–Елбасы Жолдауында латынға көшу мәселесі сөз болғалы
бері, қоғамда бұл мәселе қызу талқылана бастады. Сіздіңше,
Қазақстан латын әліпбиіне қашан және қандай жолдармен
көшкені дұрыс?
– Біздің қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған ұлттық рухани
құндылықтарымызға толық ие бола алмай отыруымыздың басты
себебі – әліпбиіміздің тұрақты болмауынан. Бүгінгі күннің тала-
бымен ертеңгі күнді ойлайтын болсақ, бізге түркі халықтарының
бірлігі үшін ортақ әліпби өте қажет. Бұл мәселе бүгін ғана емес,
өткен ғасырдың бас шенінде де көтерілген. Сол кездің өзінде-ақ ел
ертеңін ойлаған азаматтардың көпшілігі түркітілдес халықтардың
бірлігін сақтау үшін, басқа ұлттарға сіңіп кетпеу үшін, жаһандану-
ға жұтылып кетпеу үшін, ортақ әліпби жасауды ұсынған болатын.
Арада жүз жылдай уақыт өткеннен соң, бұл мәселе тағы көтеріліп
отыр. Демек, әліпби ауыстыру – біз үшін күн тәртібінен түспеген
аса маңызды мәселе. Сондықтан да Қазақстан латын әліпбиіне кө-
шуді тезірек қолға алуы керек. Мұның өзіндік себептері де жоқ
емес.
Біріншіден, түркі халықтарының бірлігі үшін. Тәуелсіздік ал-
ғаннан кейін түркі тілдес елдер жақындаса түсудің орнына бөл-
шектеніп, аралары алшақтап барады. Бөлшектену жақсылық емес.
Бұл әлемдік жаһанданудың аузына әрбір ұлтты бөлшектеп салып
беруге дайындағанмен бірдей. Әр мемлекеттің өз шекарасы болуы
керек. Дегенмен, түркі тектес халықтардың негізгі рухани құнды-
лықтары ортақ екендігі әрдәйім есте болуы қажет. Осы ортақтыққа
жеткізетін бірден бір құрал – тіл, әдебиет, мәдениет. Латын графи-
касына негізделген түркі халықтарының ортақ әліпбилері туыстас
халықтарды жақындата түсуге ықпал етеді.
Екіншіден, қазақ әліпбиінде қазір 42 әріп болатын болса, оның
он шақтысы – қазақ тілінде жоқ артық таңбалар. Бұл харіптер
орыс тілінен енген сөздердің түбірін сақтап жазу үшін ғана керек
болған. Орыс тілінен енген сөздердің түбірін сақтап жазу – қазақ
тілінің негізгі заңы – үндестік заңына қайшы. Латын әліпбиіне
көшу арқылы біз тілімізді, сөзімізді орыс тілінен жөнсіз енген қо-
қыстардан тазартатын боламыз. Латын әліпбиі – тіліміздің өзіндік
заңдылықтарын қалпына келтіре отырып, жат әріптерден құтылу-
дың таптырмас жолы.
Кириллицаны ауыстыру арқылы біз орыс отаршылдығының
негізгі құралдарының бірі болған әліпбиден арылып, осы уақытқа
дейін орысқа байланып келген бодандық психологиядан құтылып,
ұлттың ұлт болып өмір сүруінің локомотиві саналатын ұлттық са-
на-сезіміміз арта түсетін болады.
Үшіншіден, бүгінде әлемдегі білім-ғылымның 80 пайыздайы
латын графикасындағы ағылшын тілінде. Сондықтан біздің жас-
393
тарымыз заман ағымына ілесу үшін, әлемдік дәрежедегі білім-ғы-
лыммен қарулануы керек. Ал білім мен ғылымның негізі, көзі осы
латын әліпбиінде жатыр. Сонымен қатар, компьютер, ғаламтор
желісі бәрі осы ағылшын тілінде. Сондықтан да, бүгінгі күні латын
әліпбиіне көшу маңызды қадам болмақ.
Ал, енді латын әліпбиіне қашан көшеміз деген сауалға келетін
болсақ, бірінші кезектегі істі қазақ тілінің хал-ахуалын түзеуден
бастаған жөн. Ол үшін ең алдымен, Ата Заңымыздағы орыс тілі
ресми тіл деген тіркесті алып тастауымыз керек. Іс жүргізудің бәрі
қазақтілді болатын болса, қазақтың бәрі бір-бірімен қазақша сөй-
лесетін болса, онда латынға көшу бізге жеңіл болады. Олай жаса-
майтын болсақ, қазақ қоғамы орыс тілді, қазақ тілді болып, екіге
жарылып, мұның арты күтпеген әлеуметтік апатты жағдайларға
апарып ұрындыруы мүмкін.
Жоғарыда атап өткендей, бодандықтың қамытын лақтырып тас-
тау үшін, санамызда сілкініс жасау үшін латын графикасына кө-
шуді барынша тездетіп қолға алуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |