Вестибулярлық аппарат – (латын тілінен енген «кіре беріс» деген мағынаны білдіреді).
Вибрация – (латын тілінен енген «діріл» деген мағынаны білдіреді ) қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болған түйсіктерді айтамыз.
Иллюзия– (латын тілінен енген «алдану» деген мағынаны білдіреді) түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды айтамыз.
Галлюцинация – (латын тілінен енген «қиялдану, шатасу» деген мағынаны білдіреді).
Апперцепция– (латын тілінен енген «қабылдауға қосымша» деген мағынаны білдіреді ) қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен. өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын айтамыз.
Конвергенция– (латын тілінен енген «жақындату» деген мағынаны білдіреді) қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі болып табылады.
Аккомадация– (латын тілінен енген «көз үйрету» деген мағынаны білдіреді) көздің затты түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі.
Пластика – (грек сөззінен енген «мәнер қалдыру» деген білдіреді).
Ассоциация– (латын тілінен енген «байланыс» деген мағынаны білдіреді) ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды.
Операция – (латын тілінен енген «амал» деген мағынаны білдіреді) қысқа уақыттық естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атаймыз.
Мнемоника– (грек тілінен енген «жаттау өнері» деген мағынаны білдіреді) жасанды жаттау тәсілдері.
Реминисценция – (латын тілінен енген «еске түсіру» деген мағынаны білдіреді) құбылыстарды не заттарды кешігіп еске түсіруді психологияда реминисценция құбылысы деп атайды.
Ретроактивтік – (латын тілінен енген «кері әсер етуші» деген мағынаны білдіреді) өткен материалға ұқсас екінші бір материал оқылса, бұл қайта жаңғыртудың сапасының төмендеуіне әсер етеді, мұндай құбылыс ретроактивтік тежелу деп аталады.
Проактивтік – (латын тілінен енген «ілгері» деген мағынаны білдіреді) бұрын есте сақталған материалдың екіншісіне бөгет жасауды проактивтік тежелу деп атаймыз.