Дайындаған: оқытушы Спабекова Е. Ж


Студенттердің өз бетінше орындауға арналған тапсырмалары



бет11/15
Дата06.04.2023
өлшемі58,58 Kb.
#80069
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Студенттердің өз бетінше орындауға арналған тапсырмалары.
Күнтізбек-тақырыптық жоспарға сәйкес сабақтың жоспарын жасау.
Дәріс № 10
Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары ұғымдарын қалыптастыру.


Тапсырманы орындауға нұсқау.
Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы алғашқы ұғымдар қалыптасуының үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде бұл заттардың құрамы мен кейбір химиялық қасиеттері атом – молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіріледі. Екінші кезең периодтық заң және периодтық дүйе, заттың құрылысы өтілгеннен кейін басталады. Әр класқа жататын заттардың химиялық байланыстарының түрлері, кристалл торлары және қасиеттері электрондық теорияның тұрғысынан қарастырылады. Үшінші кезеңде (9-сынып) бейорганикалық қосылыстар туралы ұғымдар электрон-иондық көзқарастармен байытылып дамиды. Оқушылардың білімі жаңа сатыға көтеріледі. Үш кезеңге сәйкес оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы берілетін білімнің көлемі мен орнын келтіреміз.
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытындылау. Бұл тақырыптың міндеттері: 1) оксидтердің, негіздердің, қышгқылдардың және тұздардың құрамы жөніндегі білімді бір жүйеге түсіру; 2) құрамы мен аталуының және қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті ашу; 3) жіктелу негіздерін түсіндіру; 4) химиялық тіл туралы білімі мен білігін нығайту; 5) эксперимент дағдыларын жетілдіру, алған білімді эксперимент есептерін шығара білуге қолдану.


Бақылау сұрақтары:

  1. Оқу – тәрбиелік маңызы және орны.

  2. Оқу материалының орналасуы және берілетін білімнің көлемі.

  3. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғым.

  4. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытындылау.



Студенттердің өз бетінше орындауға арналған тапсырмалары.
Есептер шығару.


Дәріс № 11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет