– Қаламгерлер сынды қалай қабылдайды?
– Негізінен қоғамда сын туралы әртүрлі түсініктер қалыптасқан.
Сынсыз өсу, даму болмайтынын жұрттың бәрі біледі. Орыстың
атақты жазушыларының өзі сын туралы әртүрлі пікірлер айтқан.
Бір жазушы: "Сыншы – дегеніміз жазушы боламын деп, бола алмай
қалып, әдебиеттің айналасында нанын тауып жүргендер" дегенді
де айтқан. Түрлі обьективтік, субьективтік себептердің салдары-
нан қазір қаламгерлердің дені сынды дұрыс қабылдай алмайтын-
дай дәрежеге жетіп, сыншы пікірін айтыла беретін көп пікірлердің
бірі деп қана қарайтын болдық.
Қандай да бір туындыны мәдениетті сынай білудің өзі – өнер.
Ал, сынды дұрыс қабылдай білу – мәдениеттіліктің белгісі. Қазіргі
таңда сынды мүлдем оқымайтын да жазушылар бар. Тіпті, «мен
осылай көрдім, осылай жазамын, ал сынауға сенің хақың жоқ,
мықты болсаң, өзің осылай жазып ал» дейтіндер де шықты.
«Сын түзелмей, мін түзелмейді» дейді ғой қазақта. Сол айтпақ-
шы қай заманда да сынға құлақ асқанымыз жөн. Сын болмаса, қо-
ғам да, оның дамуы да болмайды. Сондықтан сынға мемлекеттік
тұрғыдан, қамқорлық керек. Сын – жеке адам үшін емес, бүкіл ұлт
үшін, қоғам үшін қажетті дүние.
392
Достарыңызбен бөлісу: |