Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет20/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

Ұлт  дегеніміз  –  тіл,  белгілі  бір  тілде  сөйлейтін,  белгілі  бір  салт-

дәстүрмен өмір сүретін халық. Тіл мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер – 

ұлттың ұлт болып, халық болып өмір сүруінің басты шарты, негізгі 

ережелері,  басқаша  айтқанда,  ата-баба  салты  кейінгі  ұрпақ  үшін  – 

Ата жол. Ал ұлттық дәстүрлерге негізделген ата салтымен өмір сүру 

–  әрбір  азаматтың  мына  қым-қиғаш  заманда  адаспай,  тура  жолмен 

жүріп, бақытты ғұмыр кешуінің бірден-бір кепілі; сонымен бірге өз 

бақытын ұлт болашағымен байланыстырған әрбір адамның қоғам ал-

дындағы азаматтық парызы.

Тілдің  өзгеруі,  ұлттық  дәстүрлердің  әлсіреуі  ұлттық  болмыстың 

әлсіреуіне, ол түптің түбінде ұлттың жойылуына алып келеді. Мәң-

гүрттік, көзқамандық құбылыстар – ұлттық болмыстың бұзылуының 

басы. Бұл – оның бойында қазақылық мінезден гөрі маргиналдық қа-

сиеттер көбейіп, ұлтсыздана бастады деген сөз. Ұлттық тілінен ажы-

рап,  басқаша  қалыппен  өмір  сүріп,  рухани  азықты  басқадан  алған 

адамның  ұлттық  сана-сезімі,  ұлттық  рухы  жойылып,  басқаға  көзсіз 

еліктеушілікке ұшырайды. Ал рух азғындаса, адам азғындайды, адам-

мен бірге қоғам бұзылады. Сондықтан да адамды адам ретінде сақтап 

қалатын – ұлттық орта, ұлттық дәстүрлер, ұлттық мәдениет, ұлттық 

руханият. Ұлттық өмір салтынан басқаша өмір сүру – ұлтсыздыққа, 

яғни азғындыққа апарар күмәнді жол. 

Ұлттың негізі – ұлттық руханият, ұлттық сана-сезім. Бұлар ұлттық 

дәстүрлер негізінде қалыптасады. Рухани жағынан бай, ұлттық сана-

сезімі жоғары, жан-жақты жетілген, жеке басының ғана қамын ойлай-

тын пендешіліктен гөрі ұлттық, халықтық мүддені жоғары қоя білетін 

азаматтарды тәрбиелеу – әрбір қоғамның басты міндеті.

Рухсыз адам – пенде. Пенделік көбейген жерде қылмыс көбейіп, аз-

ғындық өріс алады, ұлтты ішінен ірітеді. Батыста адамгершілік нор-

маларына қайшы түрлі қылмыстардың көбейіп жатқандығының басты 

себебі – олардың ұлттық құндылықтарын жоғалтып алуында. Бұл – 

ақыр соңында олардың ұлттық қасиеттерін жойып, ұлттың жоғалуына 

апарып соқтыратын, адамзаттың болашағы үшін аса апатты құбылыс. 

Адамзат  дамуында  экономикалық  даму  мен  рухани  жетілудің  қатар 



61

жүріп отыруы шарт болса, осы үдерісте руханияттың артта қалуы, не-

месе дағдарысқа ұшырауы – адамзат дамуын құрдымға бастар қатерлі 

жол. Демек, ұлтсыздануды мақсат тұтатын жаһандануды адамзаттың 

адам  болып,  қоғам  болып  өмір  сүруіне  көмектесетін  адамгершілік 

қасиеттерден, ұлттық рухани құндылықтардан жұрдай қылатын, қо-

ғамды апатқа апарар аса қауіпті жол деп қарау керек.

Ұлттық дамуда ұлт бірлігі – аса маңызды. Әдетте, адамдар өмірде 

бір-бірімен туысқан, жегжат, нағашы, жиен, құда, бөле, бажа, дос бо-

лып  дегендей  қарым-қатынасып  жатады.  Осылай  келгенде,  қазақта 

бөтен адам жоқ; бәрі бір-бірімен байланыста. Осы туысқандық байла-

ныстар түрлі салт-жоралар түрінде ұлттық дәстүрлерге айналып, ұлт 

бірлігін, ұлт тұтастығын қорғайтын ата салтқа айналған. Ұлттық дәс-

түрлерде алдыңғы қатарға шығады. Ал ұлттық мүдденің негізі – ұлт-

тық руханият. Ұлттық руханият ұлттық сана-сезімді қалыптастырады 

да ол өз кезегінде ұлттық қоғамдық даму жолында дұрыс бағытта бо-

луының темірқазығына айналады. 

Ұлттық  әдет-ғұрыптар,  салт-дәстүрлер  әрбір  адамның  жеке  инди-

вид ретіндегі ғұмырынан бастап, ұлттық мүддеге қызмет ететін азамат 

болып қалыптасуына, сол адамдардан тұратын халықтың ұлт ретін-

де ұйысып, қоғамдық өмір сүруіне барлық жағдайлар жасайды. Яғни 

жеке адам мен қоғамның арасындағы қайшылықтарды, түрлі алауыз-

дықтарды жойып, халықтың біртұтас ұлт болып жасай беруін қамта-

масыз етеді; адамдарды туысқандық жағынан ғана емес (қан бірлігі), 

рух жағынан біріктіріп, ұлттың іргетасын бекіте түседі. Сондықтан да 

тіл бірлігіне, дін бірлігіне, осы негізде қалыптасқан діл (менталитет) 

бірлігіне  бастайтын  ұлттық  дәстүрлерді  ұстану,  сол  арқылы  халқы-

мыздың ғасырлар бойы жасаған мәдени қазынасын жоғалтпай, төк-

пей-шашпай  бүгінгі,  келешек  ұрпақтың  рухани  азығына  айналдыру 

– ертеңін ойлаған елдің барлық уақытта да есте ұстар басты міндеті.

Ұлттың  ұлылығы  оның  ұлттық  дәстүрлерінен,  ұлттық  табиғаты-

нан көрінеді. Нағыз қазақ – бәрін біліп, орысша, ағылшынша сайрап 

тұрған,  сонымен  бірге  ана  сүтімен  ауызданып,  ұлтының  бар  жақсы 

қасиеттерін  бойына  сіңірген,  халқының  дәстүрлерін,  тарихын,  әде-

биетін,  өнерін  жетік  білетін,  әлемдік  руханияттың  озық  үлгілері  де 

жат емес азамат. Қазақты әлемге таныту дегенде, қазақтығымыздың 

басты белгісі ұлттық мәдениетімізбен, ұлттық дәстүрлерімізбен, тұр-

мыс-салтымызбен танылу барлық уақытта есте болғаны жөн. Біздің 

батыстан басты айырмашылығымыз да, басты артықшылығымыз да 

–  адамгершілік  принциптеріне  негізделген  ұлттық  дәстүрлеріміздің, 

ұлттық мәдениетіміздің, ұлттық рухымыздың сақталуында.

Алматының апорты Жетісуда ғана жақсы өсіп, мол өнім бере ала-

тындығы анық болса қазақтың әр баласы да қазақша сөйлеп, ұлттық 

дәстүрлермен өмір сүрсе, ол әрбір қазақтың бойында тұқым қуалау-

шылық  бойынша  қалыптасқан  негізде  физиологиялық,  рухани  да-

мудың шырқау шыңына шыға алады. Ұлттың даму болашағы да сол 

сияқты. Демек, ұлттық орта – қоғамдық дамудың құнарлы топырағы.



62

Ұлттың басты белгісі – ұлттық руханияттың, ұлттың сана-сезімінің 

болуы.  Ал  ұлттық  руханияттың  өмірдегі  көрінісі  –  әдет-ғұрыптар, 

салт-жоралар.  Әдет-ғұрыптар,  салт-жоралар  –  ұлттық  руханияттың 

өмір сүру формасы да, тұрмыс-салт жырлары – оның ұлттық мазмұны. 

Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты; бірінсіз-бірі жоқ. Халықтың ұлт-

тық болмысы, ерекшеліктері, арман-аңсары тұрмыс-салт жырларында 

өнер тілімен шынайы өрнектеліп, рухани өмірдің өзегін құрайды.

Сонымен,  ұлт  дегеніміз  –  тіл,  сол  тілмен  өрнектелген  адамдар 

арасындағы  әлеуметтік  қарым-қатынастардың  дамуы  барысында  за-

маналар  бойы  қалыптасқан  әдет-ғұрыптардың,  салт-жоралардың, 

бір  сөзбен  айтқанда,  ата  дәстүрдің  негізіндегі  ұлттық  болмыс.  Ұлт-

тық болмысты ұлттық сана-сезім құрайды. Ұлттық сана-сезімі, рухы 

жетілмеген, немесе әлсіреген халықтың болашағы күңгірт. Сондықтан 

да ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы жоғары ұрпақты ата-баба жолы-

мен  тәрбиелеу,  сол  үшін  ұлттық  дәстүрлерді  жаңашылдықпен  жал-

ғастыра түсу – қай заманда болмасын, аса маңызды мәселе, ұлттық 

дамудың бірден-бір шарты.

Тілін,  ата  салтын  білмеген  ұлтының  қадір-қасиетін  білмей,  өгей 

ұлдай күй кешеді. Туған тілінен, халқының жақсы дәстүрлерінен ада 

адам ұлтын сүйе алмайды; халқына адал қызмет ете алмайды. Онда 

туған жерді сүю, отаншылдық сезімдері жоқ; халқының басына қиын 

жағдай туғанда, Отанды қорғаудың орнына бас қамының жағдайын 

жасап, жайына кетеді. Ал халыққа ұлттық намысты, туған жерді қа-

сық  қаны  қалғанша  қорғауға  дайын  ұлтшыл  патриоттар  керек...  Ал 

ұлтын,  Отанын  сүйген  азаматтар  ұлттық  топырақта  ана  тілінде  жа-

салынған ұлттық руханияттан уызында жарып, халықтық дәстүрлер 

негізінде тәрбиеленгенде ғана шығады. Ұлттық рухтың қайнап жатқан 

қара қазаны – ұлттық дәстүрлер де, оның қайнар көздерінің бірі – тұр-

мыс-салт жырлары.   

                                  ***  

Қазақ халқының ауыз әдебиеті – асыл мұраларға аса бай. Оның се-

бебі бұл шығармалардың халықтың заманалар бойғы тарихында жа-

салынып, оның сөз өнеріне деген қатал талабынан, талғамынан шық-

қандығында.  Әр  дәуірде  жасаған  ұрпақтар  артына  бірден-бір  мұра 

ретінде сөз өнерінің меруерт-маржандарын қалдырып отырды. Бұл ес-

керткіштерде сол дәуірдің тынысы айқын сезіліп, халықтың тұрмыс-

тіршілігі,  қоғамдық  өмірі,  шаруашылығы,  кәсібі,  дүние  танымының 

дәрежесі анық көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет