Д) Психоәлеуметтік модель ғылыми қауымдастықта кеңінен таралып, мүгедектіктің көптеген американдық модельдерінің әдіснамалық негізі болды: шеттетілген топ ретінде мүгедектіктің әлеуметтік–саяси моделі, мүгедектіктің мәдени моделі, адамдар түрлілігі моделі.
Бұл модельде кез-келген мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға «таңба» басылған. Дені саулар мен мүгедектер арасындағы шекара, яғни «қалыптылық» пен «қалыпты еместік» арасындағы шекара әлеуметтік құрылым болып табылады. Сондықтан, «қалыптылық» түсінігін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды оған қосып кеңейту және қоғамның санасында мүгедектіктің жағымды бейнесін қалыптастыру қажет (Е.Тарасенко).
20-шы ғасырдың 90-жылдарының екінші жартысында қалыптаса бастады, оның негізінде мүгедектердің өздерінің маңыздылығын түсіну, яғни өзіндік идентификация жатыр. Мүгедектіктің мәдениетін дамыту арқылы топтық идентификацияға жетуге болады.
Мүгедектердің өзіндік идентификациясы кешенді шешімдерді іздеуді талап етеді:
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамда басым мәдени ұстанымдарға тәуелді болуын жеңу;
- мүгедектіктің мәдениетін құру, өз мемлекетінің мәдени өміріне белсенді қатыстыру, осы арқылы қоғамға толық интеграцияландыру, өзіндік мақсаттары мен қызығушылықтарын іске асыру;
- қоғамның жағымсыз ұстанымдарын белсенді өзгерту және мүгедектердің құқықтарын қорғаудағы маңызды компонент ретінде мүгедектердің өзін-өзі анықтауларына жағдай жасау.
Бұл ұмтылыс мүгедектердің құқықтарын қорғауға бағытталған американдық қозғалыстың үш заманауи ұрандарында көрсетілген: «Біз туралы бізсіз ешнәрсе!», «Өз ерекшеліктеріңді танытыңдар!», «Мен мүгедекпін, бірақ мен онымен мақтан етемін!»