Зерттеухаттамасы Оқушының аты-жөні________________________ Жасы _________
Сынып_________ Жынысы_______ Күні___________
№
Тапсырма
Уақыты
Ұпай
Нәтиже
1
2
3
4
5
6
Өткізу барысы. Екінші нұсқа бойынша балаға, белгіленген уақытта тапсырмаға өздігінен сұрақтар қарастыру ұсынылады. Оқылған тапсырманы балаға мұқият тыңдау керектігі ескертіледі. Сұрақтар саны 3-тен кем болмауы керек. Әр сұраққа ойлануға 20 секунд уақыт беріледі.
II-нұсқа Тапсырма 1. Ыдыста 5 алма және 2 алмұрт болды. Адина ыдыстан 1 алманы алды.
Тапсырма 2. Көлікте 11 ересек адам және 3 бала келе жатты.
Тапсырма3. Көлік тұрағында 7 машина тұрды. Оған тағыда 5 машина қосылды.
Тапсырма 4. Дүкенде 6 қызыл, 4 көк түсті шана болды. 2 қызыл және 1 көк түсті шана сатылды.
Тапсырма 5. Анасы баласына бірінші күні 5 ұзын жол дәптер, ал екінші күні 6 қисық жол дәптер сатып әкелді.
Тапсырма 6. Әжесі 3 көйлек тікті, оның 1-ін баласына, 2-ін немересіне сыйлады.
Нәтижені талдау Тапсырманың нәтижесін талдау I-нұсқаның үлгісімен жүрізіледі.
Ондық және бірлікті анықтауға арналған әдістемелер
Әдістеме 1.
Өткізілу барысы. Балаға белгіленген уақытта келесі сандарды жазу ұсынылады: 5 бірлік және ондық (25), 7 бірлік және 4 ондық (47), 3 ондық және 5 бірлік (35), 2 ондық және 0 бірлік (20) және т.б.
Әдістеме 2.
Өткізілу барысы. Бұл нұсқада бала, берілген уақытта санның құрамындағы ондық және бірліктің санын айтуы керек. Мәселен,24 саны беріледі, онда 2 ондық және 4 бірлік бар.
Әдістеме 3.
Өткізілу барысы. Бұл нұсқада балаға белгіленген уақытта аталған санды кемітуге немесе арттыруға тапсырма беріледі. Мәселен, жүргізуші 35 санын 3 санға арттыруды 38 немесе санға кемітуді 32 ұсынады. Бала сұраққа жауап берген соң, оның құрамындағы ондық және бірліктің санын атауы керек 3 ондық және 8 бірлік немесе 3 ондық және 2 бірлік. Берілген уақыт-5 секунд.
Нәтижені талдау Уақытында берілген дұрыс жауапқа-3 ұпай
Уақытында берілмеген дұрыс жауапқа -1,5 ұпай
Уақытында қате берілген жауапқа-0 ұпай
Баланың қабілеті, ол жинаған ұпайдың жалпы санымен анықталады.
12 ұпай- баланың қабілеті өте жоғары
10-11 ұпай-жоғары
6-9 ұпай-орташа
3-5 ұпай –төмен
0-2 ұпай-өте төмен