Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет41/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

«Бесік  жыры»  жас  баланы  бесікке  саларда  және  бесіктегі 

кезінде  анасының  айтатын  өлеңі.  Мұндай  өлеңдерден  халықтың 

нені аңсап, нені көксейтіндігі көрінеді. Қазіргі ақындарымыздың 

«Бесік жыры» өлеңдері мектеп оқулықтарына да енген. Кейбіреу-

леріне («Бөбегім») ән шығарылып, айтылып та жүр. «Бесік жыры» 

өлеңдерінің жас балаларға тәрбиелік мәні зор.

Халық өмірі – көн үнді симфония іспеттес, сұлу сазды поэзия-

ға толы. Халық поэзияны өзіне мәңгілік серік еткен. Тіл ұстарту 

үшін «жаңылтпаштарды» тудырса, түрлі еңбек процестерінде әр-

түрлі  өлеңдер  айтқан.  Мысалы,  ұршық  иіргенде,  киіз  басқанда, 

өрмек тоқығанда, арқан ескенде айтатын өлең түрлері қаншама де-

сеңізші. Ең аржағы жалғыз жолға шыққан адам да өзіне жолсерік 

етіп  ән  шырқайды.  Демек,  қазақ  халқының  бар  тіршілігі  әнмен 

көмкеріліп, өлеңмен өрнектелген. 

        

***


Қазақ халқының өлең-жырды аса қадірлеп өскені белгілі. Тіпті, 

өлең сөздерінде құдіреттің күші бар деп, оны құдайша мойында-

ған. Өлең шығаратын ақын, әнші, күйшілерді құдайдың жер бетін-

дегі бірден-бір өкілі деп таныған кездері де болған.

Кезінде  ел  билеген  хан-сұлтандар  поэзияның  мұндай  құді-

реттілігін ел билеу істеріне пайдаланған. Белгілі ақын-жыршылар-

ды  өз  айналасына  топтап,  солардың  беделі  арқылы  да  ел  басқа-

рып отырған. Атақты ақын Бұқар жыраудың өмірі Абылай ханның 

ордасында  өткендігі  мәлім.  Абылай  хан  ел  басқаруда  Бұқардың 

пікірімен  санасып  отырады  екен.  Жыраудың  кей  кездерде  Абы-

лайдың  ел  билеушілік  саясатына  тікелей  қарсы  шығып  айтқан 

өлеңдері біздерге жеткен. Жалынды ақын Махамбетті Жәңгір хан 

өз ыңғайына тәрбиелемек болған. Бірақ, өжет ақынның бұл жол-

ға түспей, қайта Жәңгір ханға қарсы ашық күреске шыққандығы 

белгілі. Махамбет айтқан өткір жырлар ел арасында өрліктің сим-

волындай тарап кеткен.

Ақындардың ел арасында беделінің соншалықты күшті болуы-

ның, зор құрметке ие болуының басты себебі неде? Бұл алдымен, 

олардың  өлеңдерінің  құдіреттілігі  мен  күштілігінде  жатыр.  Ал 



99

өлеңнің құдіреттілігі көркемдік мәселелерімен тығыз байланысты 

да, күштілігі халықтық жағында. 

Қандай дәуірде болмасын, көркем туындының болашақ тағдыры 

алдымен, оның халықтығы мен көркемдік сапасының дәрежесіне 

тәуелді болады. Әрбір көркем туынды өзінің әділ бағасын аларда, 

негізінен осы екі көрсеткіші тұрғысынан қаралып, бағаланады.

Шығарманың халықтығы – оның өміршеңдігіне байланысты та-

лаптардың ең бастыларының бірі. Жалпы, әдебиет, мәдениет та-

рихында халыққа жат туындыларды өмірдің өзі-ақ шетке ысырып 

отырған.  Қазақ  халқының  өткен  өмірінен  де  мұндай  фактілерді 

жиі келтіруге болады. Ары бармай-ақ бертінде, XVIII-XIX ғасыр-

да жасаған Дулат, Шортанбай, Мұрат сияқты күшті ақындардың 

өлеңдері бізге жеткен. Басты себеп: олардың өлеңдеріндегі отар-

шылдықты, әділетсіздікті әшкерелеген халықтық сарынның басым 

болуында еді. XIV-XV ғасырда жасаған Асан қайғы, Сыпыра жы-

рау сияқты ақындарды халық арасында білмейтін адам жоқ десе 

де болғандай. Олар туралы түрлі аңыздар ел арасында күні бүгінге 

дейін үзбей айтылып келеді. Мұның өзі елдің қамын жеген өнер 

иесіне деген халық орнатқан зор ескерткіш секілді. Халық өзінің 

аяулы ұлдарын осылайша құрметтеп, еске сақтап отырған.

Небір  ықылым  замандарды  басынан  өткеріп,  бүгінгі  күнімізге 

дейін  жеткен  поэзия  үлгілерінің  бірі  –  салт  өлеңдері.  Дамудың 

түрлі  сатыларындағы  халықтың  қарапайым  өмірінің  көрінісін 

неғұрлым толығырақ бейнелейтін салт өлеңдерінде халықтық мүд-

делер  айқын  көрінеді.  Мұндай  өлеңдердің  жалпы  шығарушысы 

халық болғанымен де замана сазының, түрлі жағдайлардың әсері 

тиіп отырғандығы байқалады. Салт өлеңдерінің негізгі идеясы ха-

лықтық болған өміршеңтүрлері қазіргі кездері де қоғамның рухани 

қажеттілігін өтеуде. Ал, жаңа өмірге үйлесе алмаған түрлері тозы-

ғы жеткен дүние есебінде шетке шығарылып тасталған. Халықтың 

мүддесін анық қорғап, оның арман-тілегін білдіретін көзқарастар 

салт  өлеңдерінде  басым.  Оның  себебі  мұндай  өлеңдердің  нағыз 

халық өмірінен туындап жататындығында жатыр. Сондықтан да, 

салт өлеңдері нағыз халықтық туындылар есебінде, есте жоқ ескі 

замандардағы халық өмірінің бейнесі, айнасы ретінде бізге аса ба-

ғалы.

Көркем шығарма болу үшін әдеби туынды да міндетті түрде көр-



кемдік  қасиеттердің  болуы  шарт.  Онсыз  көркем  шығарма  болуы 

мүмкін емес. Көркемдік мәселесін түрліше түсінуге болады. Рас, 

қазіргі әдебиетімізде жасалынып жатқан небір көркем туындылар 

мен қоғамдық дамудың бұрынғы сатыларында, адамдар ой-сана-

сының әлі жетіле қоймаған, балаң кездерінде туған халық поэзия-

сының көркемдік қасиеттері бірдей емес. Қандай да болмасын, бір 

дәуірдің әдеби туындыларын көркемдік тұрғыдан қарастырғанда, 

сол кездің қоғамдық ой-санасының дәрежесімен тығыз байланыс-




100

та алып қарау керек. Әдебиеттегі көркемдік мәселесі ой-пікірдің, 

айшықтау амалдарының дамуына, дәрежесіне тығыз байланысты.

Қоғамның дамуымен бірге ой-сана да дамып отырады. Сондық-

тан да әрбір дәуірдің көркем туындыларын әңгіме еткенде, ғылым-

ның негізгі қағидаларының бірі – диалектикалық даму принципін 

есте  нық  ұстау  керек,  яғни,  әдебиеттің  көркемдік  мәселесін  де 

даму үстіндегі құбылыс деп қарастыру қажет.

Қазақтың салт өлеңдері ой-сананың сәби кездерінде халықтың 

көркемдік талғамдарына сай туған әдеби шығармалардың алғаш-

қы  үлгілері  еді.  Халық  әрқашанда  көркемдікке,  әсемдікке  әуес. 

Ертедегі  адамдар  да  өздерінің  айналасындағы  өмірдің,  табиғат-

тың  құбылыстарын,  ішкі  көңіл-күйлерін  әсерлі  етіп,  көркем  тіл-

мен жеткізуге тырысқан. Өздерінің ойларын, айтайын дегендерін 

белгілі бір жүйемен, суырып салып, тақпақтап айтуға дағдылан-

ған. Түрлі сөздердің, сөйлемдердің осылайша үйлестіріліп айты-

луы нәтижесінде алғашқы өлең үлгілері, ұйқастары пайда болған. 

Ерте кезде шыққан өлең үлгілеріне наурыз өлеңдері жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет