Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


Қоштасу  өлеңінің  екінші  бір  түрі  –  елімен,  жерімен  қоштасу



Pdf көрінісі
бет33/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   191
Қоштасу  өлеңінің  екінші  бір  түрі  –  елімен,  жерімен  қоштасу. 

Қазақ  халқының  бұрынғы  өмірі  көбіне  жаугершілікте,  шапқыншы-

лықта  өткені  мәлім.  Осындай  оқиғалардың  бірі  –  тарихқа  жоңғар 

шапқыншылығы деген атпен белгілі болған қалмақ шонжарларының 

1723 жылы қазақ еліне жасаған шабуылы еді. Осы жорықта жоңғар 

шапқыншылары қазақтардың көптеген жер-суын, ата-мекенін тартып 

алды, халықты қанға бояды. Еркекті құл, әйелді күң етіп, елге қара 

түнек заман орнатты. Халық амалсыздан ата-мекенін тастай шығып, 

жөңкілуге  мәжбүр  болды.  Қазақ  тарихында  «ақтабан  шұбырынды, 

алқакөл сұлама» аталынған халық өмірінің ең бір ауыр кезі қоштасу 

өлеңдерінің тамаша үлгілерін туғызды. Халық әні атақты «Елім-ай» 

осы кезде шыққан. 



–Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір жорға бос келеді.

Елден, жұрттан айрылған жаман екен.

Екі көзден мөлдіреп жас келеді.

Жалпы  халық  мүддесіне  шапқыншылық  атаулының  жат  екендігі, 

оның  қоғам  өміріне  қаншалықты  ылаң,  ауыр  күйзеліс,  қайғы-мұң, 



87

қасірет-шер әкелетіндігі белгілі. «Елім-ай» өлеңінде де қалмақ шон-

жарларының қазақ еліне жасаған шабуылының елге соншалықты ауыр 

тигендігі көрінеді. Өлеңді естіген кезіңде бүкіл халықтың күңіреніп, 

қайғы жұтқан аянышты халі көз алдыңа келеді, өксікке толы ащы зар 

құлаққа естілгендей болады.

Бұрынғы  замандарда    ру  арасындағы  дау-жанжалдар  өрши  түсіп, 

бірінің жерін екіншісі зорлықпен тартып алуы, елден елдің ауа көшуі 

сияқты оқиғалар көп болып тұрған. Мұндай жағдайлардың кесірі, зар-

дабы халыққа тиетін. Амалсыздан босқан халық елімен, жерімен қош-

тасқан,  көңіл-күйін  білдіріп,  түрлі  өлеңдер  шығарған.  Туған  жердің 

ыстықтығын, қымбат екендігін, оның жақсы қасиеттерін егіле жыр-

лаған. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы Таңсықтың қоштасуы 

– мұндай өлеңдердің тамаша үлгісі:



– Балталы, Бағаналы ел аман бол,

Бақалы, балдырғанды көл аман бол.

Теруші ем еріккенде ермек етіп,

Екпе жиде, алма ағаш, гүл аман бол. 

(М.Ғабдуллин. Қазақ халқының 

ауыз әдебиеті.1964,63-бет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет