Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет11/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

томатия. Составил Н. А. Трифонов. Москва, 1971).  

В. И. Кулешов ХУ111-Х1Х ғасырлардағы  орыс әдеби сынының та-

рихын  былайша түзген: классикалық сын (Ломоносов, Тредиаковс-

кий, Сумароков, Державин, т.б.), сентиментал сын (Карамзин, Дмит-

риев), сатиралық сипаттағы, немесе, ағартушылық реализм (Крылов, 

Фонвизин, Радищев), сындағы ескі бағыттың құлдырауы және эклек-

тикалық теорияның пайда болуы (Мерзляков), романтизмнің алғашқы 

элементтері  (Жуковский,  Батюшков),  азаматтық,  революциялық  ро-

мантизм бағдарламасы (Бестужев, Кюхельбекер, т.б.), демократиялық 

романтизм (Н. Полевой, Кс. Полевой), реалистік сын табалдырығында 

(Надеждин), сыншыл реализмде орыстың революциялық-демократия-

лық тұғырнамасының жасалуы (Белинский, Майков, Герцен, Некра-

сов), сындағы реализмге қарсы бағыт (Булгарин, Аксаков, Дружинин, 

т. б.), сыншыл реализмдегі революциялық-демократиялық тұғырнама-

ның жетіле түсуі (Чернышевский, Добролюбов, Писарев, Салтыков-

Щедрин),  сындағы  консервативті-романтикалық  және  реакцияшыл-

либеральдық бағыттар (Григорьев, Суворин, т. б.), реалистік сынның 

ішіндегі  ағымдар  (Михайловский,  Тургенов,  Гончаров,  Островский, 

Короленко),  орыстық  «натурализм»  теориясы  (Боборыкин),  сында-

ғы антиреалистік, декаденттік ағымдар (Волынский, Мережковский, 

Брюсов, т. б.), социалистік реализм сынының алғашқы қайраткерлері 

(Плеханов, Луначарский, Воровский, Горький, т. б.) 



(В. И. Кулешов. Ис-

тория русской литературы. Москва, 1972).          

                                                                 

КСРО Ғылым Академиясы А. М. Горький атындағы Әлем әдебиеті 

институты  шығарған  тоғыз  томдық    «Әлем  әдебиетінің  тарихы»               




38

(История всемирной литературы. В девяти томах. Издательства «Наука», 

1983-1994)

 орыс әдебиеттану ғылымының ХХ ғасырдағы аса ірі табы-

сы ретінде бағаланды. Авторлар құрамында С. С. Аверинцев, Н. И. 

Балашов, Г. Б. Бердников, И. С. Брагинский,  Ю. Б. Виппер, М. Л. Гас-

паров, Н. И. Конрад, Д. С. Лихачев,Г. И. Ломидзе, Ю. М. Лотман, Е. 

М. Метлинский, А. Д. Михайлов, Б. И. Пуришев,  Э. Р. Тенишев, М. Б. 

Храпченко, Е. П. Челышев, т. б.  секілді танымал әдебиеттанушылар 

бар бұл аса ірі академиялық іргелі зерттеуде әдебиет тарихын зерт-

теудің, дәуірлерге бөлудің көптеген әдіснамалық мәселелері теория-

лық және практикалық жағынан қалайша шешімін тапқандығы назар 

аударарлық.                                                                                                         

Әлем  әдебиеті  тарихын  жазушылар  оны  дәуірлерге  жіктегенде 

негізінен  тарихи-хронологиялық  ұстанымды  басшылыққа  алып,  мә-

селеге  типологиялық  тұрғыдан  келіп  отырған.  Бұл  деген  –  әдебиет 

тарихын дәуірлеуде оның үш түрін де, яғни хронологиялық, тарихи 

және көркемдік даму түрлерін ретіне қарай қатар қолдану деген сөз. 

Тараулардың тақырыптарының өзінен-ақ осы үш түрлі ұстанымның 

үйлесім  тауып  қолданылғандығы    көрінеді.  Көптомдықта  әдебиетті 

дәуірлерге  бөлгенде  негізінен  тарихи-хронологияның  басшылыққа 

алынып, ішкі тараушаларында көркемдік дамуға назар көбірек ауда-

рылып отырған.                

Әр том шамамен бір әдеби дәуірге арналған.  1-том әдебиеттің пайда 

бола бастаған ерте, фольклорлық бастауларынан жаңа заманға дейін, 

2-том  жаңа  дәуір  басталуынан  Х111-Х1У  ғасырдың  басына  дейін, 

3-том Х111ғасырдың соңы мен Х1У ғасырдың басынан ХУ1 ғасырға 

дейін, 4-том ХУ11 ғасырды, 5-том ХУ111 ғасырды, 6-том Ұлы Фран-

цуз революциясынан Х1Х ғасырдың ортасына дейін, 7-том Х1Х ға-

сырдың  екінші  жарымы,  8-том  1890-жылдардан  1917-жылға  шейін, 

9-том Октябрь революциясынан екінші жер жүзілік соғыс аяқталғанға 

дейін  уақыттарды қамтыған.                                                 

Бұлайша  дәуірлеудің  астарында  әлемдік  тарихта,  әдеби  дамуда 

үлкен  өзгерістер,  серпілістер    әкелген  ұлы  тарихи  оқиғалар,  кезең-

дер  жатыр.  Яғни,  әдебиетті  дәуірлеу  тарихи-хронологиялық  негізде 

жүргізілген. Әдебиеттің тарихын бұлайша кезеңдерге бөлу әдебиетті 

қоғамдық-саяси,  әлеуметтік-мәдени  даму  аясында  біртұтас  процесс 

ретінде  қарастыруға  мүмкіндіктер  туғызған.  Десек  те  әдебиетті  тек 

тарихи оқиғалардың ыңғайында қарап, оның өнер туындысы екендігі 

ескерілмесе, онда әдебиет тарихы азаматтық тарихтың жай ғана жа-

лаң иллюстрациясы ғана болып шыққан болар еді. Сондықтан да ав-

торлар бұлай болып шықпауы үшін тарихи-хронологияны көркемдік 

даму тарихымен ұштастырып отырған.  Мысалы, 6-шы томдағы Х1Х 

ғасырдың  бірінші  жарымындағы  орыс  әдебиетіне  арналған  тарау 

«Х1Х ғасырдың бірінші жарымындағы әдебиет», «Ғасыр басындағы 

әдеби  ағымдар»,  «Орыс  романтизмінің  ерекшеліктері.  Декабристер 

әдебиеті»,  «20-шы жылдардың екінші жарымы мен 30-шы жылдар-

дағы проза мен драматургия», «Натуральдық мектеп» аталған шолу 




39

сыпатты тараушалармен бірге Карамзин, Жуковский, Батюшков, Кры-

лов, Грибоедов, Пушкин, Баратынский, Тютчев, Кольцов, Гоголь, Бе-

линскиий   хақындағы шығармашылық портреттермен толыға түскен. 

Мұның өзі сол кез әдбиетін тұтас күйінде де,  көрнекті қайраткерлері 

арқылы да тануға мүмкіндіктер ашқан.                                                                                  

Десек  те    «Әлем  әдебиеті  тарихында»  қазақ,  түркі  әдебиеттеріне 

қатысты  берілген  материалдар  көңіл  көншітпейді.  Бүкіл  тоғыз  том-

дықтан «Ертедегі түркі әдебиеті» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет