Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


өлеңдерінің бірі – «Тұрсын қарттың өлерінде балаларына айт-



Pdf көрінісі
бет35/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

өлеңдерінің бірі – «Тұрсын қарттың өлерінде балаларына айт-

қаны»  деген  кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылдарында  айтыл-

ған ұзақ өлең.

– Құлақ сал бұл сөзіме, балаларым,

Дүниеден көшкелі отыр бабаларың.

Айтайын көрген білген жерлерімді,

Мен-дағы  талай  жерді  араладым  –  деп,  басталатын  өлең  ай-

тушының өткен өмірін шолып шығады. Жиырма жасынан бастап 

көрген-білгендерін, басынан кешіргенін айтады, соның бәрін тізіп 

шықпайды, ішіндегі ең елеулілерін, өз балаларына үлгі боларын, 

өткен заманның ауыр болғанын жырлайды. Ең соңында:

–Бұл істен бар ма хабарың,

Бостандық болды заманың...

Еңбекші елдің баласы, 

Алға бассын табаның.

Жақсы болсаң өздерің,

Тигізбес ешкім залалын.

Ұйымдасып іс қылсаң,

Балаларым, жарадың 

(Қазақ совет фольклорі. Жинақ, 1935,72-бет). 

– деп, қазіргі дәуірдің шат заман екендігін ескерте айтады. Көпті 

көрген көне, өмір тәжірибесі мол дана ретінде өз ұлдарына, ұлда-

ры арқылы бүкіл жастарға тіл қатады. Адамды бақытқа жеткізетін 

бостандық, еңбек, татулық дегенді аңғартады. Ол үшін ұйымдасып 

еңбек ет, жаңа қоғамның құрушысы бол деп, өзінің аталық өсиет 

сөздерін айтады.

Қоштасу өлеңдері қазақ ақындарының поэма-дастандарында да 

кездесіп  отырады.  Мысалы,  С.Мұқановтың  «Сұлушаш»  поэма-

сындағы  бас  кейіпкердің  бірі  Алтайдың  өлер  жеріндегі  айтатын 

монологы қоштасу өлеңіне жатады.

– Қош бол, жер, көпті көзбен көрген ана!

Құшақта, тентегім жат! – де де, ана,

Панасыз ем, жалғыз ем өзіңе аян

«Жоғалғыр жоғалды ғой» деме, ана! –  дейді.

Қоштасу өлеңдерінің түрлері қазір де айтылады. Халықтың ар-

дагер  ұлдары  бұл  дүниемен  қоштасарда  артына  соңғы  сөздерін 



89

жазып қалдырады. Қоштасулар өлең түрінде де, қара сөз түрінде 

де  бола  береді.  Көрнекті  ақын  Т.Жароковтың  ауруханада  жатып 

жазған соңғы өлеңі – ақынның жарық дүниемен қоштасқан ақыр-

ғы  сөздері.  Халықтың  аяулы  азаматтары  бұл  дүниеден  өткенде, 

достарының,  замандастарының  қоштасу  сөздері  айтылады.  Хал-

қымыздың асыл ұлдарының бірі Мұхтар Әуезов қайтыс болғанда, 

ұлы жазушымен бүкіл ел болып қоштасты. Ақындар, жазушылар, 

қоғам  қайраткерлері  жазған  қоштасулар  баспасөз  беттерінде  жа-

рияланып жүр. 

1965 жылы үлкен ақындарымыздың бірі Т.Жароков қайтыс бол-

ғанда, ақын Жақан Сыздықов төмендегіше қоштасу өлеңін жазды:



– Қош бол!

Қош, Тәке!

Ер сабазым, сәр карданым,

Нақыштап қолмен соққан жыр қамалын.

Айқасып өзім тартып алар едім,

Ажалмен алысуға келмейді әлім.

Мұздай боп, тітіркеп жан, қаным ұйып,

Қалайша қолдан бердім сені қиып.

Ардагер, артық туған асыл едің,

Қалайша қара жерге кеттің сиып 

(«Қазақ әдебиеті»,1965,12 нау-

рыз).   

Қоштасулардың  түріне  түрлі  себептермен  қосыла  алмаған 

сүйіскен  екі  жастың  бір-бірімен  қоштасуын  да  жатқызуға  бола-

ды. Т.Молдағалиевтің «Қоштасу» атты өлеңі (әні Ә.Бейсеуовтікі) 

осындай тақырыпта жазылған. 

Елмен,  жермен  қоштасу  қазіргі  кездерде  аз  да  болса  баспасөз 

беттерінде кездесіп қалады. Қазақ ақындары шет елдерде болып, 

қайтар кездерінде қоштасу өлеңдерін жазып жүр. Белгияның бір 

үлкен ақыны Қазақстанда болып аттанарында Ғ.Мүсіреповке ар-

нап бүкіл қазақ елімен қоштасқан өлеңін жазды. А.Сейдімбектің 

«Дәурен-айы» жастық шақпен қоштасу сияқты

Жас сәбидің іңгәлап өмірге келуі қандай қуанышты болса, адам-

ның өлгені де соншалықты қайғылы болған. Ертеден келе жатқан 

салт бойынша, қазақ халқында жеке адамның, немесе бүкіл елдің 

басына түскен ауыр халді естіртетін әдет болған. Біреудің туысы, 

не баласы мезгілсіз өлсе, оның жанашырына естірту айтқан. Ауыр 

қайғыны, қазаны бірден айтса, оның қатты соққы болып соғатыны 

белгілі. Халық осы жәйттен құтылудың бірден бір амалы ретінде 

сөз құдіретін, музыка тілін пайдаланған. Оның да себебі бар. Ауыр 

қайғыны, күйзелісті жеңілдететін, көңілдің кірін кетіретін тек қана 

өлең-жыр мен музыка сазы деп түсінген халық оған зор мән бер-

ген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет