Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет23/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   191
«Дәстүр дегеніміз – ұрпақтан ұрпаққа беріліп, қоғамдық пікірдің 

күшімен қорғалып отыратын адамдардың қоғамдық қатынастарының 

тарихи қалыптасқан тұрақты неғұрлым жалпыланған нормалары мен 

принциптері»



 (Н.Сәрсенбаев. Обычаи и традиции в развитии. А.,1965, с.89).

Дәстүрлер әрбір ұлттың, халықтың тарихи, қоғамдық, экономика-

лық өмірінің ерекшеліктеріне байланысты пайда болып, қалыптаса-

ды. Қоғамдық жағдайдың барлық ұлттар үшін бірдей болмағандығы 

белгілі.  Осыған  байланысты  түрлі  халықтарда  сол  ұлттардың  өзіне 

ғана тән дәстүрлері болады. Мұндай дәстүрлер сол халықтың ұлттық 

ерекшеліктерін айқын көрсетеді. Сонымен қатар барлық халықтарға 

ортақ дәстүрлер тағы бар. Олар бір ғана ұлттық көлемінде ғана да-

мымайды,  жалпы  қоғамдық  ілгерілеу  барысында  дамып,  жалпы  ха-

лықтық сипатқа ие болады. Мысалға алатын болсақ, қонақжайлылық, 

сыпайылық дәстүрлері. Мұндай дәстүрлердің жалпы адамзат қоғамы 

үшін маңызы зор.

Дәстүрлер  –  белгілі  бір  қоғамдық-тарихи  кезеңнің  жемісі.  Ол  да 

өмірдің тікелей қажетсінуі мен талабы арқылы пайда болады, сөйтіп, 

қоғамдық  құрылыстың  мүдделеріне  сай  қызмет  етеді.  Адамзат  да-

муының  түрлі  кезеңдерді  басынан  өткізуіне  байланысты  дәстүрлер 

де сан сипатты. Өміршең дәстүрлер халықтың ғасырлар бойғы жақсы 

қоғам құру жолындағы арманы мен өткенінің нәтижесінде пайда бол-

ған.  Мысалы,  отаншылдық  дәстүрлер  қалың  бұқараның  бостандық, 

тәуелсіздік жолындағы жатжұрттық басқыншыларға қарсы ғасырлар 

бойы жүргізген күрестерімен бірге қалыптасты. Әрбір халықтың ұлт-

тық мәдени дәстүрлері сол халықтың мәдени өмірінің дамуымен бай-

ланысты.  Түрлі  халықтық  мейрамдар,  спорт  ойындары,  өнерпаздар 

жарысы мұндай дәстүрлердің қалыптасып дамуына негіз болды.

Қазақ халқының мәдени өмірінде өлең-жырдың зор роль атқарғаны 

белгілі. Осыған байланысты қазақ топырағында ақындық дәстүр ерек-

ше дамыды. Бұған Абайдың, Мағжанның ақындық дәстүрлері жақсы 

мысал.


Дәстүрлер – диалектикалық дамудағы процесс. Бұл процесс тікелей 

уақыт өзгешелігімен байланысты. «Елу жылда ел жаңа» дейді халық. 

Уақыттың  өзгеруімен  байланысты  қоғамдық  сана  да  өзгереді,  жеті-

леді.  Адамның  бұрынғы  білім  қорлары,  түсініктері  жаңадан  белгілі 

болған жаңалықтармен толықтырылып отырады. Адамзат дамуының 

осындай процестері дәстүрлер арқылы жүзеге асады. Жаңа ұрпақ ата-

бабалар өмірінде жасалынған мәдениеттің, тұрмыстың, т.б. үлгілерін 



69

дәстүрлер  арқылы  ғана  қабылдап,  сол  арқылы  өмір  сүре  алады.  Ал 

егерде, мұндай дәстүрлер жалғастығы болмаған болса, онда әрбір ұр-

пақ өмір сүруді алғашқы қоғамдық құрылыстардағы адамдардай жа-

ңадан бастауларына тура келер еді. Қоғам дамуымен бірге келе жатқан 

дәстүрлер арқылы ғана әрбір жаңа ұрпақ өмірде бұрын тексерілген, 

сыннан  өткен  өмірді  тану,  өмір  сүру  құралдарын  бірден  пайдалана 

алады. Ал мұның өзінің жалпы адамзат қоғамы дамуында маңызы зор.

Дәстүрлердің қоғам өміріндегі мұндай маңызды ролі оның дәстүр 

тұтынушылық  (преемственность)  қабілетімен  байланысты.  Осы  қа-

сиеті арқылы дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ескі мен жаңаның 

арасын байланыстырушы қызметін атқарады. Ескі мен жаңаның ара-

сындағы тығыз байланыстылық – қоғам дамуы үшін маңызды шарт-

тың  бірі.  Бұл  байланыс  –  аса  күрделі  қайшылықты  процесс.  Адам 

санасында  бұрыннан  бекініп  қалған  білім  қорлары  мен  түсініктері 

бірден өзгере қоймайды. Әрбір жаңа нәрсенің өмірге келуі оның жа-

ңашылдығымен, өміршеңдігімен тікелей байланысты. Дәстүр дәстүр 

болуы үшін ол міндетті түрде жаңашыл болуға тиіс. Жаңа өмірге қыз-

мет ете алмаған дәстүр өмір сүруден қалады. Бұл айтқандардан аңға-

рылатын нәрсе дәстүр мен жаңашылдық – екеуі екі түрлі нәрсе емес, 

бірінен бірі туындап жататын өне бойы бірегей құбылыстың екі жақ-

ты көрінісі. Өмірге жаңадан келген әрбір жаңалық өмірдің қаны мен 

жанына дөп келсе, оның дәстүрге айналып кетуі де мүмкін. Бүгінгі 

күннің дәстүрлері – кешегі күннің жаңашылдары.

Әрбір қоғамдық құрылыс, әрбір жаңа ұрпақ дәстүрлердің өз мүд-

делеріне  сай  түрлерін  ғана  қабылдап,  пайдаланады.  Еліміз  тәуелсіз 

болған соң, кеңестік кезеңде бұғауда болған қазақ халқының ұлттық 

дәстүрлеріне кең жолдар ашылды. Қазақ халқының қазіргі ұлттық дәс-

түрлері бірден бос жерге орнай салған жоқ. Ол халқымыздың ғасыр-

лар бойы жасаған мәдени мұраларының ең жақсыларын өзіне мирас 

етіп, соның негізінде өсіп, дамыды. 

Егеменді елімізде халық қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде 

басты роль атқарады. Дәстүрлердің де қоғамдық маңызы күшті бол-

ғандықтан қоғамдық бақылаудан тыс қала алмайды. Тәуелсіз дамып 

келе жатқан қоғамымызбен бірге дәстүрлеріміз де қанат жаюда. Қазір 

жер-жерлерде жаңа дәстүрлер де өмірге кеңінен енуде. Жас жұбайлар-

ға неке куәлігін тапсыру, үйлену, алтын, күміс тойларын өткізу, шілде-

хана, кәмелетке жеткен жастарға салтанатты түрде төлқұжат тапсыру

әскер қатарына алынғандарды шығарып салу т.б. жаңаша дәстүрлер 

күнделікті өмірімізде берік орын алып келеді. 

Дәстүр  қоғамдық  сананың  барлық  формаларында  кездеседі.  Бір 

ұрпақтан  келесі  ұрпаққа  мирас  етіп  берілген  идеялар,  көзқарастар, 

талғамдар, қалыптасқан тәртіптер, жүріс-тұрыс нормалары, әдет-ғұ-

рыптар т.б. – бәрі де дәстүрлерге жатады. Осыған сәйкес өнер мен әде-

биетте, ғылым мен саясатта т.б. бұрыннан келе жатқан дәстүрлер бар. 

Ұлттық дәстүрлер сол халықтың ғасырлар бойы жасаған, жинақтаған, 

қатал талабы мен талғамынан өткізген рухани асыл мұралары.



70

Әдебиет те қоғамдық сананың ең бір маңызды бөлігі болғандықтан 

да ұлттық дәстүрлердің ішінде алатын орны ерекше. Ұлттық мәдениет 

ішінде әсіресе, ауыз әдебиеті дәстүрінің маңызы зор. Қоғам дамуы-

ның жазу, сызу өнерлері кенжелеу қалған сатыларында ұлттық мәде-

ниеттің дамуында ауыз әдебиеті үлкен роль атқарды. Ауыз әдебиетін-

дегі дәстүр жазуы болмаған халықтың әдебиеті, сөз өнері, көркемдік 

жинақтауы, оның ілгері даму бағыты болды. 

Ауыз  әдебиетінің  ең  көп  тараған  түрі  салт  өлеңдеріндегі  дәстүр 

түрлі әдет-ғұрыптарға тікелей байланысты. Үйлену тойлары қазір жа-

ңаша өткізілуде. Осыған байланысты үйлену тойларында орындала-

тын тойбастар, жар-жар, беташарлар айтылып жүр. Бұлар – әрине, бір-

ден жасалына салған жоқ, халықтың өзінде бұрыннан бар дәстүрлерді 

пайдаланудың, оған жаңа заманға сәйкес жаңаша мазмұн берудің нә-

тижесінде шыққан тамаша туындылар. 

Бәдік айтысы шығу төркіні жағынан діни негізде болғанымен кейін-

нен ол мағынасын жойып, жастардың ойын–сауығының, өнер сайы-

сының  түріне  айналған.  Халықтық  өнер  –  бәдік  айтысы  қазір  неге 

жоқ? Оған бірнеше себептер бар. Біріншіден, қазір бізде сөз өнерінің 

дамуы үшін жазба өнері зор роль атқарып отырғандығы белгілі. Ақын-

дар  ақындық  өнерін  жазу  өнері  арқылы  жетілдіреді.  Мұның  өзінің 

сөз  өнерінің  дамуында,  ақындық  мәдениетінің  арта  түсуінде  жақсы 

жетістіктерге жеткізгені белгілі. Екіншіден, сахна өнері болмаған кез-

де осы қажеттіліктің де орнын белгілі бір дәрежеде бәдіктің басуына 

тура келді. Қазір бізде мұндай қажеттіліктерді театр, кино өнері са-

лалары атқарады. Демек, бәдік айтысын өткізу қазіргі қоғамымызда 

ешқандай қажеттілікті өтей алмайды. Ал, ақындар айтысы туралы мә-

селе басқаша. Қазір айтыстың бұл түрі жер-жерлерде дәстүрлі түрде 

өткізіліп тұратын болды. Айтыс қазіргі қазақтардың өмірінен тұрақты 

орын алды десе де болғандай. Еуропа кіндігі Парижде қазақ ақында-

рының айтысын тамашалау оны руханияттың әлемдік сахнасына шы-

ғарғандай болды. 

Әдебиеттегі дәстүр мәселесі – әдебиеттану ғылымындағы аса ма-

ңызды  мәселелердің  бірі.  Әдебиеттегі  дәстүрді  білудің  жалпы  әде-

биетіміздің сыр -сипатын, қасиетін, тарихын, даму бағытын анықтауда 

орны ерекше. Көркемдік дамудағы аса маңызды негізгі проблемалық 

мәселелердің бірі дәстүр мен жаңашылдық жайына айрықша тоқта-

лып, сөз қорғау орынды.

Біздің  әдебиетшілеріміздің  арасында  күні  бүгінге  дейін  дәстүрдің 

осындай маңызды жақтарын түсінбеушілік кездесіп қалады. Кезінде 

қазіргі өлеңдеріміздің формасы ескірді, он бір буынды өлең ұйқасын 

жою керек деген сияқты жаңсақ пікірлер де айтылды. Бірақ, мұндай 

пікірлердің қате екендігіне өмірдің өзі жауап берді. Қазір біздің поэ-

зиямызда халық рухының қаны мен жанынан жасалып, ғасырлар сы-

нынан қайыспай өткен өлеңнің байырғы түрлері кеңінен жырланып 

келеді. Құрымақ түгілі, тіпті, жаңа өмірдің жаңа лебімен жаңғырып, 

формалық,  көркемдік  жақтарынан  жетіле  түсуде.  Қазіргі  поэзиямыз 



71

халқымыздың  бұрыңғы  озық  дәстүрлерін  шебер  ұштастаруымен, 

өзінің жаңашылдығымен қуантады. Әрине, жаңа заман ырғағы поэ-

зияға да өз жаңалықтарын әкелуде. Мәселе сол жаңашылдықтардың 

халықтық дәстүрлермен ұштасуында жатыр. Егерде, ұштаса алмаса, 

оның поэзия үшін қажеті шамалы. 

Дәстүр мен жаңашылдықтың өзара жалғастығы әдебиетіміздің өт-

кені мен бүгінгісінің синтезін құрайды. Әдебиетіміздің өміршеңдігі де 

осыған байланысты. Бізде әрбір ақын ескі дәстүрлерді меңгеріп қана 

қоймай, өмірден де үзбей үйреніп отыруы керек. Ал, өмір жаңа құ-

былыстарға соншама бай. Ақын осы құбылыстарды жіті көзбен көре 

біліп, оны поэзия тілімен жырлай білсе, бұл оның поэзиясының өмір-

шеңдігі  мен  жаңашылдығы  болмақ.  Ал  бұл  жаңашылдық  идеялық, 

көркемдік факторлардың көптеген мәселелерін қамтиды. Жаңашыл-

дық форма мен мазмұн, стиль мен тіл, шеберлік мәселесі жағынан т.б. 

бұрынғы  дәстүрде  бар  нәрселерге  қосылған  өзгерістер,  жаңалықтар 

болуы мүмкін. 

Қазақ поэзиясының даму тарихында артында өзіндік өшпес із қал-

дырып, зор еңбек сіңірген ақындар аз емес. Қазақ поэзиясына Абай 

енгізген жаңалық мол. Сол жаңалықтардың арқасында ол үлкен дәс-

түр – реалистік дәстүр, халықтық дәстүр қалдырды. Мұндай дәстүр 

халық поэзиясында бұрыннан бар болатын. Абайдың қосқан үлесі сол 

– ол алғаш рет поэзияның халық өміріндегі маңызын түсінді; ондағы 

ділмарлыққа қарсы шығып, шын мәніндегі поэзияның озық үлгілерін 

жасады, сөйтіп ауыз әдебиетінде келе жатқан поэзияны мүлде жаңа 

арнаға салды. 

Советтік әдебиеттану ғылымы білгірлерінің бірі Л.И.Тимофеевтың 

1963  жылы  шыққан  «Краткий  словарь  литературоведческих  терми-

нов» деген кітабында жаңашылдық туралы мынандай анықтама беріл-

ген: «Новаторство /от лат. обновитель/ – в художественной литературе 

то новое, ценное для народа в содержании и форме произведения, что 

вносит передовой писатель в художественную литературу, улавливая 

новые запросы народа, наблюдая в жизни вновь возникающие явле-

ния, изменяющиеся отношения между людьми, новые черты человека 

и находя для их жизненно правдивого изображения соответственные 

художественные средства».

Әдебиетке жаңашылдық тән. Қазақ әдебиеті өзінің үздік туындыла-

рында өмірді көрсетудің озық үлгілерін, адамның толық қанды жетіл-

ген тамаша бейнелерін жасады. Біздің әдебиетіміздегі жаңашылдық 

ақын–жазушыларымыздың таланттарының жан–жақты көрінуіне то-

лық жағдай жасайды. Қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық батыс өнері 

мен әдебиетінде формализм деген атпен белгілі болған халыққа жат 

ағымға қарсы өзінің өміршендігін, артықшылығын көрсетіп келеді. 

Дәстүр – әсіресе әдебиет үшін аса қымбат. Дәстүрі жоқ әдебиет шын 

мәніндегі  әдебиет  емес.  Әдебиеттің  даму  процесінде  әсіресе,  ауыз 

әдебиетіндегі  дәстүрлердің  маңызы  зор.  Ол  –  шыңыраудан  шығып 

жатқан асыл бұлақ. Оны дұрыстап пайдалана білсе, берері мол. Қазақ 



72

әдебиеті өзінің бастауы етіп ауыз әдебиетін алды да, бұл күнде алдың-

ғы қатарлы озық әдебиеттің біріне айналды. Осы сияқты көптеген ұлт 

әдебиеттері де ауыз әдебиеті негізінде өсіп өркендеді. Ауыз әдебиеті 

дәстүрлерінің  жалпы  әдебиеттегі  маңызын  мына  бір  мысалдан-ақ 

оңай көруге болады. Атақты қырғыз жазушысы Ш.Айтматов Париж-

де француз жазушыларымен кездескенде, қырғыздың эпосы, әдебиеті 

жайлы, Манас сияқты ұзақ жырларды талмай айтатын Саяқбай Қара-

лаев  туралы  айтады.  Сонда  таң  қалған  француз  жазушылары:  «Сіз-

дердің тамаша байлықтарыңыз бар екен. Біздерде бәрі ұмытылған, біз 

ауыз әдебиетін сағынамыз, олардың жоғалып кеткеніне өкінеміз. Біз 

халық шығармашылығынан баяғыда-ақ қол үзіп кеткенбіз» – депті. 

Сонымен, халық өмірінде түрлі дәстүрлердің зор роль атқаратын-

дығын байқадық. Ата-баба өмірі жасаған халықтық дәстүрлер бүгінгі 

өмірімізде  өзінің  маңызын,  қадір-қасиетін  жойған  жоқ,  қайта  асыл 

тастар сияқты уақыт тезімен қырланып, әрленіп  жалтырай түсуде.

Дәстүр мен жаңашылдық деп атау – шартты нәрсе. Екеуінің айыр-

машылығы тек қана уақыт өлшемімен байланысты. Қоғамдық өмірге 

жаңадан келген әрбір қажетті, пайдалы соны құбылыс алғашында сол 

уақыт тұрғысынан өмірге келген жаңалық болады да, заманның өзге-

руімен байланысты уақыт тезінен өтіп дәстүрге айналады. Бұл айтыл-

ғандардан көрініп отырғандай, жаңашылдық дәстүрдің алғашқы даму 

сатысы ролін атқарады.

Біздің  күнделікті  өміріміз  жаңалықтарға  аса  бай.  Сондықтан  да 

біздің әдебиетіміз бен өнеріміздің басты мақсаты – сол жаңалықтарды 

жіті тани біліп, ғасыр экспресіндей зырлаған қоғамымыздың артық-

шылықтарын өнер құдіретімен көрсетіп беру. Өткенді білмей, жаңа-

ны жасау қиын. Сондықтан да халықтық дәстүрлерді қадірлеп үйрен-

бейінше, сол негізде өмір шындығын, адамның, қоғамның өміріндегі 

жаңалықтарды дәл, тереңірек беру үшін жаңа көркемдік құралдарды 

талмай іздестіру – қазақ жазушыларының ең басты, ең маңызды па-

рызы. 


***

Халықтың  күнделікті  тұрмысында  түрлі  әдет-ғұрыптар  аса  мәнді 

орын алғандықтан да, салт өлеңдері барлық елдің фольклорында кез-

деседі.  Әртүрлі  халықтардың  түрліше  жағдайларда  дамығандығына 

байланысты оның әдет-ғұрыптары да, соған байланысты туған салт 

өлеңдері де түрліше болады. 

Қазақтың салт өлеңдері мынадай негізінен үйлену салтына байла-

нысты, мұң-шер, жыл мезгіліне байланысты /наурыз/, төрт түлік мал, 

еңбек-кәсіп жайлы, діни өлеңдер болып бөлінеді.

«Халық әдебиетінің қайсы бір нұсқасының із-тұзсыз жойылып кетуі 

мәдениетіміз үшін орны толмас өкініш болмақ» – деп білген Халел 

Досмұхамедов тұрмыс-салт өлеңдерінің бұдан да басқа көп түрлерін 

көрсетеді 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет