Дайындаған: Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің психологы: Смагулова А. С. 2015-2016 оқу жылы «Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» Н



бет22/24
Дата19.09.2023
өлшемі78,43 Kb.
#108605
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Ерте жастан дарындылықты анықтаудың әдіс тәсілдері

Ата-аналарға арналған нұсқау.
Балаларыңыздың қабілетін дамытуда нақты кеңес нұсқау беру үшін, өз балаңыздың қабілетін білуіңіз керек, сізге 30 сұрақ беріледі, оған жауап беру де, өз балаңыздың қабілетін кемітіп,не көтермеуіңіз сұралады. Жауап парағына өз және балаңыздың фамилиясын жазыңыз, сұрақта айтылатын нәрсе сіздің балаңызға тән болмаса (-) қойыңыз, ал тән бірақ айқын болмаса (+), ал осы қасиетімен басқалардан айқын ажыратылса (+ +) қойылады.
Сұрақ парағы.
1. Анық ойлап, жақсы түсінеді.
2. Жаңа білімді өте тез меңгереді.
3. Жаңа ойлар, күтпеген жауап, шешім табады.
4. Басқа балалар ойында, оқуда онымен бірге болуды қалайды.
5. Көп уақытын сурет салу, құрастыру, илеу жұмысына арнайды.
6. Қызуқанды, дене қимыл қозғалыстарын жақсы көреді.
7. Бір құбылыс пен екіншісінің байланыстарын, себеп-салдарын жақсы біледі.
8. Оқығанын, естігенін қайталамай есінде сақтайды, қайталауға көп уақыт жібермейді.
9. Жаңа нәрсенің бәріне жылдам көңіл аударады, байқағыш, қабылдағыш.
10. Басқа адамдар арасында өзін сенімді сезінеді.
11. Саз сабақтарына қызығушылығы жоғары, музыка әуеніне тез көңіл аударады.
12. Спорт ойындарына, жарыстарына қатынасқанды жақсы көреді.
13. Өз ойын жақсы жеткізеді, сөздік қоры мол.
14. Өз құрдастары білмейтін оқиғаларды, проблемаларды жақсы біледі.
15. Жаңа нәрселерді ашуға дайын тұрады, өмірлік міндеттерді шешуде жаңа идеяларды байқап көруге ұмтылады.
16. Басқа балалар арасында ойын, әрекеттерді жиі басқарады.
17. Өнер туындыларына ерекше көңіл аударады. Жақсы суреттерді қакрағанды, музыка тыңдағанда, әдемі заттарды көргенде ойлы түрде қарайды.
18. Құрдастарына қарағанда дене қимылы ширақ, дене жағынан дамуы жоғары.
19. Байқағыш, кез-келген құбылысты оқиғаны талдай алады.
20. Кітап оқығанда жақсы көреді, әсіресе өзінен үлкен балалар оқитын кітаптарды оқиды.
21. Әртүрлі заттарды таңдау, қолдануда тапқыр.
22. Балалармен, үлкендермен де тез тіл тапқыш.
23. Өлең айтқанда өз көңіл күйін, жағдайын білдіреді.
24. Саяхатқа барғанды, спорт алаңдарында ойнағанды жақсы көреді.
25. Логикалық ойлау қабілеті жоғары.
26. Заттардың шығу, қызметі туралы жиі сұрақ қойып, жүйелеу қабілеті жоғары.
27. Өзін қызықтыратын іске басымен енеді.
28. Құрдастарымен тез тіл табысады.
29. Әңгімелегенде әртүрлі кейіпкерлердің көңіл-күйін, сезімін шебер көрсететін сөздер таба алады.
30. Бос уақытының көбін қимыл-қозғалыс ойындарына арнайды.
31. Танымдық қабілеті жан-жақты.
32. Ойын іс-әрекеттерде математикалық дағды,, түсініктерін жиі қолданады, әртүрлі белгі, әріп, сөздерді есінде ұзақ сақтайды.
33. Бір мәселені жан-жақты қарастыра алады.
34. Өз жасына тән емес жауапкершілікті ала алады.
35. Кез-келген кейіпкер рөліне тез кіре алады.
36. Барлығынан да жылдам жүгіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет