Даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамдық қатынастың модельдері


IV. Мүгедектіктің әлеуметтік моделі



бет4/13
Дата29.11.2023
өлшемі328,9 Kb.
#131285
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

IV. Мүгедектіктің әлеуметтік моделі.

IV. Мүгедектіктің әлеуметтік моделі.

20-шы ғасырдың 70-жылдарында Скандинавияда «медициналық модельдің» альтернативасы ретінде «қалыптандыру» түсінігі пайда болды. Қалыптандыру концепциясы даму ерекшеліктері бар баланы жаңа бағыттан қарастырып, ол тұратын қоғамда қабылданған мәдени ережелерге сай тәрбиелеуге назар аударды. Бұл кезең дамуында ерекшеліктері бар балалардың қалыпты құрдастарының қатарына интеграциялану процесімен байланысты.

Интеграция бұл контекстте ассимиляция процесі деп қарастырылды (адамның доминантты мәдениетке сай ережелерді қабылдап, өз іс-әрекетінде оларды орындауы). «Қалыптандыру» түсінігінің негізінде келесі ережелер жатыр: мүмкіндігі шектеулі балалар – түрлі іс-әрекеттерді меңгеруге қабіллетті, дамып келе жатқан адам. Яғни, қоғам мұны мойындап, қалыпты жағдайға мүмкіндігінше жақын өмір сүру жағдайын қамтуы тиіс.


Қоғамның көзқарасын өзгерту мақсатымен, қысым көрсетпей баланың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға, баланы оқуға және күш-жігерін жинақтауға бағытталған модель - «қалыптандыру» моделі.
1981 жылдан бастап (мүгедектердің Халықаралық жылы) мүгедектіктің әлеуметтік моделі кеңінен пайдаланыла бастады: мұнда мүгедектіктің өзінің әрі оны реабилитациялауда қоғамның ролінің маңыздылығы негіз деп саналды.
1990 жылдары мүгедектіктің анықтамасына оның еңбектену қабілеттілігімен қатар өмірлік іс-әрекеттерінің басқа да жақтары қосылды.

Бұл бағыттың мағынасы 1991 жылы АҚШ-та қабылданған мүгедектер туралы заңда былай деп берілген: «мүгедектік» - бір немесе одан көп тұлғалардың негізгі өмірлік іс-әректтерін шектейтін, қалыптылықтан ауытқыған физикалық немесе ақыл-ойдың дамуындағы ауытқушылық.

Бұл бағыттың мағынасы 1991 жылы АҚШ-та қабылданған мүгедектер туралы заңда былай деп берілген: «мүгедектік» - бір немесе одан көп тұлғалардың негізгі өмірлік іс-әректтерін шектейтін, қалыптылықтан ауытқыған физикалық немесе ақыл-ойдың дамуындағы ауытқушылық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет