Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет13/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

(Основы научных исследований. М., 1989, 54-бет).            

                                                                                              

Әдіснаманың философиялық сипаты айқын. Философия дегеніміз-

көзқарас, тіршілік туралы түсініктердің ортақ арнасы. Дүниетаным-

дық көзқарастардың осы уақытқа дейін негізінен идеалистік және ма-

териалистік болып екіге бөлініп келгені белгілі. Өмірді, сол өмірдің 

көркем бейнесі саналатын көркем шығарманы танып білуде жер бетін-

де  тіршіліктің  пайда  болуы,  адамзат  қоғамының  дамуы,  тіршіліктің 

мәні туралы ілімнің маңызы зор. Бүкіл қоғамдық ғылымдар  сияқты 

әдебиеттің тарихын зерттегенде де әлемнің материалдық тұтастығы 

және оның ылғи да даму үстінде болатындығы жайлы философиялық-

ғылыми тұжырымдар басшылыққа алынып келеді. 

Әдебиеттің тарихын зерттегенде, әдіснамалық негізінің дұрыс бо-

луы көненің сарғайған беттеріне айналған әдеби дәуірді тұтастай қам-

туға, әдеби құбылыстардың пайда болу, даму себептерін, жолдарын 

анықтай түсуге алғышарттар жасайды. Ғылыми зерттеудің нәтижесі 

ғана  емес,  соған  қол  жеткізетін,  бағытты  басқа  жаққа  бұрмай,  оған 

тура  алып  баратын    жол  да  аса  маңызды.  Ғылыми  негізді  әдіснама 

әдебиетті  зерттеу  барысында  шындыққа  қарай  жол  көрсетіп  отыра-

тын сенімді бағдар 



(А. Я. Зись. Эстетика: идеология и методология. М., 

«Наука», 1984, 11-бет). 

Мәселенің барлығы айналып келгенде, осы тура 

бағытты,  яғни  әдіснамалық  негізді  дұрыс  айқындап,  шындыққа  қол 

жеткізетін сара жолды дәл таба білуге келіп тіреледі. Сол себептен де 

әдіснамалық мәселелер ғылыми ізденістерде алдыңғы қатарға шығып, 

алдымен анықтап алуды талап етеді. Әдіснама дұрыс шешілмейінше, 

ғылымның мәселелері де дұрыс шешілмейді.                                                                                                

Әдебиеттің  көркемдік  дамуы  оның  бейнелеу  тәсілдерінің  жетіле 

түсуінен көрінетін  болса, әдебиеттанудың да қалыптасу, жетілу ба-

рысында  әдебиетті  зерттеу  әдіс-амалдары  толыға  түсті.  Осы  уақыт-

қа дейінгі әдебиеттану ғылымының жетістіктері де, кемшіліктері де 

оның әдіснамалық негіздерінде жатыр. Әдебиетті зерттеудің әдісна-

малық  негіздерінің  жетілмеуі,  болмаса,  көркемдік  дамудың  өзіндік 

ерекшеліктерінің  ескерілмей,  саясатқа  байланған  жалған  теориялар 

басшылыққа алынуы сияқты кемшіліктерден әдебиетіміз де, оның ғы-

лымы да айтарлықтай опық жеді.                                                                                                             

Демек, әдіснаманың дұрыс таңдалуы ғылыми ізденістердің дұрыс 

арнада, көзқараста болып, оның барар бағытын, қол жеткізетін нәти-

жесін алдын ала аңғартып тұрады. Мысалы, Батыс адамзат қоғамы-

ның  көшбасшысы,    қоғамдық-экономикалық-рухани  даму  жағынан 

Шығыстан жоғары деген өздерінің отаршылдық пиғылдарын жүзеге 



44

асыруды ғылыми жағынан негіздеген еуроцентристік жалған ілім шы-

ғыс  халықтарының  тарихын,  әдебиетін,  мәдениетін  зерттеу  істеріне  

қаншама зиян келтіріп, жалған теориялардың тууына жол ашты. Осы 

сияқты себептердің салдарынан түркі халықтарының ерте кездердегі 

тарихы,  әлемдік  өркениетке  қосқан  өзіндік  үлесі  сияқты  мәселелер 

күні бүгінге дейін жеткілікті дәрежеде зерттелінбей, зерттелінгеннің 

өзінде де лайықты бағасын ала алмай келе жатыр. Түркі халықтары-

ның бір кездерде дамыған, гүденген мәдениеті, әдебиеті болғандығы, 

олардың  арасынан  әлемдік  ғылымның  аса  көрнекті  қайраткерлері 

шыққандығы,  тіпті  түркілік  озық  мәдениеттің  Батыстың  өркениет 

жолымен  дамуына  айтарлықтай  әсер  еткендігі  –  күні  бүгінге  дейін 

мойындалмай  келе  жатқан  шындық.  Ал  ежелгі  түркілік  әдебиеттің 

жайына келетін болсақ, бұл да парақталмаған кітап секілді, өз зерт-

теушілерін, оқырмандарын күтуде.                                                                                                                     

Кеңестік  кезеңдегі  ғылымның  әдіснамалық  негізіне  маркстік-ле-

ниндік таптық ілім алынып, оның басты қағидасы партиялық прин-

цип  әдебиетті  бағалаудың  негізгі  өлшеміне  айналып,  әрбір  ұлттық 

мәдениетте екі түрлі мәдениет болады деген жалған теория үстемдік 

құрған тұстарда қазақ әдебиеті мен оның ғылымы орны толмас зардап 

шекті. Біртұтас ұлтты таптық тұрғыдан екіге бөліп, байларының бізге 

керегі жоқ деп, халық жауы санаған, сондықтан да оларды түп-тұқия-

нымен құрту керек деп, оларға қарсы бітіспес күрес ашып, тек кедей-

лерді ғана адам санатына қосып, солардың ғана сөзі сөйленген заман 

да  болған.  Әдебиеттің  басты  қасиеті  –  оның  көркемдігі  ескерілмей, 

тек қана идеялық жағына мән беріліп, коммунистік партиялық көзқа-

расқа сай келетіндігін, немесе келмейтіндігін анықтау болған уақыт-

тарда әсіресе әдебиеттің тарихын зерттеу саласында ғылыми тоқырау 

болды.   Қазақ әдебиетінің өткен ғасырларда жасаған көрнекті өкіл-

дері түгіл, тұтас бір дәуірлері, оны айтасыз, төңкеріске дейінгі  бүкіл 

ұлттық әдебиеттің тарихы халыққа жат саналып, жоққа шығарылды.                                                                          

Тәуелсіз  ел  болып,  тарихқа  басқаша  көзқараспен  қарап  жатқанда, 

оны бұрынғы ескі зерттеу тәсілдері арқылы қарастыру мүмкін еместігі 

өзінен-өзі  түсінікті.  Қазіргі  қоғамдық  ғылымдардың  жетістігі,  қо-

ғамдық, ұлттық ғылыми сананың өсуі өткеннің әдеби мұраларын зерт-

теу істеріне мүлдем жаңа міндеттер жүктеп отыр. Жаңа міндеттердің 

жаңаша зерттеу әдістерін қажет  ететіні белгілі. Кезінде жасалынған 

осындай   ғылыми «жетістіктерді»  дұрыс әдіснамалық негізге сүйе-

не отырып, бүгінгі күннің биігі, ұлттық, түркілік, жалпыадамзаттық  

мүдделер  тұрғысынан  зерделеп,  бағалап,  орын-орнына    қою  –  әде-

биеттану ғылымының бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған зәру мәселе. 

Әдіснаманың екінші мағынасы белгілі бір ғылым саласына қатысты 

ұғынылады.  Бұл  жерде  ол    жалпы  әдіснаманың  құрамдас  бір  бөлігі 

ретінде сол саланың өзіндік ерекшеліктеріне орай нақтылы жағдайда 

көрінеді.   Бұл турасында белгілі ғалым А. Быков «Жеке ғылымдық 

әдіснама жоқ. Бір ғана әдіснама бар. Ол – философия, логика. Өйт-

кені, философия мен логика ғана болмыс пен ойлаудың жалпыға ортақ 



45

заңдылықтарын зерттейді. Жеке ғылымдық әдістер – жалпы әдістің, 

жалпы  әдіснаманың  нақтылануы.  Жеке  ғылымдық  принциптер  мен 

теория әдіснамалық жүйе құра алмайды» 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет