ұстанымына айнала бастады.
31
лардан бастап жүр. Ал шумерлердің кезінде аса дамыған өркениетті
ел болғандығын соңғы зерттеулер дәлелдеп отыр.
Қазақ әдебиетінің тарихы қай кезден басталады, қазақ хандығы
құрылып, жеке ұлт, мемлекет болып, тарих сахнасына шыққан ХУ
ғасырдан ба, әлде, қазақтың құрамына кірген ру-тайпалардың арыда
жатқан терең тарихынан ба деген сауалдарға келгенде, әлі де түркілік
тұрғыдан, қазаққа қатысы жағынан салыстыра отырып, ғылыми жағы-
нан зерттей, нақтылай түсуді қажет ететін тұстары баршылық.
Әдебиетті дәуірлеу жолдары. Әдебиеттің тарихын жазу барысын-
да, оны жасау жолдары қандай, оны дәуірлерге бөлгенде, қандай ұс-
танымдар басшылыққа алынады, қандай талаптар қойылады деген
ыңғайдағы біраз сауалдар туындайды. Қазір әдебиет тарихын дәуір-
леудің негізгі үш жолы белгілі:
1. Хронологиялық.
2. Азаматтық тарихпен орайлас.
3. Әдебиеттің өзіндік көркемдік дамуына қарай.
Осылардың ішінде көбірек қолданылып жүргені – алғашқы екеуі.
Өйткені, әдебиет дегеніміз, халық тарихының көркем бейнесі, бей-
нелі шежіресі. Сондықтан да халық бар жерде оның тарихы бар де-
сек, оның ажырамас бір бөлігі ретінде белгілі бір оқиғаның, болмаса
қайраткердің өмірде болғандығын көркем бейнелеп, иллюстрациямен
дәлелдей түсетін әдебиетінің болуы да – заңдылық. Сол себептерден
де әдебиет тарихын дәуірлеуді қолға алған кездерден бастап, оның
шегараларын жылдармен, немесе ғасырлармен анықтап отырған
дәстүр күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Мысалы, Х. Сүйіншә-
лиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» (1967) іштей «Ерте
дәуір әдебиеті» және «Х1Х ғасыр әдебиетіне» бөлінсе, «Қазақ әде-
биетінің тарихы» (1997) «Ежелгі әдебиет», «ХУ-ХУ111 ғасырларда-
ғы әдебиет», «ХУ111 ғасыр әдебиеті», «Х1Х ғасыр әдебиеті» болып,
дәуірленген. Соңғы он томдықтың 4-ші томы «Х1Х ғасырдың бірінші
жартысы (1800-1850)», 5-ші томы «Х1Х ғасырдың екінші жартысы
(1850-1900), 6-шы том «ХХ ғасырдың басы (1900-1916)» аталған.
Шуваш әдебиетінің тарихын зерттеушілер оны бұлғар (У111-
Х111ғғ.), Алтынорда–Қазан (Х1У-ХУ1ғғ.) және орыс мемлекетінің құ-
рамындағы (ХУ1-ХУ111) дәуірлерге бөлген (Қараңыз:Дореволюцион-
ная чувашская литература. Тексты. 1 том. Чубаксары, 1984, 464-бет).
Орыс әдебиеттану ғылымы да әдебиет тарихын дәуірлерге бөлгенде,
негізінен осы ұстанымды басшылыққа алып келе жатыр десек бола-
ды. Мысалы, КСРО Ғылым Академиясының Ленинград бөлімшесі
шығарған төрт томдық «Орыс әдебиетінің тарихы» (История русской
Достарыңызбен бөлісу: