Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного


ОЙЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет34/102
Дата30.12.2016
өлшемі29,2 Mb.
#821
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   102

ОЙЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ 

ДАМЫТУДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІ 

 

 



Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің оқытушылары: 

Жексенова Б.О., Казангапова С.О., Мусина Г.Г. 

 

 


238 

 

«Бала ойын ойнағанда  өзін қалай көрсетсе, өсе келе еңбекте  де  өзін солай көрсетеді. 



Сондықтан  да  болашақ  қайраткерді  тәрбиелеудің  бірден  бір  жолы,  ол  –ойын»  деген    А.С. 

Макаренко. Қазіргі қоғамның талабына сай жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін жан-жақты 

дамыту  –  қоғам  алдында  тұрған  басты  міндеттердің  бірі.  Осыған  байланысты  ең  алдымен, 

оқушының жалпы психологиялық  дамуына, соның ішінде ақыл-ойының дамуына әсер ететін 

жаңашыл технологиялар мен  бағдарламаларға деген қызығушылық артуда. Бұл әдістер мен 

жүйелер психология мен педагогика ғылымдарының жетістігіне негізделеді.  

Адамның бүкіл өмірлік жолында  бір-бірінің орнын басып тұратын үш түрлі генетикалық 

іс-әрекет бар: олар ойын, оқу, еңбек.  Ойын – үлкендердің балаларды тәрбиелеудегі іс-әрекеті. 

Ойынның теориялық түсінігі педагогика мен психологияда көп зерттелген. 

Дүние – дүние болып адам баласы жаралғалы бері, тамақ тауып күн көруден басқа, сан 

алуан ойын түрлері де пайда болған. Ойынды үлкен де, кіші де ойнайды. Бала кездегі ойын 

түрлері бүлдіршіндердің ақыл-ойын дамытады, өсіреді. Ойын түрлері көп-ақ. Балабақшадағы 

жас  жеткіншектер  дайын  бөлшектерден  үй  құрастырып,  ермексаздан  түрлі-түрлі  мүсіндер 

жасаса, бірте-бірте виртуалды ойындарды ойнауға көшеді. 

Ойынның  басты-басты  үш  түрі  бар  деп  білеміз.  Олар:  кәсіптік  ойындар,  әуестену 

ойындары және жаттығу ойындары. Ойын оқыту барысында оқытудың бір формасы және әдіс-

тәсілі  есебінде  дидактикалық  категория  болады.  Осыған  орай,  ойынды  оқытушылар  мен 

студенттердің,  ұстаздар  мен  шәкірттердің,  мектеп  жасына  дейінгі  бүлдіршіндер  мен 

тәрбиешілердің  қоғамдасқан  оқу  мен  тәрбие  ісіндегі  бір-бірімен  тығыз  байланысты 

технологиясы  ретінде  де  қолдануға  болады.  Кішкентайлар  ойыны  да,  ересектер  ойыны  да 

белгілі бір тұлғаның мағыналы іс-әрекеті ретінде қарастырылады. Адам өзінің де, өзгенің де 

ойынын талдап, таразылай отырып, оны өзінің өмір  тәжірибесінде қолдануға дағдыланады. 

Педагогтардың іс-тәжірибесінде ойынға орай бір қатар ұғымын, түсініктері қалыптасқан. Атап 

айтар болсақ, ол: ұжымдық ойын, рөлдік ойын және т.б.  

Ойын  теориясы  мен  практикасын  отандық  және  шетелдік  педагогтар,  психологтар, 

әлеуметтанушылар зерттеуде. Мысалы, Иохан Хейзингтің «Ойыншы адам», Д.Б.Элькониннің 

«Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. 

Ойын  теориясын  зерттеуші  Ресей  ғалымдары:  А.В.Вербицкий,  Т.В.Кудрявцев, 

И.П.Пидкасистый, қазақстандық ғалымдар: Н.К.Ахметов, Ж.С. Хайдаров, Г. М. Қасымова т.б. 

Балалар  ойындарындағы  ұстаздардың  рөлі  өте  зор.  Ұстаз  –  көбіне-көп  сол  ойынды 

ұйымдастырушы.  Ойынның  мән-маңызын  түсіндіріп,  ақыл-кеңес  береді.  Шәкірттердің  дау-

дамайлы мәселелеріне әділ қазы да бола біледі. 

Ұстаз  балалардың  ойын  кезінде  де  қилы  сезімдерде  болып,  көңіл  күйінің  мың 

құбылатынын (мақтану, қуану, ренжу, қызғану, өкіну) білуі тиіс. Мұндай көңіл күйдің ұтысқа, 

не болмаса ұтылысқа байланысты болатыны бесенеден белгілі. Көп жағдайда, ойын үстінде 

топ мүшелері жұмылған жұдырықтай, тату-тәтті қарым-қатынаста болады. Кей кездердегідей 

талас-тартыс, ашу-реніш дегендер атымен ұмытылады. Ұжым бір адамның баласындай ортақ 

бір  мүдде  үшін  күреседі.  Алайда,  ойын  барысында  жағымсыз  жағдаяттардың  да  туындауы 

мүмкін  нәрсе.  Шәкірттердің  бәсекелес  қарсы  топты  дұшпан  көріп,  келеңсіз  іс-әрекеттерге 

баруы ғажап емес. Мәселен, қарсы ойыншылар ұтып кеткенде, намыстанып, қызғанып, жеңіс 

жалауын  қолдан  бермеуге  тырысып,  жеңіске  жетудің  қитұрқы  жолдарын  жасауы  мүмкін. 

Мұндайда ұстаз әділ төрелігін айтып, екі жақты да ренжітпеуі тиіс. 

Балалардың  еңбегінде,  қарым-қатынасында,  танымдық  үдерісінде  және  тұлға  болып 

қалыптасуында  ойынның  алатын  орны  үлкен.  Тәрбиенің  теориясы  мен  практикасындағы 

балалардың  ойын  әрекетін  күшейту  туралы  мәселенің  қойылуы  тұлғаның  қалыптасуы  мен 

ойын  әрекетінің  көптеген  мүмкіндігіне  және  осы  мақсаттардың  іске  асуына  негізделген. 

Ойынның мәні мен оның тәрбиедегі маңызын екі жақты бағалауға болады. Біріншіден,  кең 

мағынада қоғамдағы адамгершілік тұрғыда адамға деген қамқорлығы мен соның ішінде, өсіп 

келе жатқан ұрпаққа деген жанашырлық. Екіншіден, нақтырақ алсақ, педагогикалық мәнде: 

білім беру мен тәрбиедегі нақты мәселелерді шешуге негізделген.  



239 

 

Ойын үнемі екі түрлі уақыт өлшемінде: қазіргі уақытта және болашақта орындалады.  Бір 



жағынан тұлғаны сол мезетте қуанышқа кенелтеді,  оның туындаған өзекті мәселесін шешуде 

қанағаттанушылық  тудырады.  Ал  екінші  жағынан,  ойын  үнемі  болашаққа  бағытталған. 

Өйткені, онда өмірлік жағдайлардың болжамдары мен  модельдері жасалады. Ойын арқылы 

тұлғаның әлеуметтік, кәсіптік, шығармашылық функцияларына қажетті қасиет, сапа, жағдай, 

біліктілік,  қабілеттіліктер  қалыптасады,  сонымен  қатар  дамып  келе  жатқан  ағзаның 

физикалық дағдылары да қалыптасады /1/. 

Б.Г.  Ананьевтің  айтуынша,  «Балалар  психологиясы  саласындағы  көптеген  мамандар 

ойын баланың ең алғашқы туылған кезеңнен мектепке дейінгі кезеңді  қамтуына ерекше көңіл 

бөлген.  Бірақ  ойын  адамның  барлық  өмірлік  кезеңдерін  қамтитын  ерекше  іс-әрекет  түрі 

ретінде өзіндік тарихы бар. Адамның жасөспірім және бозбала, жас және орта жаста, тіпті егде 

тартқан  кезінде  де  ойынның  сан  түрлері  қолданылады»  /2/.  Бұдан  біз  ойынның  қандай  кең 

ауқымда қолданатынын байқаймыз.  



 Ойын – бұл балалардың психикалық дамуына жан  – ажақты үлес қосатын іс – ірекет. 

Ойын арқылы балада көптеген нәрсеге қызығушылық пен қажеттілік, басқа адамдардың  ойын 

еркін  қабылдау  сияқты  қасиеттері  қалыптасады.  Бұл  арқылы  бір  нәрсені  екінші  нәрсемен 

алмастыру белгісімен волиникалық таным функциясы қалыптасады. Балалар ойын барысында 

әр  түрлі  персонаждардың  рөлдерін  ойлай  ажыратып,  үлкендермен  қарымқатынасы  нығая 

түседі.  Ойын  –  жаттығу,  ол  арқылы  бала  өмірге  әзірленеді.  Ойын  халықтың  баланы 

әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдарының бірі. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің 

бірегей 


феномені, 

оның 


қайнар 

көзі 


мен 

шыңы.  


Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. 

Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын 

тигізіп,  таным  белсенділігінің  дамуына  жол  ашады.  Қай  бала  болмасын  ойынмен  өседі, 

өйткені  бала  табиғатының  өзі  тек  ойынмен  байланысты.  Ойын  үстінде  бала  еш  нәрсеге 

тәуелсіз.  Ол  озін  еркін  ұстайды.  Ал  еркіндік  дегеніміз  барлық  дамудың  баспалдағы,  бәрін 

білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын 

үстінде қалыптасады.  

Халық  даналығында  «Ойнай  білмеген,  ойлай  да  білмейді»,  «Ойында  озган,  өмірде  де 

озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген 

құлқы,  қарым-  қатынасы,  мінез-  құлық  көріністері  олар  өсіп-  есейгенде  де  жалғасы  береді. 

Ойын  барысында  бала  өзін  қоршаған  үлкендер  сияқты,  өзінің  сүйікті  әңгімелері  мен 

кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. 

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға 

бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- 

қатынастағы  пайымдаулары  өзіндік  таным-  түсінік,  мінез-  құлық  әдептерін  бекітуіне  әсер 

етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар 

алады, дүние сырын ашады.  

Ойын  –  баланың  білім-білік  дағдысын  қалыптастыратын  тәрбие  құралы  депте 

айтуымызға  болады.  Ойын  балалардың  тапқырлық,  ұйымдастырушылық,  шыдамдылық, 

белсенділік,  адамдық,  шапшаңдық  қасиеттерін  дамытады.  Ойынды  балалар  өмірін 

ұйымдастырудың  формасы  ретінде  пайдалана  отырып  алдымен  солардың  ортақ  мүддесін 

бағыттап  және  дамытып  отыру,  балалар  ұжымын  топтастыруға  күш  салу  керек.  Балалар 

ойындарының  тәрбиелік  маңызын  жоғары  бағалай  келіп,  «Мектеп  жасына  дейінгі  балалар 

үшін ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін – оқу, ойын олар үшін – еңбек, ойын 

олар үшін – тәрбиенің мықты формасы.» Ойын - мектепке дейінгі балалар үшін айналадағыны 

танып білу тәсілі. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі 

артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік 

қасиеттер  қалыптасады.  «Ойын  баланың  алдынан  өмір  есігін  ашып,  оның  шығармашылық 

қабілетін дамытады ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес». В.А. Сухомлинский  

Ойын  –  жалпы  адамзат  мәдениетінің  бірегей  феномені,  оның  қайнар  көзі  мен  шыңы. 

Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның 


240 

 

жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «…өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті 



жастан  он  бес  жасқа  дейінгі  балалар,  он  бес  пен  жиырма  жас  аралығындағы  жастар…». 

Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол 

жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ 

серек-көк  серек»  т.б.  ойындарын,  ал  одан  кейінгі  топқа:  «тақия  тастамақ,  тартыс,  сиқырлы 

қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» 

т.б.  ойындарын  жатқызуға  болады.  Мұндай  ойындар  баланы  тез  ойлауға,  тапқырлыққа 

баулып,  жаңа  тақырыптарды  жылдам  меңгеруге  ықпал  етеді,  сөз  тіркесіне,  ұйқастыруға 

дағдыландырады.  Ойын  бала  үшін  —  нағыз  өмір.  Егер  тәрбиеші  ойынды  ақылмен 

ұйымдастырса,  ол  балаларға  ықпал  жасауға  мүмкіндік  алады.  Ойын  үстінде  баланың  түрлі 

қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі  де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко 

былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай 

болады».  Сондықтан  келешекке  адамды    тәрбиелеу-  бәрінен  бұрын  ойын  арқылы  жүзеге 

асыралады.  Ойын-  балалар  үшін  айналадағы  танып,  білу  тәсілі.  А.П.Усова  былай  деп  атап 

көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген 

сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында 

жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді». 

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті 

Ойынның  психологиялық  аспектісіне  психологтар  Б.Г.  Ананьев,  М.Я.  Басов,  Л.С. 

Выготский,  А.Н.  Леонтьев,  С.Л.  Рубинштейн,  Д.Б.  Эльконин,    И.Д.  Ливитов,  Л.С.  Славина 

және т.б. терең талдау жүргізген. Ойын теориясы мен модельдеуде олардың қосқан үлесі зор. 

Олардың шешкен және алға қойған мәселелері: 1)ойын генезисі; 2) тәрбие әсерінен туындаған 

және  қалыптасқан  ойын  түрлері;  3)ойынның  психологиялық  құрылымдық  компоненті;  4) 

баланың үлкендердің әлеуметтік қарым-қатынасымен танысу шарты ретіндегі қысқартылған 

немесе жалпыланған ойын әрекеті; 5) адам іс-әрекеті аумағындағы ойынның сензитивтілігі; 

6)адамдардың қарым-қатынасы мен олардың іс-әрекеті балалар ойынының негізігі мазмұны 

ретінде;  7)  ойын  іс-әрекетінің  түрткісіне  жағдайдың  рөлі  мен  қиялының  әсері;  8)  баланың 

психикалық дамуына ойынның әсері. Д.Б. Эльконин өзінің «Ойын психологиясы» еңбегінде 

негізгі  кеңестік  және  шетелдік  балалар  ойынының  тұжырымдамасына  талдау  жасады  және 

балалар ойынының теориялық жүйесін жасады /3/.  

Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу  үдерісіне көптеген 

жаңа  тәсілдер  енгізіліп  жатыр.  Соның  ішіндегі  ең  бір  маңызды  да  қолайлы  тәсіл  –  ойын 

арқылы  баланың  психикасы  мен  ойлау  қабілетінің  ең  алғашқы  компоненттерін  дамыту. 

Сондай-ақ,  оқушылардың  оқу  материалдарын  жақсы  қабылдауына  әсерін  тигізетін  тиімді 

әдістердің бірі - ойын. Ойын - баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы. Сабаққа 

ойын  мен  ойын  тәсілдерін  енгізу  оқуды  қызықты  етіп,  балалардың  сергек  болуына,  оқу 

материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді. 

Ойын – оқушыға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Сонымен қатар, 

бастауыш  сынып  оқушыларына  қолданылатын  ойындарға  олардың  дене  бітімінің 

қалыптасуына  арналған  ойындар,  қимыл  ойындары,  сөйлеу,  шешендігін,  тілін  дамыту 

ойындарына  рөлдік  ойындарды  жатқызуға  болады.  Міне,  осындай  пайдалы  ойындардың 

түрлері сан алуан.   

Ойындар  бастауыш  сынып  оқушыларының  меңгеруіне  қиындық  келтірген  жағдайда 

мұғалім  өз  ойынан  әр  алуан  ойындарды  құрастырады.  Бұл  бағытта  мектептерде  жүргізіп 

жатқан  іс-тәжірибелер  айтарлықтай.  Сондай  әдістердің  бірі  –  сабақта  ойын  элементін 

пайдалану. Ойын арқылы оқыту технологиясы, әсіресе, бастауыш сыныптарда өте тиімді. Осы 

технологияны пайдаланып, кіші мектеп оқушыларына ойын сабағын өткізуге болады. 

Бастауыш  сыныптарда  оқушылардың    проблемалық  жағдаяттан  шығуына  мүмкіндік 

беретін ойындар қолданылады. Оқушылар ойын ережесіне байланысты әрекет етеді, сондай-

ақ  рөлге  еніп  имитация  жасайды.  Ойын  барысында  зейіні,  еркі,  өзін  ұстау,  жаттығу, 

тапқырлық, тез реакция, білгенін тәжірибеде қолдану, талдау, салыстыру, қорытынды шығару, 

бірігіп  шешім  қабылдау  сияқты  қасиеттері  дамиды.  Сабақ  барысын,  сынып  сағаттарын, 


241 

 

сыныптан тыс сабақтарды ойын арқылы өткізудің өзіндік пайдасы бар. Өйткені, ойын баланың 



өміріндегі  ең  маңызды  іс-әрекеті.  Балалық  шақта  ол  уақытының  көбін  осы  ойын  ойнауға 

жұмсайды.  Ойын  арқылы  баланың  психикалық  даму  деңгейі  өседі.  Ол  жеке  тұлға  ретінде 

қалыптасады.  

Ой  қорыта  келгенде  шығатын  тұжырым:  бастауыш  сынып  мұғалімдері  ойшылдарды 

ойынға  әділ  жолмен  қызықтыра  білсе,  оқу-тәрбие  үрдісінде  ойын  әдістерін  тиімді 

ұйымдастырса, оқуға жағымды қарым-қатынас қалыптасады да өздігінен білім алу дағдысы, 

өз-өзіне сенімі, еңбек ету мәдениеті арта түсетіндігіне сенімділікпен қарауға болады. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



Педагогика  и  психология  игры.  /Межвузовский  сборник  научных  трудов.  Новосибирск 

1985г. С. 14 

2.

 

Ананьев  Б.Г.  Человек  как  предмет  воспитания:  Избранные  психологические  труды.  М.,  



1980 Т.ІІ, С. 20. 

3. Эльконин Д.Б. Психология игры. – М.: Педагогика, 1976. – 304с. 

4.  Проблемы  дошкольной  игры,  психолого-педагогический  аспект.  Москва  «Педагогика» 

1987. 


 

 

 



ТІЛ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН 

АРТТЫРУ 

 

 

Жолкенова Г.Ж «Болашақ» колледжі  



Бекболатова С.К №16 «Алтынай» балабақшасы  

 

 



Тіл  –  адам  мен  адамды,  ұлт  пен  ұлтты  жақындастыратын  өзгеше  қатынас 

құралы.  Жер  бетіндегі  адамзат  тілдері  күнделікті  өмірдегі  қарым -  қатынас 

барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп 

отырады.  Қазақстан  Республикасының  Тілдерді  дамытудың  мемлекеттік 

бағдармаларының  негізгі  талабы -  мемлекеттік  тілді  оқытудың  саны  мен 

сапасына көңіл бөлу керек.[1] Тіл сабақтарында   оқытудың озық технологиясын 

қолдану- бүгінгі күннің өзекті мәселесі.  

«Технология»  гректің  «teche»-  өнер,  шеберлік  және  «logos»-  ғылым  деген 

сөзінен  шыққан,  яғни  «шеберлік  туралы  ғылым»  деге н  мағынаны  білдіреді. 

Оқыту  технологиясы  мен  әдістеме  ғылымы  бір -  бірімен  тығыз  байланысты. 

әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек? », « Не үшін оқыту керек? », «Қалай оқыту 

керек? »  деген  сұрақтарға  жауап  іздесе,  оқыту  технологиясы  «Қалай  нәтижелі 

оқытуға  болады? »деген  мәселенің  шешімін  іздейді.Олардың  мақсаты  бір,  яғни 

оқытудың  тиімді  жолдарын  қарастыру.Оқытудың  тиімді  жолдары  оқытудың  әр 

түрлі әдістері арқылы анықталады.[2] Бүгінгі таңда оқу орындарында оқытудың 

қалыптасқан  негізгі  әдістерімен  қатар  оқытудың  жаң а  әдістері,  яғни 

инновациялық әдістері де жиі қолданылады.  

Мысалы: қалыптасқан әдістер:  

а) сұрақ-жауап; 

б) суретті немесе көрнекілікті пайдалану;  

в) аударма 

г) сөйлем және сөзді толықтыру;  



242 

 

д) мәтін бойынша әңгімелесу;  



ж) мақал- мәтелдер жарысы; 

з) өлең, тақпақтар жарысы т.б. 

    Ж ан ама жаң ғырт ып оқ ыт у әді сі  

а) пікірсайыс (дебат) әдісі  

б) коммуникативтік әдісі  

в) драматизация әдісі  

г) видео (бейне) арқылы сабақ беру әдісі   

е) жобалы сабақ өту әдісі  

Сондықтан  да  біздің  тәрбиешілер   мен  оқытушылар  үнемі  ізденіс  үстінде. 

Олар  заман  талабына  сай,  балалардың  білімін  тереңдету  үшін,  тілге  деген 

қызығушылығын  арттыру  үшін  көп  еңбек  етуде.  Жоғарыда  айтылғандай  әр 

технология  олардың  шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  жаңалықтарды  дер 

кезінде  қабылдап,  өңдеп,  оны  өз  ісінде  ти імді  қолдана  білуін  айырықша  талап 

етеді.Тәжірибедегі  оқыту  барысында  баланы  субьект  ретінде  оқу  ісіне  өзінше 

қызықтырып,  оның  қабілетін  арттыратын  жағдай  туғызу   керек.  Оқытудың 

жаңаша  әдісінің  енгізілуі  оқушылардың  игерген  білімдерінің  деңгейін 

анықтауға да жаңа сапалық өзгерістер әкелуде. Ол үшін талмай ізденіп, баланың 

білім  сапасын  арттырып,  оған  қойылатын  талапты  нақты  орындау  керек. 

Өйткені, қазіргі бала – ертеңгі ел азаматы.  

Қазіргі  кезде  бүкіл  әлемде  жүргізіліп  жатқан  ізгілендіру  үрдістері 

қоғамның  білім  беру  мекемелеріне  қойылатын  жаңа  талаптарды  анықтауда. 

Техникалық  прогресс  пен  ғылыми  ақпарат  көлемнің  ұлғая  түсуі,  мектептегі 

білім  беру  мазмұнын  қайта  құру  және  оқу-тәрбие  орындарының  іс-әрекет 

қағидаларын  қайта  қарау,  мұның  бәрі  мұғалімнің  кәсіби   біліктілігі  мен 

тұлғасына,  бүкіл  педагогикалық  үрдістің  тұлғалық  бағдарлануына  қойылатын 

талаптардың  сөзсіз  арта  түсуіне  алып  келеді.  Бүгінгі  таңда  оқу  үрдісін 

жетілдіру  үшін  инновациялық  білім  беру  технологияларын  пайдаланудың 

тиімділігін өмірдің өзі дәл елдеп отыр. Білім берудегі инновациялар – қоғамның 

тұрақты  өзгеріп  отыратын  мұқтаждықтарына  сәйкес  оның  дамуының  қажетті 

және  табиғи  шарты.  Бір  жағынан  құндылықтардың  сақталуына  ықпал  етсе, 

екінші  жағынан,  олар  барлық  ескі  нәрседен  бас  тартып,  әлеуметтік  қ айта 

жасалымдардың  негізін  алады.  Осыдан  келіп,  оқу  үрдісін  қазіргі  деңгейде 

жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды.  Инновациялық 

іс-әрекет  –  дәстүрлі  іс-әрекеттен  түбірлі  түрде  ерекшеленіп  тұратын  индивид 

қызметінің  негізгі  түрлерінің  бірі.  Ол  барлық  уақытта  қарама -қайшылықтар 

болған  жағдайда  іске  асырылады.  Жаңа  мазмұнға  жаңа  әдістер  жүйесі  қажет. 

Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру - өзекті 

мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс -тәсілдің ара-жігін ажырату 

да  қарапайым  мұғалім  үшін  кейде  қиын  болып  жатады.  Жаңа  технология 

жүйесінде  проблемалық  және  іскерлік  ойын  арқылы  оқытудың  да  маңызы  аса 

зор.  Оқушылар  әр  түрлі  проблемаларды  талдайды,  оның  шешу  жолдарын 

іздестіреді.  Мұндай  сабақтар  оқушыла рдың  логикалық  ойлау  қабілетін 

дамытады,  пәнге  қызығуын  арттырады,  өмірде  кездесетін  түрлі  қиындықтарды 

женуге 


тәрбиелейді. 

Іскерлік 

ойындардың 

дидактикалық, 

тәрбиелік, 

дамытушылық, (әлеуметтендірушілік) маңызы зор екенін ескерсек, ретіне қарай 

әр түрлі пәндерден дәстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізу қажет. Дәстүрлі 

емес  сабақтардың  психологиялық,  педагогикалық  ұйымдастыру  және  өткізу 

жолдарын  жан-жақты  зерттеп  оқушылармен  өткізілетін  сабақтар  жүйесі 

жасалынуы  қажет.  Оқу  үрдісінде  оқытудың  әр  түрлі  пе дагогикалық 

технологиялары Лысенкованың алдын ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту 

(тірек  сигналдарын  пайдалану  арқылы),  Эрдниевтің  ірі  блоктап  оқыту, 



243 

 

Қ.Жанпейісованың модульдік оқыту, Оразақынованың сатылай кешенді талдау, 



СТО  арқылы  оқыту,  мәселелік  оқ ыту,  оқытудың  белсенді  әдісі,т.б.  [4]  қазірде 

кеңінен  қолданылуда.  Ал    оқытудың  модульдік  технологиясы  мен  В.М. 

Монаховтың,  Дьяченконың  оқытудың  ұжымдық  тәсілі,  сондай -ақ,  профессор 

Ж.Қараевтың  оқытуды  дербестендіру  мен  ізгілендіру  ұстанымдарына 

негізделген  жаңа  педагогикалық  компьютерлік    технологиясы  да  жиі 

қолданылып  отыр.[4]  Егер  осы  жұмыстарда  қарастырылған  оқытудың 

педагогикалық  технологиясын  оқу-  тәрбие  үрдісіне  оқытудың  жаңартылған 

жүйесінің  жобасы  ретінде  енгізетін болсақ, онда білімді демократияла ндыруға 

және  ізгілендіруге  оқыту  сапасын  арттыруға;  басқару  сапасын  жетілдіруге;  

оқушылардың  дамуына  бақылау  жасауға;  соған  сәйкес  бағалауға  болатыны 

ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат.   

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жа н-жақты 

дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша 

әдістемелік  жүйенің  басты  бөлігі  оқыту  мақсаты  болып  қалады.  Сондықтан 

танымдылық    іс-әрекеті    белгілі  бір  дәрежеде  белсендірілуі  қажет.  Бұл 

әдістемелік  жүйенің    басқа  бөліктерінің  де  (мазмұн,  әдіс,  оқыту  түрі  мен 

құралдарының)  өзара  байланысы  қалпында    өзгертілуін    талап  етеді.  Мұны 

орындау үшін мына ұстанымдар  жүзеге асуы тиіс. Оқушылардың өзіндік іздену 

іс-  әрекетінің  әдістерін  меңгеру  талап  етіледі.    Өйткені  бұл  әдістердің 

күнделікті  пайдаланып  жүрген  оқыту  әдістерінен  айырмашылығы  бар.  Яғни, 

жаңа  жағдайдағы  «оқыту  әдістемесі»  деп  отырғанымыз:  «оқушы -  мұғалім» 

ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы 

тұрады  және  оның  өз  бетімен  білім  алудағы  бе лсенділігіне  баса  назар 

аударылады. 

Жаңаша  оқытудың  негізгі  түрлері:  оқытудың  дербес  және  топтық  түрлері 

болып  табылады.  Бұл  жерде  алға  қойылатын  басты  мақсат  –  оқушыға  деген 

сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі  мен қадір - қасиет 

сезімін  дамыту.  Ал  оқытудың  фронталды  түрі,  көбінесе,  бағыт  беру,  талқылау 

және  түзету  енгізуде  ғана  пайдаланылады.Жаңа  технологияның  мақсаты 

бойынша  «оқытуды  ізгілендіру»  қажет.  Ендеше  оқушылардың  білім,  білік, 

дағдыларын  жетілдіру  үшін  оқытудың  жаңа  технол огиясы  негізінде 

дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес  

өткізілетін    әр  түрлі  сабаққа  арналған  жаңа  тұрпаттағы  оқулықтар  мен  оқу 

құралдары қажет -ақ.  

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет