кіші қайыққа қанша бала отырды?
в) Екі қайыққа 15 бала отырды: бірнеше бала-үлкен қайыққа отырды, ал 4 бала-кіші қайыққа отырды. Сонда үлкен қайыққа қанша бала отырды?
3. Балалар 20 жалауша жасады. Оның 7- уі қызыл, ал қалғаны-көк.
4. Жиыны 10 қой болған. Күзде 2-уі сатылды. Қыста қалған қойдан 5 қозы туды. Қойдың саны қаншаға өсті?
Нәтижені талдау Уақытында берілген дұрыс жауапқа-3 ұпай
Уақытында берілмеген дұрыс жауапқа-1,5 ұпай
Уақытында қате берілген жауапқа-0 ұпай
Баланың қабілеті, ол жинаған ұпайдың жалпы санымен анықталады.
12 ұпай – баланың қабілеті өте жоғары
10-11 ұпай-жоғары
6-9 ұпай-орташа
3-5 ұпай-төмен
0-2 ұпай-өте төмен
Зерттеу хаттамасы Оқушының аты-жөні________________________ Жасы _________
Сынып_________ Жынысы_______ Күні___________
№
Тапсырма
Уақыты
Ұпай
Нәтижесі
1
2
3
4
Баланың тапқырлығын анықтауға арналған тапсырмалар
1. Бөлмеде 4 бұрыш бар. Әр бұрышта мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы-3 мысық отыр. Сонда бөлмеде қанша мысық отыр?
2. Қандай ыдыстан тамақты жеуге болмайды?
3. Бос кесенің ішінде қанша құрт болады?
4. Шелекке салынған қар бөлмеге сағат 5-те әкелінеді. Сағат 6-да қар еріп, суға айналды. Қар қанша уақытта еріді?
5. Бала сағат 10-да ұйқыдан тұрды. Егер ол 2 сағат ұйықтаса, нешеде ұйқыға жатқан?
6. Бауыры 10 жаста, ал ағасы 13 жаста. Бауыры 12-ге толғанда, ағасы қанша жаста болады?
7. Балалар аулада қардан аққала жасады. Серуеннен кейін 18 қолғап кептірілді. Сонда аққаланы қанша бала жасады?
8. Қарындаш 3 бөлікке кесілді. Сонда неше кесінді жасалды?
9. Көлікте 21 жолаушы келе жатты. Аялдамада 5 жолаушыдан басқасының барлығы түсті. Сонда көлікте қанша жолаушы қалды?
10. Үш қоян келе жатыр. Біреуі-екеуінің алдында, тағы біреуі-екеуінің ортасында, ал тағы біреуі-екеуінің артында. Қояндар қалай жүріп келеді?