Handicap – философиялық, әлеуметтік және медициналық концепция деп саналады. Әлеуметтену ешқашан қоғамнан тыс өтпейді. Пандустар арнайы әжетханалар, арнайы бағдаршамдар орнатып, Брайль алфавитін таратып және т.б. жағдайларды жасау арқылы қоғам, мемлекеттің атынан «Әлеуметтік протездеу» жұмысын нәтижелі жүргізе алады.
Көптеген еуропалық мемлекеттерінің Халықаралық келісімдері Handicap концепциясын бейімдеу арқылы қоғам мүшелерінің мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты азаматтық ұстанымдарын анықтап, құқықтық қоғамда азаматтық статусты нақтыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Г) Кіші топтар концепциясы– соңғы уақытта кеңінен таралуда. Мүгедектіктің бұл моделі қоғамды мүгедектердің ерекше құқықтарын қорғауға бағыттайды. Мүгедектерді шеттету теориялық моделін АҚШ-та мүгедектер қозғалысының белсендісі, оқытушы Харлан Хан 1994 жылы ұсынды.
Концепцияның теориялық негізі өткен ғасырдың 60-70 жылдары АҚШ пен Батыс Еуропада мықты дамыған, азаматтық құқықтар идеологиясы мен мүгедектер құқықтары философиясының принциптеріне негізделген. Мүгедектіктің медициналық модельдерімен салыстырғанда, Х.Ханның моделі мүгедектерді қазіргі қоғамда шеттетілген топ деп қарастырады.
Бұл концепция бойынша, мүгедектікті индивидке тән ерекшелік деп қарастырудың қажеті жоқ, бұл индивидті қолдамайтын қоршаған ортаның әсері. Егер қоршаған орта белсенділік танытуға немесе қандай да болмасын міндеттерді орындауға жағдай жасаса, онда индивид үшін мүгедектік мәселе ретінде жойылады.
Мүгедектіктің бұл моделінде үш негізгі постулаттар бар: - мүгедектер соқтығысқан қиындықтардың бастауы, бірінші кезекте, әлеуметтік жағдайлардың нәтижесі;
- қоршаған ортадағы көптеген қажетті жағдайларды қоғам мен нәтижелі саясат қамти алады;
- демократиялық қоғамда саясат мүгедектерге қатынасын бейнелеумен қатар оларға деген дұрыс қатынастың қалыптасуына белсенді әсер етуі керек.