Әдістеме «Құрастыру» Мақсаты: Бала бойындағы жақсы техникалық дағдылар мен іскерліктерді және құрылыс материалдарын тиімді пайдалана білу іскерлігі мен дағдысын анықтау.
Өткізілу барысы. Балаға «Біздің көпір» тақырыбы бойынша, әр түрлі материалдардарды пайдалана отырып, көпір құрастыру ұсынылады.
Нәтижені талдау Баланың жұмысын, біріншіден, құрастырушылық-техникалық әрекеті бойынша, екіншіден, кеңістікті бағдарлай білуі бойынша, үшіншіден, көпірдің құрылымын дұрыс бере білуі бойынша, төртіншіден, материалдарды тиімді пайдалана білуі бойынша талдау керек.
Әдістеме «Заттарды бейнелеу» Мақсаты: Балалардың әр түрлі заттардың анық, айқын бейнесін жасау үстіндегі шығармашылық қабілетін анықтау.
Өткізілу барысы. Бір-екі минут өзінді киім үлгісін жасаушының орнына қойып, өз қалауын бойынша, оны қағаз бетіне түсір:
-жалмауыз кейіпкердің көйлегі
-байдың шапаны
-тазша баланың көйлегі
-уәзірдің бешпеті мен шалбары
-батырдың киімі және т.б.
Нәтижені талдау Суретті біріншіден, заттың түсін кейіпкердің мінезіне лайық етіп бере білуі бойынша, үшіншіден, сурет салу үстінде қарындашпен, бояумен, басқа материалдармен жұмыс істеу дағдылары бойынша талдау керек.
Зерттеу хаттамасы Оқушының аты-жөні_________________ Жасы_________
Сынып____________ Жынысы______ Күні______________
№
Тапсырма
Уақыты
Ұпай
Нәтиже
1
2
3
4
5
6
7
Баланың түс туралы түсінігін анықтау Әдістеме «Ғажайып бояулар» Мақсаты: Балалардың түс реңктері туралы түсінігін анықтау.
Қажетті құралдар: сәбіз, апельсин, қағаз, қылқалам, түрлі-түсті бояулар, су құйылған ыдыс, палитра.
Өткізілу барысы. Жүргізуші балаларға: «Сәбіз және апельсиннің суретін салатындарын айтады. Сәбіздің түсі қандай? Ал апельсиндікі ше олардың арасында айырмашылық бар ма? Сәбіз қызғылттау, ал апельсин одан ашықтау сарғыш».
Тапсырма. Қызғылт-сары түсті және қызғылт-сары түстің әр түрлі реңктерін алу керек. Сәбіз және апельсиннің суретін салу.
Нәтижені талдау Талдау критерийлері: 1. Түстерді араластыру арқылы
2. Палитраны пайдалана білуі
3. Сәбіз және апельсиннің суретін салу тәсілдері
4. Әр түрлі түс реңктерін алу тәсілі
Әдістеме «Біздің ыдыстарымыз» Мақсаты: Балалардың спектрдегі жылы және суық түстер туралы түсінігін анықтау.
Қажетті құралдар: кемпірқосақтың жеті түсі. Көк және қызыл түсті қағазға 1 ақ шәйнек және 3 кеседен жапсырылған. Кесілген әр түрлі түстегі гүлдер, жапырақшалар, қиықшалар, желім, қылқалам.
Өткізілу барысы. Жүргізуші балалардың жылы және суық түстерді атап шығуды сұрайды.
Тапсырма. Көк түсті қағаздакғы чайнек пен кеселерді суық түсті өрнкетермен, ал қызыл түсті қағаздағы чайнек пен кеселерді жылы түсті өрнектермен әшекейлеу керек.
Нәтижені талдау. Талдау критерийлері: 1. Жылы және салқын түстерді ажырата білуі
2. Тиісті өрнектерді таңдай білуі
Зерттеу хаттамасы Оқушының аты-жөні_________________________ Жасы_________
Сынып____________ Жынысы______ Күні______________