адамдардың бұзылыстары және оларды құлшылық ету арасында айырмашылықтар бар екендігін растайды;
- мүгедектікті «әлеуметтік кемсіту» деп анықтайды.
Бұл модельде қоғам өзінің әлеуметтік институттары мен денсаулығында қиындықтары бар адамдарды мүгедек деп есептейді.
Б) «Тәуелсіз өмір» британдық моделі қалыптандыру және әлеуметтік валоризация теориясына негізделеді. Бұл модель көптеген батыс мемлекеттерінде мүгедектік аймағында әлеуметтік саясат концепциясының қалыптасуына әсер етті (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция).
Б) «Тәуелсіз өмір» британдық моделі қалыптандыру және әлеуметтік валоризация теориясына негізделеді. Бұл модель көптеген батыс мемлекеттерінде мүгедектік аймағында әлеуметтік саясат концепциясының қалыптасуына әсер етті (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция).
Ресми түрде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы интернаттарды біртіндеп жабылып, мекен-жайы бойынша мүгедектерге қолдау және қызмет көрсетудің түрлі бағыттары дамыды (алғашқыда Скандинавия мемлекеттерінде, соңынан Ұлыбританияда және АҚШ)
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмірін қалыптандыру жағдайлары дегеніміз – білім алуға, еңбек етуге, демалуға, түрлі әлеуметтік жетістіктермен пайдалануға, өз-өзіне қызмет көрсету мен қарым-қатынасқа түсе алуға қол жеткізуі.
В) Handicap моделі (концепциясы)
20-шы ғасырдың 70-жылдары еуропалық зерттеушілер «мүгедек» терминінен бас тартады. «Мүгедек» сөзі «жарамсыз», «қатардан қалған» деген мағынаны береді, оның орнына ағылшын саксондық «Handicap» (Handin cap) – «шляпадағы қол» мағынасын беретін сөз қолданыла бастады.
Бұл концепцияның авторы Ф.Вуд өзінің моделін қарапайым постулатқа негіздеді: «Мүгедек болып, қалыпты іс-әрекет жасауға кедергі болатын шектеулерден аса алмаған, нәтижесінде әлеуметтік ұтымсыз жағдайға түсетін, кез-келген адам саналады». Бақытсыз жағдай, ауру және т.б. себептер ағзаның функцияларының жетіспеушілігіне, дамымауына соқтырып, органикалық бұзылыстарға негіз болады, (Handicap патологиялық аспекті), ал мұның барлығы әлеуметтік жағымсыздықтың, жағымсыз жағдайдың себебі болады (жағдаяттық аспект).