Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


ХИЖРЕТТІҢ  ТОҒЫЗЫНШЫ ЖЫЛЫ



Pdf көрінісі
бет250/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ХИЖРЕТТІҢ 
ТОҒЫЗЫНШЫ ЖЫЛЫ 
XVI ТАРАУ 


385
Т
АЙ ПҰТХАНАСЫН ҚИРАТУ 
Тай тайпасы Иеменді мекендейтін, пұтқа табынатын. Басшылары Тай 
Хатами дүние салып, тайпа басы болып оның інісі Адйй сайланады. Тай-
Хатами жомарттығымен, адамгершілігімен аты шыққан адам болған. 
Мекке алынған соң Арабстанның түпкір-түпкіріндегі пұт атаулы 
қиратылған. Тек осы Тайлардың пұты ғана қалып қояды. Ардақты 
пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) хижреттің тоғызыншы жылында Хазіреті 
Әли бастаған бір топ мұсылмандарды тайлардың пұтханаларын жоюға 
жіберді. 
Тайлар мұсылмандарға қарсыласып, табан астында шайқас қызып 
кетеді. Олар ә дегеннен жеңіліп, Хазіреті Әли мен мужаһид сахабалар оларды 
тұтқын етіп, олжаға да ие болады. Әрине, басты міндеттерін - пұттарды 
қиратуды да мүлтіксіз атқарады. Пұтханалар жермен-жексен болады. 
Тайпа басшысы Адйй мұсылмандардың келе жатқанын алдын ала естіп 
Сирияға қашып кеткен екен. Тұтқындар арасында Адййдің туған қарындасы 
Саффана қолға түседі. 
Хазіреті Әли өзіне жүктелген жауапты жұмысты абыроймен орындап 
Мәдинаға келеді. 
Тұтқын Саффана пайғамбар мешітінің кіре берісіндегі бір бөлмеге 
қамалады. Саффана өте зерек, ақылды әрі салиқалы әйел болатын. 
Бірде Пайғамбарымыздың сол бөлменің қасынан өтіп бара жатқанын 
байқап қалған Саффана: 
"Уа, Расулаллаһ, менің әкем әлдеқашан о дүниелік болған, ағам 
мұсылмандардан қорқып бөтен елге қашып кетті. 
Бостандыққа шығуды қалаймын, бірақ берерім жоқ. Тек сенің мейірім-
шапағатыңнан үміт етемін. 
Мен құлдарға жанашырлықпен қамқор болған, аш-жалаңашқа пана 
болған, қонақжай, адамгершілігімен танылған Тай Хатамидің қызы 
Саффанамын", - дейді. 
Аллаһ Елшісі Саффананың сөз саптауына разы болып: 
"Сенің айтқандарың мұсылмандарға тән қасиеттер. Әкең мұсылман 
болып, аруағын қастерлеп еске алғанымызда ғой, шіркін!" - дейді. 
Пайғамбарымыздың бұл сөздері шындыққа - кәпірлердің бойында да 
жақсы қасиеттердің болуы мүмкін екендігіне меңзеді... Тай Хатами 
мұсылмандықты 
қабылдамай 
өліп 
кеткенімен 
тұла 
бойы 
тұнған 
мұсылмандыққа 
тән 
сипаттар 
болатын. 
Соған 
ризалық 
білдірген 
Пайғамбарымыз тұтқын Саффананы азаттыққа шығарып, қонақ кәде жасап, 
жол азығы мен шығынын өтеп, сенімді керуенге қосып Шамға - ағасының 
жанына жібереді. 
Ағасын тауып алған Саффана басынан өткергендерін түк қалдырмай 
баяндап, Адййге Аллаһтың бірлігін, Мұхаммедтің елшілігін қабылдауды 
ұсынады. 
Адйй асығыс Мәдинаға сапар шекті. Хазіреті Расулаллаһ оны өте 
меймандос пейілмен қарсы алып, қошамет көрсетті. Үйіне апарып төріне 


386
шығарды. Сүйікті Пайғамбарымыздың жұртына жасаған жақсылығын, жас-
кәрі демей әрбір адамның мәселесіне жіті үңіліп, сабырмен тыңдап, ізет пен 
ілтипаттылық шеңберінде шешетініне аз ғана уақыт аралығында куә болып, 
қайран 
қалған 
Адйй 
әдепкіде 
біраз 
бұлтартқанымен 
ақыры 
мұсылманшылықты қабылдайды. Оған әсер еткен Аллаһ Расулының мына 
сөздері: 
"Уа, Адйй! Мұсылмандардың саны аз, жауы көп дейтін боларсың. 
Мұсылмандардың мол байлыққа кенеліп, сенімнің символы болар күн әлі 
алыс емес. 
Сен Хиар мекенін білесің бе? 
Исламның сенімділік күші сонда, күндердің күні әйел затының бір өзі 
Хиардан Меккеге шыққанда, Аллаһтан басқа ештеңеден қорықпайтын халге 
жетеді". 
Адййдің жүрегі жылып, иман келтіреді. 
...Араға жылдар салып саңлақ сахаба атанатын Адйй ибн Хатами осы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет