Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет21/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   191
Ауыз әдебиеті – ерте замандағы халықтың ой-санасы жеткен бірден-

бір елеулі жетістігі. «Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін 

емес» – деп, Белинский ауыз әдебиетінің тым ерте кездерде щыққан-

дығын айтады. Қай халықты алсақ та, оның көркем әдебиеті ауыз әде-

биетінен басталады. Жазу өнері болмаған, немесе өз дәрежесінде да-

мымаған кездерде қоғам дамуының, жалпы адамзат мәдениетінің аса 

зор табыстары мен жетістіктерінің бірі ауыз әдебиеті болды.



63

Ауыз әдебиетін жасаған – халық. Небір қиындықтарда  жүріп жа-

саған халық туындыларында қарапайым халықтың өмір үшін күресі, 

қайғысы  мен  қуанышы,  арманы  мен  мақсаты  анық  көрінеді;  яғни, 

әлеуметтік–қоғамдық өмірі айқын көрініс береді. 

Қоғамдық  ой-сананың  дәрежесі  қоғамдық–  экономикалық  форма-

цияға, қоғамның дамуына байланысты. Адамзат қоғамы өзінің даму 

процесінде  түрлі  дәуірлерді  басынан  өткізді.  Ауыз  әдебиетінде  осы 

түрлі  дәуірлерде  жасаған  халықтың  тарихи  өмірі  мен  ой–санасы 

сәулеленіп  отырады.  Сонымен  қатар  қоғамдық  ой–сананың  тікелей 

жемісі, көрінісі ретінде ауыз әдебиеті де дамып, формалық, көркемдік 

жағынан  жетіле  түседі.  Әрбір  қоғамдық  құрылыс  ауыз  әдебиетінің 

идеялық бағытына, мазмұнына ықпалын тигізіп, керекті кездерінде өз 

мүдделеріне пайдаланып та отырды. 

Қазақ  халқының  ғасырлар  бойына  негізгі  шаруашылығы  мал  ша-

руашылығы болып, патриархалды – көшпелі тұрмыс құрып келгендігі 

белгілі. «Бақыт іздеп, ғасырлар бойына сахараны шарлап шарқ ұрған 

мұңдар  жолаушы  –  қазақ  халқы  бізге  архитектура  мен  скульптура-

ның, сурет өнерінің ескерткіштерін қалдыра алмады. Бірақ бұл бізге 

ең асыл мұра – жыр мұрасын мирас етті. ...өзінің рухын ұмытылмас 

эпостық дастандарда, сан-сан әралуан түрлі жырларында бейнеледі» 

(М.Әуезов. Уақыт және әдебиет.А.,1968,34-бет)

.

Өнердің туып дамуы үшін қоғамның, еңбектің, кәсіптің әсерімен қа-



тар халық санасында осыған бейім белгілі бір қасиеттердің де болуы 

шарт. М.Әуезов айтқандай, «есте жоқ ескі замандардан бастап дары-

ған ақындық даналығы» қазақ топырағында әсіресе, ауыз әдебиетінің 

дамуына негіз болды. Сонымен қазақ халқында ауыз әдебиетінің үздік 

үлгілерінің тууына оның қоғамдық, экономикалық жағдайы мен геог-

рафиялық ортасы, кәсібі мен табиғи дарындылығы әсер етті.

Ерте заманнан бастап халық жеке адам мен қоғам өміріндегі әрбір 

елеулі оқиғаларды есте қалдыру үшін ерекше атап өтуге дағдыланған. 

Осыған байланысты түрлі салт-жоралар мен әдет-ғұрыптар орында-

латын болған. Осындай жерлерде айтылатын өлеңдер салт өлеңдері 

деп аталынады. Ауыз әдебиетінің ең көне түрі және халық тұрмысын 

кеңінен  қамтып,  ел  арасына  көп  тараған  түрі  –  салт  өлеңдері.  Салт 

өлеңдерінің болуы тікелей түрлі әдет-ғұрыптар мен салт-жоралардың 

орындалуына байланысты.

Әрбір нәрсенің дүниеге келуі белгілі бір қажеттіліктен, себептілік-

тен болады. Қажеттілік екі түрлі: бірі – материалдық, екіншісі – руха-

ни. Адамдардың өмір сүруі үшін ең алдымен, материалдық қажеттілік: 

тамақ, киім, үй керек. Адамзат өмірі тек қана материалдық игіліктер-

мен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар рухани қажеттілікті де 

керек етеді. Рухани қажеттілік әртүрлі: саясат, ғылым, өнер т.б. Адам-

дар  арасындағы  қатынас  түрлері  аса  маңызды  қоғамдық  қажеттілік 

ретінде пайда болды. Түрлі әдет-ғұрыптар да қоғам дамуының алғаш-

қы  кездерінде  қоғам  мүшелері  арасындағы  қатынастың  негізгі  түрі 

боп өмірге келді.




64

Халық  қоғам  өміріндегі  елеулі  оқиғаларды  белгілі  бір  тәртіппен, 

жүйемен атап өту барысында әртүрлі салттар, әдет-ғұрыптар шыққан. 

Қоғам өмірінде әрдайым пайдалы, ыңғайлы дағдыларды қажетсіну бо-

лып тұрады. Бұл қажеттілік жеке адамдар өміріндегі жақсы әдет-дағ-

дылармен толықтырылып отырған. Осындай процестердің нәтижесін-

де біртұтас халықтық  әдет-ғұрыптар  қалыптасты. Әдет-ғұрыптардың 

қалыптасуында халықтың ой санасының дәрежесіне қоса түрлі діни 

наным-сенімдердің  ықпалы күшті болды. Тіпті, кейбір әдет-ғұрып-

тардың шығуына тікелей діни әсерлердің басым болғандығын да айта 

кету керек.

Әдет-ғұрыптар да – қоғамдық құбылыс. Қоғам бар жерде әдет-ғұ-

рыптар да бар. Әдет-ғұрыптар – адамзат қоғамының өмір сүруі үшін 

негізгі шарттардың бірі. Сондықтан да әдет-ғұрыптар қоғаммен бірге 

туып, бірге жасасып келеді.

Адамзат  ой-санасының  жетістігі  ретінде  әдет-ғұрыптар  халықтың 

күнделікті тіршілігінде қажеттілік ретінде пайда болды  да, түрлі қо-

ғамдық қатынастарды реттеп отыруда зор роль атқарды. Әсіресе, қо-

ғамдық  сананың  заң,  саясат  сияқты  формалары  болмаған  қоғам  да-

муының  алғашқы  кезеңдерінде  адамдар  арасындағы  қатынастарды 

реттеп отырушы күш ретінде әдет-ғұрыптар жазылмаған заң күйінде 

атқарған қызметі ерекше болды. 

Әдет-ғұрыптар – қатып қалған нәрсе емес, диалектикалық дамуда-

ғы категория. Ол да қоғам дамуымен бірге дамиды; өмірге жарамсыз-

дары жойылып отырады да, өміршеңдері жетіле түседі. Бұл процесс 

қоғамның,  халықтың  қойған  қатал  талабы  мен  талғамынан  өту  ба-

рысында, белгілі бір қоғамдық міндетті атқару нәтижесінде жүреді. 

Сөйтіп, әдет-ғұрыптарды жеке адам емес, бүкіл қоғам болып жасай-

ды. Қоғамдық маңызды мәселелерде қоғамдық ой-пікір қалыс қалмай-

ды. Әдет-ғұрыптардың пайда болуында, дамуында қоғамдық ой–пікір 

маңызды  роль  атқарды.  Әдет-ғұрыптар  қоғамдық  сананың  күшімен 

пайда болып, сол арқылы өмір сүреді. 

Әдет-ғұрыптардың  қалыптасуы,  дамуы  екі  жақты  жүрді.  Бірінші-

ден,  жеке  адамдардың  өмір  тәжірибелері  арқылы  тексерілген  әдет–

дағдылардың негізінде әдет-ғұрыптар онан әрі жетіле түсті. Екінші-

ден,  қоғамдық  өмірдің  қажетсінуімен  байланысты  жаңадан  пайда 

болып  отырды.  Әдет-ғұрыптар  –  қоғамдағы  ұжымдық  қарым–қаты-

настардың бейнелі, көркем түрдегі көрінісі. Халықтың әдет-ғұрыпта-

рында адамзаттың ғасырлар бойы сұрыпталған арман-мақсаты, қуа-

ныш-шері жинақталған. Әдет-ғұрыптар шындық өмірді бейнелі түрде 

көрсетеді .

Қазақтың  әдет-ғұрыптарын  көп  зерттеген  философия  ғылымда-

рының  докторы  Н.Сарсенбаев  әдет-ғұрыптарға  былайша  анықтама 

береді: «Әдет-ғұрып дегеніміз – ұрпақтан ұрпаққа беріліп қоғамдық 

ой-пікірдің күшімен қорғалып отыратын адамдардың тарихи қалып-

тасқан неғұрлым тұрақты қоғамдық тәртібінің нормалары және өмірі 

мен тұрмысының көрінісі. Әдет-ғұрыптар дегеніміз адамдар тұрмы-



65

сындағы қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан тұрақты нор-

малары» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет