Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет10/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(Н. А. Гуляев. Теория литературы. Москва, 1985).

 Бір 


теориялық еңбекте бүкіл әдебиеттің тарихы антикалық әдебиет, орта 

ғасырлар және қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті, барокко, классицизм, 

сентиментализм, романтизм, реализм, декаденс – модернизм, социа-

листік реализм, жаппай әдебиет дамуы үстінде зерттелінеді (Основы 

литературоведения. Под общей редакцией В. П. Мещерякова. Моск-

ва,2003). Тағы бір топ ғалымдар әдеби өмірді көркемдік әдіс, әдеби 

бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп, көркем бейнелеу ұстанымдарының 

дамуы үстінде қарастырып, осылардың ішінде көркемдік әдістің клас-

сицизм,  сентиментализм,  романтизм,  реализм,  символизм,  акмеизм, 

футуризм секілді сатыларын атайды



 (Введение в литературоведение. Под 

общей редакцией  Л. М. Крупчанова. Москва, 2005).     

                                                               

Н.  Л.  Лейдерманның    ХХ  ғасырдағы  орыс  әдебиетінің  тарихын 

дәуірлерге бөлуіжаңашылдығымен ерекшеленеді. Ғалымның тарихи 

хронологиядан гөрі әдебиеттің «ішкі» даму жақтарына, сол дәуірдің 

мәдени-әдеби  өмірінде  болған  өзгерістерден  туындаған  әдебиеттегі 

көркемдік жаңалықтарға көбірек назар аударғаны байқалады. Ол өт-

кен ғасырдағы кеңес әдебиетін  төмендегіше дәуірлеуді ұсынады:                                                          

1).  1890-1920-жылдардың соңы. Бұл кезде түрлі әдеби ағымдардың 

арасындағы күрес күшейе түсті.                                        

2). 1930-жылдардың басы – 1950-жылдардың ортасы. Іштей «оты-

зыншы жылдар», «Ұлы Отан соғысы кезеңі», «соғыстан кейінгі ал-

ғашқы он жылдыққа» бөлініп, «соцреализмнің шығармашылық әдіс, 

әдеби ағым ретінде үстемдік құруы», оған қарсылық ретінде түрлі әде-

би ағымдардың көріне бастауымен сыпаталады.                                                                                                    

3). 1950-жылдардың ортасы мен 1980-жылдардың ортасы. Бұл кезді 

«алпысыншы  жылдар»  (1954-1968),    «жетпісінші  жылдар»,  социа-

листік мәдениеттің дағдарысы, социалистік реализм әдісі негіздерінің 

шайқалып, реалистік дәстүрдің жандана түсуі, модернистік, авангард-

тық ағымдардың туа бастауы құрайды.                                            

4).  1980-жылдардың  ортасынан  бастап,  бүгінгі  күнге  дейін.  Бұл 

дәуір қоғамда жаппай рухани дағдарыстың өріс алып, орыс постмо-

дернизмінің  туып,  дамуымен,  өмірді  бейнелеудің  жаңа  тәсілдерін 

(постреализм,  натуралдық  сентиментализм)  іздеумен  ерекшеленеді 



(Лейдерман  Н.  Л.  Периодизация  русской  литературы  ХХ  века  и  текущий 

литературный  процесс.  Материалы  международной  научно-практической 

конференций «Современная русская литература: проблемы изучения и препо-

дования». Пермь, 2003).               

                                                

Профессор Өмірхан Әбдиманұлының «ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ 

әдебиеті» (2002) атты монографиялық көлемді зерттеуінде осы дәуір 

әдебиетін іштей тағы да  діни –ағартушылық, ағартушы-демократтық, 



37

ұлт-азатшыл бағыттарға жіктеген. Бұл жерде зерттеуші осы кезді үш 

бағыттағы  біртұтас үдеріс ретінде қарастырып, әдебиеттің өзіне ғана 

тән көркемдік дамуын басты назарда ұстаған. Ғалым ғасыр басында-

ғы әдебиетті ғылыми тұрғыдан саралағанда, қоғамдық-саяси өмірдің 

салдарынан туындаған ұлттық әдебиеттегі сапалық өзгерістерге қарай 

жіктеуі,  әдебиетті  идеялық-көркемдік  бірлікте  қарастыруы  оңтайлы 

шыққан.  

Әдебиеттің  өзін-өзі  теориялық  тұрғыдан  танытатын  құрамдас  бір 

бөлігі  санайтын  әдебиеттің  сыны  тарихының  жасалуында  негізінен 

осы соңғы көркемдік әдіс жүйесінің  басшылыққа алынатындығы бай-

қалады. Өйткені, әдеби сын дегеніміз, белгілі бір әдеби әдістің, бол-

маса әдеби ағымның, не әдеби  мектептің көркемдік принциптерінің 

орнығуы үшін күрес құралы болғандықтан да белгілі бір дәуір сыны 

сол дәуірдегі көркемдік жүйемен тікелей байланысты. Сол себепті де 

әдеби сынның жүріп өткен жолдарынан әдебиеттің көркемдік әдіс жа-

ғынан дамуы да айқын көрінеді. Мысалы, ХХ ғасырдың бас кезіндегі 

(1900-1917)  орыс әдеби сынын Н. А. Трифонов «Революциялық про-

летарлық сынның қалыптасуы», «Сыншыл реализм әдебиеті», «Реа-

лизмнен  декадентікке»,  «Модерн-декаденттік  әдебиет»  (символизм, 

акмеизм,  футуризм),  «Декаденттікті  жою  жолында»  тарауларына 

бөліп қарастырған

 (Русская литература ХХ века. Дооктябрьский период. Хрес-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет