ған.
29
Зарубежная литература от истоков до наших дней. Москва, 2003)
оқу құралы ретінде ұсынылған еңбегінде түркі халықтарының әде-
биеті жайлы бір ауыз сөз жоқ. Әлемдік мәдениетке айтарлықтай үлес
қосқан түркі халықтары тарихта болмағандай.
Қазіргі түркітану түркі халықтарының тарихына, мәдениетіне қа-
тысты тың жаңалықтармен толыға түсуде. Солардың ішінде ерте-
дегі еврей әдебиетінің басы делініп жүрген шумер жазбаларының,
парсы әдебиетінің классикалық туындысы саналатын «Авестаның»
тегі түркілік мәдениетке қатысы барлығын, сондай-ақ көне қытай
жазбаларында сақталынған тарихи деректер түркілік әдебиеттің түп-
тамырлары тым әріде, біздің жыл санауымыздан бұрынғы оныншы
ғасырларда жатқандығын дәлелдеп отыр. Осындай себептерден де
түркілердің өткен тарихы мен мәдениетіне қатысты соңғы кездердің
зерттеулерінде ашылып жатқан тың деректеріне, жалпы әдебиеттану
ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, түркі тектес халықтар-
дың ортақ әдебиет тарихын жазу бүгінгі күннің кезек күттірмес аса
зәру міндеттерінің бірінен саналуы тиіс.
Қазақ әдебиетінің тарихын қай кезден бастау керектігін анықтау жо-
лындағы ізденістердің бұралаңы көп болды. Өткен ғасырдың жиыр-
масыншы жылдарында шыға бастаған алғашқы әдебиет тарихына
қатысты еңбектерде бұрындары жасалынған әдеби үлгілерді ауыз әде-
биеті, әдеби мұра деп жіктемей, барлығын да бір әдебиет деп, қарас-
тырушылық байқалады.
М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1926) атты зерттеуі осылай атал-
ғанымен де әдебиеттің тарихы шын мәнінде ауыз әдебиетінен бастал-
ған. С. Сейфуллиннің «Ескі әдебиет нұсқалары» (1931) мен «Қазақ
әдебиеті» (1932) еңбектерінде де ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихы-
ның ара жігі ашылмай, бірге араласып жүрді. Бұлай болуының екі
түрлі себебі болды: оның біріншісі – әдебиет туралы ғылымның әлі
балаңдығы болса, екіншісі – қазақ әдебиеті тарихының әлі жете зерт-
телінбеуі еді.
Фольклор мен әдебиет тарихының ара жігін ашып алу мәселесі қа-
зақ әдебиетінің тарихын зерттеу барысында біртіндеп жүзеге асты.
Мысалы, Халел Досмұхамедов қазақтың ауыз әдебиетіне арналған
еңбегін «Қазақтың халық әдебиеті» (1928, орыс тілінде) атап, тек қана
фольклорлық мұраны жанрларға жіктеп, зерттеді. Одан кейінгі еңбек-
терде фольклортану мен әдебиеттің тарихы әдебиеттану ғылымының
дербес, жеке-жеке салалары болып қалыптасты. Қазіргі қазақ фольк-
лористикасын әбден кемеліне келген, әлемдік деңгейдегі ғылым сала-
сы деп бағалауға тұрарлық.
Әдебиет пен фольклористика бір бірінен еншісін алған соң да кей
туындыларды қайсысына жатқызамыз деген мәселе көп уақыттарға
дейін шешімін таппай келді. Авторы белгісіз, ауызша шығарылып,
ауызша тараған, ел арасында түрлі нұсқалары қатар жүрген әдеби
үлгілердің барлығы да фольклорға жатқызылып, аузша жырлап, өлең-
дері бізге ғасырлардың қойнауынан ауыздан-ауызға көшіп жеткен
30
ақын-жыраулар ауыз әдебиетінің өкілдері атанды да олардың әдебиет
тарихына кіру-кірмеуінің өзі дау туғызды. Осындай себептермен ал-
пысыншы жылдары жарық көрген үш томдық академиялық «Қазақ
әдебиетінің тарихы» ХУ111 ғасырда жасаған Бұқардан басталып, оған
дейін жасаған ақын-жыраулардың барлығы ауыз әдебиеті өкілдеріне
жатқызылған. Жетпісінші жылдарға дейін қазақ әдебиетінің тарихы
Бұқар жыраудан басталады деген пікір үстемдік құрып келді.
Әдебиеттің тарихын қай кезден бастау керектігі жайлы ұзаққа со-
зылған пікірталас барысында Б. Кенжебаевтың қазақ әдебиеті қазақ
хандығы құрылған ХУ ғасырдан бастау алады деген ұстанымы өмір-
шеңдік танытты. «Түркі ұлыстарынан шыққан тұңғыш оқымысты,
әдебиетшілер өздері қай ру, қай ұлыстан шықпасын, өз шығармала-
рын сол кездің ортақ әдеби тілінде, өз тұсындағы барлық түркі елдер
тайпасы қолданған тілде, көне таңба үлгілерінде жазған. Сондықтан,
ерте дәуірге жататын кейбір жазба деректер мен көне ескерткіштер,
әдеби еңбектер қазіргі Орта Азия мен Қазақстан елдеріне ортақ мұра
болып танылады» (Х. Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің қалыптасу ке-
Достарыңызбен бөлісу: