Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



Pdf көрінісі
бет30/102
Дата30.12.2016
өлшемі29,2 Mb.
#821
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   102

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 

Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: Бірінші том \ Ред.алқасы Шаяхметов Ш.Ш. т.б. 



Құраст. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев.-Алматы, Рауан, 1994-320 бет. 

2.

 



Қазақ энциклопедиясы, 2 том 

3.

 



Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 

2007. — 344 бет 

4.

 

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы, 1998 жылғы 17 желтоқсан 



N 321-I . Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23, 62-бап 2 тармағы 

5.

 



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 

27-сі. № 319-ІІІ ҚРЗ, 49-бап-2 тармағы 

6.

 

«Бала мен балабақша» журналы №4 2007. Балабақшадағы бала тәрбиесі. Г. Мұқажанова. 



7.

 

«Бала  тәрбиесі»    журналы.    №9  2007.  Балаңызбен  қарым  қатынасыңыз  дұрыс  па  ?  К. 



Бакеева. 

8.

 



ҚР МЖМБС 1,001-2009 

 


205 

 

 



 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОҚУ ІС - ӘРЕКЕТІНДЕГІ 

ОЙЫННЫҢ  МАҢЫЗЫ 

 

 

Жамангарина М.А., Ильяшова Б.Ф. 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

 

 



 «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»  

 (М. Жұмабаев) 

«Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер  – мемлекетіміздің мығым тірегі»  - деп Елбасы Н. Ә. 

Назарбаев атап көрсеткендей, жас өспірімдердің жан - жақты даму негіздері – мектепке дейінгі 

мекемеден бастау алады. 

Қазіргі  уақытта  балаларды  оқытуға  арналған  әдістемелер  соның  ішінде  ойын 

технологиясы  кеңінен  пайдалану  үстінде.  Яғни,  ойындарды  игеру  балаларды  жан  -  жақты 

болуына зор ықпалын тигізеді. Балалардың оқу іс - әрекетін арттыру үшін ойын элементтерін 

тиімді  пайдалану  керек.  Ойын  арқылы  бала  қоғамдық  тәжірибені  меңгереді,  сондықтан  әр 

сабақ  барысында  қандай  ойын  түрлерін  қолдануға  болатынын  сабақтың  мазмұнына, 

мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынғаны дұрыс. Яғни, 

бала тілін дамыту барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар 

арқылы  балалардың  өздігінен  дамуға,  жетілуге  қабілетті  тұлғаны  қалыптастыруға  арналған 

бірден  -  бір  таптырмас  технология.  Ұлы  педагог  А.  С.  Макаренко  ойынға  үлкен  мән  бере 

отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп 

отырады.  Ойын  баланың  өмірін  қызыққа,  қуанышқа  бөлеуін  қамтамасыз  ету  үшін  ол 

балалардың  ойынға  деген  сүйіспеншілігі  мен  қызығушылығын  тәрбиелейді  –  деп 

қарастырады.Ойынның  технологиялық  негізгі  ерекшелігі  –  балалар  үн  -  түнсіз  ойнамайды. 

Тіпті  жалғыз  болғанның  өзінде  де  сөйлесіп  жүреді.  Ойын  барысында  сөйлесу  қарым  - 

қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі 

ниеті  мен  мазмұнын  анықтайды.  Ойынның  негізгі  құрылымдық  элементтері  мыналар: 

ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі. 

Ойынның  түпкі  ниеті  –  бұл  балалардың  нені  және  қалай  ойнайтынының  жалпы 

анықтамасы. Мысалы: сюжетті – рөлдік ойындар «Почта», «Дәріхана», «Дүкен», «Аурухана», 

«Кітапхана», «Отбасы», «Балалар бақшасы» болып ойнайды. Сол сияқты ойындарда топта жас 

ерекшелігіне сай жүргізіледі: ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай 

демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы 

ойын үстінде көрініс табады. Көбінесе бұл ойындар күннің 2 жартысында ойнатылады. 

Ойын  дегеніміз  -  жас  ерекшелікке  қарамайтын,  адамның  көңіл  -  күйін  көтеретін, 

ойландыратын  үрдіс.  Ойын  -  төзімділікті,  алғырттықты,  тапқырлықты,  ұқыптылықты, 

ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа 

да  толып  жатқан  сапалылық  қасиеттердің  қалыптастыруға  үлкен  мүмкіндігі  бар 

педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. 

В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы 

жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, 

ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы 

түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. 

Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектепке дейінгі  балалар белсенді  және өте 

қозғалмалы болып келеді. Бұл  жастағы балалар өздерін еркін ұстап, ойынға аса қызығумен 

қатысады,  өзінің  айналасындағы  нәрселерді  көріп,  соны  бейнелеуді  ұнатады.  Рөлдік 

ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. 

Сөйлеу  ырғағын  құру  тәрбиешілердің  рөлдік  ойындарды  ұйымдастырудағы  ең  қиын  іс  - 



206 

 

әрекеті. Балалардың қызығуын арттыру мақсатында тәрбиеші ойынға қатысушының өзіндік 



сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік  - 

ойындар»,  «қимылды  ойындар»,  «дидактикалық  ойындар»  жас  өспірімдердің  сөйлеу 

дағдысының қалыптасуын дамытады. 

Ойын іс - әрекеті зерттеуші, дамытушы, үйретуші болып тәрбиешінің негізгі іс - әрекетін 

құрайды. 

Ойын түрлері: 

Дидактикалық ойыны 

Шығармашылық ойыны 

Сюжеттік рөлдік ойыны 

Қимылды ойындар 

Ұлттық ойындар 

Педагогикалық ойындар 

Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп 

өткізуіне болады. 

Заттармен ойыны Үстел үсті ойыны Сөздік ойыны 

«Дәл осындайды тауып ал» 

«Салыстыр да, атын ата» 

«Қай ағаштың жапырағы» 

«Бірдей ойыншықты тап» 

«Қайсысы көп, қайсысы аз» «Суретті құрастыр» «Қандай затқа ұқсайды?» 

«Қай сурет тығылды?» «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш» 

«Қиылған суреттер» «Ұқсасын тап» 

«4 - ші не артық?» «Есіңде сақта» «Сөз ойла» 

«Сөз құра» 

«Жұмбақ ойла» «Жақсы - жаман» «Жалғастыр» 

«Үш сөз ата» 

Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, бір — 

бірімен  достығын  арттырып  және  саусақ  бұлшық  етін  дамытады.  Ойынға  қажетті  құрал, 

заттарды даярлау ойынды өткізу дайындығын көрсетеді. 

Ойындар:  дидактикалық,  қимылды,  сергіту,  сюжетті  -  рөлдік,  жарыс,  Балаларды 

ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу процесінде 

жас  өспірімнің  тілін  дамыту,  сөздік  қорын  көбейту  жолында  төмендегі  тәсілдер 

ұсынылады: 

Көрнекі  құралдар:  түрлі  түсті  суреттер,  түрлі  түсті  қағаздар,  ойыншықтар,тәсілдер 

Сонымен қатар баланың құзыреттіліктерін дамытатындай рөлдік, сюжеттік ойындарға үлкен 

мән берілуі тиіс. Ойын үстінде бала сұранысы мен тәрбиешісінің тапсырмасы өзара ұштасады. 

Мысал: Сюжеттік — рөлдік ойын: «Менің сүйікті кейіпкерім!». Баланың сүйікті кейіпкерлері 

болатыны, өзінің соған ұқсағысы келетіні белгілі, ол баланың сол кейіпкер рөлін атқаруы оның 

моральдық  танымы  мен  түсінігіне  әсер  етеді  де,  баланың  жеке  ойын  кезіндегі  баланың 

психологиялық  ерекшелігі  мынада:  олар  ойланады,  эмоциялық  әсері  өрістейді,  белсенділігі 

артады,  ерік  қасиеті,  қиял  елестері  дамиды,  мұның  бәрі  баланың  творчестволық  талантын 

кеңейтеді. 

Қазақтың халқы мәдени мұраларға бай халық екендігіне сөз жоқ. Сондай бір қомақты 

дүниелер  қатарына  ұлттық  ойындарды  да  жатқызамыз.  Ұлттық  ойындар  атадан  балаға, 

үлкеннен  кішіге  мұра  болып  жалғасып  отырған  көне  халықтың  дәстүрлері,  шаруашылық 

мәдени,  өмір  тіршілігінің  жиынтық  белгісі  болған.  Әрине,  ойын  өнер  ретінде  әдебиет  пен 

мәдениеттің  сан  алуан  түрлерімен  қабысып,  астасып  келіп,  бірін  бірі  толықтырып  байыта 

түседі. 


Баланың бойында ана тілін, ата  - баба салтын бойына сіңірген,  оны қастерлей білетін 

азамат өсіруде ұсынатын ең басты құралымыз – ұлттық ойындар. Жас өспірім ойын арқылы 



207 

 

дүниені  танып,  түсінігі  арқылы  қабылдап,  ересектерге  еліктей  жүріп  үйренеді,  өз  бойына 



қабылдайды. 

Таңдалған ойынды өткізуге қойылатын талаптар төмендегідей: 

• Ойынды тақырыпқа сәйкес алу. 

• Ойынның мақсаты нақты қойып, керекті көрнекіліктерді балалардың қызығушылығына 

сәйкес дайындау. 

• Ойнар алдында балаларға жүргізілу барысын әбден түсіндіру. 

• Ойынға балалардың барлығын қатыстыру. 

 Ойын  барысында  балардың  қатысуын  қадағалау,  білмеген  жерлеріне  көмек,  жәрдем 

беру.Қазіргі  балабақшадағы  ойынды  қолданар  алдында  ақпараттық  құралдарды  жетік 

меңгеру,  Power  Point,  Microsoft  office,  Paint  бағдарламаларымен  жұмыс  істеп  қана  қоймай 

үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана 

білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне 

кіруге талпындырады. Интернет жүйесінің балаға тәрбие беру барысына қосар үлесі көп. 

Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен 

ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды 

қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген 

тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға 

арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана тәрбиешінің 

тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1) Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы – 1981 жыл 

2) Журнал «Балабақша» 2009 жыл 

3) Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы – 1985 жыл 

 

 

 



БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА- АТА-АНА 

 

 

Жанабекова Риза Нуржановна 

Нурымжанова Анаркуль Еркеновна 

№63 «Мөлдір» балабқшасы КМҚК 



 

 

Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнде көрген  өнеге.  

Ж. Аймауытов 

«Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне 

солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзін қалай тәрбиелесен, ол солай тәрбиеленеді» деген 

екен.  Әрбір  тұлғаның  тәрбиесі  отбасынан  басталады.    Қазіргі  қоғам  жан-жақты,  білімді  де 

білікті, мәдени ой-өрісі өсіп жетілген, ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды 

тәрбиелеуді  бәсекеге  қабілетті  елу  елдің  қатарына  кірудің  маңызды  алғы  шарттардың  бірі 

ретінде  қарастыруда.  Бұл  өз  кезегінде  отбасы  мен  балабақша  қызметкерлеріне  орасан  зор 

жауапкершілік жүктеп отыр. Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей 

ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, 

ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен 

әсерін  өмірдегі  ешнәрсенің  күшімен  салыстыруға  болмайды.  Балаға  ата  -  ана  тәрбиесінің 

орнын  ешнәрсе  алмастыра  алмайды.  .  отбасы  -  өмірге  сәби  әкеліп,  оны  тәрбиелеп, 

қалыптастыруда  және  ұрпақ  жалғастыруда  теңдесі  жоқ  орын.        Отбасының  балаға  тәрбие 

берушілік  қызметтінің  мақсаты  -  балаланың  жасын,  жеке  ерекшелігін,  психологиялық 



208 

 

процестерін  ескере  отырып,  жарасымды  жетілген  ұрпақты  тәрбиелеу.Сондықтан   



отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді. 

1.  Отбасында  баланың  өсуіне,  денсаулығына  қамқорлық  жасау,  тазалықты 

қалыптастыру. 

2.Еңбексүйгіштікке  баулу,  тұрмыстағы,  үй  шаруасындағы  еңбекке  құлшынысын 

арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету. 

3.Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым  - қатынас  жасауға, үлкенге құрмет, 

кішіге ізет көрсетуге үйрету . 

4.Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге 

келген күннен бастап отбасында,   қоғамдық орындарда,балабақшада  тәлім - тәрбие беріледі. 

«Баланы  жастан  »,  «  Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілесің»  деген  даналық  сөздердің 

мағынасы  өте  терең.  Себебі,  есейіп  кеткен  соң  баланың  теріс  мінезін,  қалыптасқан  қате 

көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде « Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің 

мінез - құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба ? » деген 

сауал  туады.Ата-ана  –  бала  тәрбиесіндегі  басты  тұлға.  Сондықтан  әке  де,  шеше  де 

балаларының  жан-  дүниесіне  үңіліп,  мінез-құлқындағы  ерекшеліктерді  жете  білгені  жөн. 

Балалармен  әңгімелескенде,  олардың  пікірімен  де  санасып  отырған  орынды.  Өз  баласымен 

ашық  сөйлесе,  сырласа  білмейтін  ата-  аналар  «Екеуміз  де  жұмыстамыз,  кешкісін  үй 

шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады.  

Отбасы - барлығының басы, жан - жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. 

Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, 

дене  тәрбиесінің  алғашқы  үлгілері  қалыптасады.  Ал  әке  мен  шеше  -  баланың  алғашқы 

тәрбиешілері. 

Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс . 

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер  мен ата 

- аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде 

отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір тәрбиеші  ата - 

аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана 

отырып,  ата  -  ананың  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  жұмыс  жасаса,  ата  -  ананың 

балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. 

    Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты: 

* Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту; 

* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап 

өту; 

* Ата — аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу; 



Ал міндеттері: 

* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді. 

*  Қоғам  тарапынан  көрсетілген  қолдау,  ата  -  ананың  өміріндегі  тұрақтылық  пен 

болашаққа деген сенімін нығайтады. 

Отбасы  тәрбиесіндегі  кездесетін  сәтсіздіктер  ата  -  аналардың  пеадгогикалық 

сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан 

болады.  Балаларды  тәрбиелеудің  дұрыс  жолын  табу  үшін  ата  -  аналарға  көмектесу 

тәрбиешілердің міндеті . 

    Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады? 

Ол  үшін  біз  ата  -  аналармен  жақынырақ  танысып,  отбасының  әлеуметтік  жағдайын, 

отбасы  мүшелерінің  бала  тәрбиелеудегі  ролін  анықтау  үшін,  ата  -  аналардың  ұсыныс  - 

пікірлерін,  ойын  бөлісу  мақсатында  сауалнамалар,  анкеталық  сұрақтар  алуымызға  болады. 

Сонымен  бірге  жыл  бойғы  жүргізілетін  жұмыс  түрлерін  ата  -  аналармен  бірлесе  отырып 

жасаған тиімді. Себебі, ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне 

байланысты  тақырыптарды  өздері  ұсына  алады.  Сонымен  қатар  ата  -  аналардың  ұсыныс  - 

пікірлермен  санаса  отырып  ата  -  аналарға  арналған  әңгімелер  мен  лекциялар, 

консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, 


209 

 

ата  -  аналарды  педагогикалық  әдебиеттермен  таныстыру  әдіс  -  тәсілдері  қарастырылады. 



Отбасы  мен  балабақша  арасындағы  байланысты  күшейтіп,  бағытты  жұмыс  жүргізу, 

ұйымдастырылатын  мерекелік  іс  -  шараларға,  ата  -  аналар  және  топ  жиналыстарына  ата  - 

аналарды тартудың қажеттілігі: 

* Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады; 

* Балалар маңызды жетістіктерге жете алады; 

* Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады; 

* Ересектер тәрбиешінің  жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі; 

* Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар 

екендігін сезінеді, 

Тәрбиешілер  ата  -  аналарға  ақыл  -  кеңес  беріп,  ұсынылатын  тыңдау  барысында 

төмендегідей қарым - қатынас ережелерін есте сақтауы керек; 

•Бір–біріне көңіл бөлу 

• Тыңдау 

• Сыйлау 

• Көзбе – көз қарау 

• Тиімді орынды таңдау 

• Әзілді сезіну 

• Ұрыс – керістен сақтану сияқты 

Сонымен қатар ата - аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты 

екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін; 

• Сиқырлы сөздер айту; 

• Баласының жетістігін айту 

• Сенімді болу 

• Көңіл - күйіне қарау 

• Намысына тимеу 

• Қарапайымдылық 

• Пікірін сыйлау 

Ата - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары 

* Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата - ана болғысы келеді 

*  Барлық  отбасы  көмекті  қажет  етеді,  көмек  түрі  отбасының  нақты  қажеттіліктеріне 

байланысты болады; 

* Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ету 

емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу; 

* Баланың дамуы туралы ақпарат ата - аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға 

ықпал етеді; 

*  Әрбір  отбасы  көрсетілген  көмектің  тиімділігіне  көзі  жеткенде  ғана,  қоғамдық 

жұмыстарға белсене араласады; 

* Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді; 

* Ата - анамен баланың ортақ қарым - қатынастары жөнінде кеңес беру; 

      Ата – аналар клубы 

« Балабақшадағы, отбасындағы топтағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге 

арналады» 

    Тақырыптық кеңес 

« ата – аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен 

таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту » 

    Педагогикалық семинар 

«  Отбасылық  тәрбиенің  әдіс  -  тәсілдеріне  арналады.  Семинарға  тәрбиешілер  де,  ата  – 

аналар да жан жақты дайындықпен қатысуы қажет» 

Шығармашылық кештер 

« Балабақшаішілік және топішілік болып, озық қабілетті, танымал ата  - аналарды үлгі 

тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады» 


210 

 

   Топқа ата – аналарды тартудың қажеттілігі 



* Балаларда іс — әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады 

* балаларға маңызды жетістіктерге жете алады 

* балаларға отбасы мен балабақша байланысын сезіну ұнайды 

* тәрбиешіге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі 

туады 

*  ата  -  аналар  және  отбасы  мүшелері  өздерінің  балаларының  оқытуға  қатысы  бар 



екендігін сезінеді 

* ата – аналар балабақшадағы оқыту - тәрбие жоспарларымен танысады 

    Ата – анамен жүргізілетін жұмыс 

Жұмыс түрлері : 

• топішілік ата - аналар жиналысы 

• балабақшаішілік ата – аналар жиналысы 

• ата – аналармен жеке кездесу 

• ата – аналар үшін ашық есік күн 

• мерекелік кештерге шақыру 

• ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру 

• отбасылық жарыстарға қатыстыру 

Негізгі міндеттері : 

* тәрбиешінің топ ата - аналармен құрамын зерттеуі 

* ата – аналармен тұрақты байланыс орнату 

* ата – аналар ұжымын құру 

* ата - аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру 

* үштік одақ ( бала, ата – ана, тәрбиеші ) жұмысын жандандыру. 

Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата - ананыңда, тәрбиешінінде атқаратын ролі зор. Жас 

күнінде  бала  қандай  тәрбие  алса  сол  ізбен  алға  қарай  өседі.  Тәрбие  кезінде  отбасының, 

балабақшаның да алатын орны бар. 

    Ата  –  ана  баласына  өз  отбасын  қадір  тұтудан  бастап,  туған  -  туыс,  Отан,  Қазақстан 

деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру. 

Ата  -  ана  жауапкершілігі  бәрінен  биік  болмақ.  Сондықтан  ата  -  ана  басты  талапты 

өздеріне  қойғандары  жөн.  баланың  тәрбие  алуына  қоғамнан  өз  орнын  табуына  жағдай 

жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс - тәсілдерге сүйенгені дұрыс. Бала- әр жанұяның 

бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.  

«Отбасында  берілген  тәрбие  жігеріңді  құм  қылып,  жерге  қаратпасын  десең-  балаға 

кішкентайынаң түзу тәрбие бер», - деп ата- бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында 

көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



«Отбасы және балабақша» № 2 2006 ж , 

2.

 



«Бала мен балабақша» № 2 2002 № 5-6 2003 ж 

3.

 



Бастауыш мектепте оқыту № 4 2007 ж 

4.

 



Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері — Алматы 2000ж 

5.

 



Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау , — Алматы  2001 ж 

 

 



 

«РАЗВИТИЕ ТВОРЧЕСКИХ СПОСОБНОСТЕЙ У ДЕТЕЙ ДОШКОЛЬНОГО 

ВОЗРАСТА» 

 

 

Жанғали А. 



211 

 

КГКП я/с № 41 «Гульдер» 



Преподаватель ИЗО 

 

 

Для развития творческих способностей средствами нетрадиционных техник и приемов 

рисования, формирования у дошкольников способности выражать восприятие окружающего 

мира,  совершенствовать  их  интеллектуальные  и  творческие  способности  и  креативное 

мышление являются следующие задачи: 

-  создание  условий  для  выявления  и  поддержки  детей,  обеспечение  их  личностной 

самореализации и самоопределения; 

-  развитие  познавательной  активности,  творческих  способностей,  воображения, 

мышления, фантазии, коммуникативных навыков воспитанников дошкольного учреждения; 

-  создание  и  совершенствование  предметно-развивающей  среды  дошкольного 

учреждения; 

В современном мире творческий потенциал ценится в любом направлении, поэтому его 

нужно раскрывать в ребенке в раннем возрасте. Рисование является одним из важных средств 

познания  мира  и  развития  эстетического  восприятия,  так  как  оно  тесно  связано  с 

самостоятельной, практической и творческой деятельностью ребенка. Дошкольный возраст – 

это период, когда изобразительная деятельность является увлечением не только одаренных, 

но и всех детей. 

Всем  детям  нравится  рисовать,  когда  это  у  них  хорошо  получается.  Рисование 

карандашами,  акварелью,  гуашью  требует  высокого  уровня  владения  техникой  рисования, 

сформированных навыков и знаний, приемов работы. Если у ребенка отсутствуют эти навыки, 

у  него  быстро  пропадает  желание  рисовать,  так  как  в  результате  его  усилий  рисунок  не 

соответствует  желанию  ребенка  получить  изображение,  близкое  к его  замыслу  который  он 

пытался  изобразить.  Наблюдения  за  эффективностью  применения  различных  техник 

рисования  в детском саду  приводят  к выводу о необходимости использования таких техник, 

которые создадут ситуацию успеха у воспитанников, сформируют устойчивую мотивацию к 

рисованию.  Использование  на  занятиях  по  изобразительному  искусству  нетрадиционных 

техник  рисования  позволяют  ребенку  преодолеть  чувство  страха  перед  неудачей  в  данном 

виде творчества. 

Нетрадиционные техники позволяют выразить в рисунке  чувства и эмоции и вселяют 

уверенность в своих силах. Владея разными техниками и способами изображения предметов 

или окружающего мира, ребенок получает возможность выбора. 

Рисование  тесно  связано  с  развитием  наглядно-действенного  и  наглядно-образного 

мышления,  также  вырабатывает  навыки  анализа,  синтеза,  сопоставления,  сравнения, 

обобщения.  Работая  над  рисунком,  дошкольники  учатся  выделять  особенности,  качества, 

внешние свойства предметов, главные и второстепенные детали, правильно устанавливать и 

соотносить  одну  часть  предмета  с  другой,  передавать  пропорции,  сравнивать  величину 

деталей, сопоставлять свой рисунок с натурой, с работами товарищей.  

В процессе рисования дети учатся рассуждать, делать выводы. Происходит обогащение 

их словарного запаса. При рисовании с натуры у детей развивается внимание, при рисовании 

по представлению – память. 

На 

занятиях, 



по 

изобразительной 

деятельности 

с 

использованием 



нетрадиционных    техник,  у  детей  развивается  ориентировочно  –  исследовательская 

деятельность,  фантазия,  память,  эстетический  вкус,  познавательные  способности, 

самостоятельность.  Ребенок  использует  цвет  как  средство  передачи  настроения, 

экспериментирует (смешивает краску с мыльной пеной, на изображенный предмет цветными 

мелками  наносит  гуашь).  При    непосредственном  контакте  пальцев  рук  с  краской  дети 

познают  ее  свойства:  густоту,  твердость,  вязкость.  В  изображении  сказочных  образов 

появляется умение передавать признаки необычности, сказочности. 


212 

 

Работа  с  нетрадиционными  техниками  изображения  стимулирует  положительную 



мотивацию рисуночной деятельности, вызывает радостное настроение у детей, снимает страх 

перед краской, боязнь не справиться с процессом рисования. Многие виды нетрадиционного 

рисования  способствуют  повышению  уровня  развития  зрительно  –  моторной  координации. 

Например,  рисование  по  стеклу,  рисование  в  технике  пуантилизм,  рисование  мелом  по 

бархатной бумаге. 

Данные  техники  не  утомляют  дошкольников,  у  них  сохраняется  высокая  активность, 

работоспособность на протяжении всего времени, отведенного на выполнение задания.  

Организация    работы  нетрадиционными  техниками  и  приемами    не  трудоемка  при 

наличии  художественных  материалов,  образцов  рисунков  в  нетрадиционной  технике 

рисования, методической базы и соответствующей подготовки самого педагога. 

На занятиях нетрадиционной техникой рисования нужно научить растущего человечка 

думать,  творить,  фантазировать,  мыслить  смело    и  свободно,  нестандартно,  в  полной  мере 

проявлять свои способности, развивать уверенность в себе, в своих силах. 

Нетрадиционная  форма  организации  изобразительной  деятельности  соответствует 

современным требованиям к обновлению содержания дошкольного образования, гуманизации 

педагогической  работы  в  детском  учреждении,  реализует  принципы  личностно-

ориентированного взаимодействия с детьми в процессе обучения, способствует активизации 

возможностей детей. 

Чтобы  каждое  занятие  увлекало  новизной  необходимо  использование  игровых 

технологий.  Это  помогает  приблизить  учебный  процесс  к  основному  виду  деятельности  – 

игре,  и  наиболее  естественным  образом  ввести  его  в  таинственный  мир,  именуемый  нами 

взрослыми – искусством. Ведь в искусстве и в детской игре есть общее – это игровой процесс, 

в результате которого возникает образ, созданный воображением ребенка и художника. Здесь 

сосуществуют  действительность  и  вымысел,  условность  и  безусловность,  волшебство 

превращений. 

Организовывая  занятия,  нужно  учитывать  высокую  импульсивность  и  высокую 

концентрацию  внимания  и  работоспособность  наших  детей.  Поэтому  на  занятиях  детям 

разрешается  вставать,  ходить  по  группе,  общаться  со  сверстниками.  Места  детей  не 

закреплены за ними жестко. Каждый может устроиться, где захочет, от раза к разу выбирая 

себе  соседей  сам,  а  может  именно  уединиться.  Организованное  таким  образом  рабочее 

пространство  обеспечивает  возможность  каждому  участнику  видеть  действия  других, 

непринужденно обсуждать цели, ход работы и получаемые результаты. 

Работая  с  ребенком,  необходимо    сотрудничать  и  с  их  родителями:  воспользоваться 

любой возможностью общения  для установления доверительных отношений. 

В  результате  дети  должны  научиться    творчески  всматриваться  в  окружающий  мир, 

находить  разные  оттенки,  приобрести  опыт  эстетического  восприятия.  Должны 

научиться  создавать новое, оригинальное, проявлять творчество, фантазию, реализовать свой 

замысел, и самостоятельно находить средства для воплощения. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет