Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


Қоштасудың  ерекше  бір  түрі  –  өтіп  кеткен  жастық  дәурені-



Pdf көрінісі
бет34/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

Қоштасудың  ерекше  бір  түрі  –  өтіп  кеткен  жастық  дәурені-

мен қоштасу, сол кездерде атқарған жастарға үлгі боларлық істерін 

еске түсіріп айту. Есейген адамдардың жастық  шақтарын көп әңгіме 

ететіндігі белгілі. Оның да себебі бар. Адам өмірінің ең бір қызық-

тысы да, қымбаттысы да осы – жастық шақ. Өткен кездерін өлеңге 

қосып айтқан ақын-жыршылардың қоштасу өлеңдері бар. «Жиырма 

бес» сияқты әндер – осындай негізде туған өлеңдер. Соның бірі бір 

батыр айтқан екен деген мына бір жыр.

– Мен, мен едім, мен едім,

Қаңтарда мінсең қажымас,

Қас қара нар мен едім

Шабуыл шапса, шаршамас

Шыны тұлпар мен едім

Қасарысып келгенде,

Қап түбіне сыймаған

Таза болат мен едім.

Қаймақтан ұшқан қу ілген,

Анық сұңқар мен едім.

Менің көрген затым бұл,

Төкпей-шашпай қолданып,

Ортаңа сүйреп тастадым... 

(С.Сейфуллин. Шығармалары. 6 том, 1964, 

134-бет).

Қоштасу өлеңдері қазақ эпосында көп кездеседі. Қайсыбір дастан-

дарда болмасын, қоштасу өлеңдері аса маңызды роль атқарып тұра-

ды. Ұзақ жырларда қоштасу өлеңдерінің түр-түрлері кездеседі. «Қыз 

Жібек пен Төлеген» жырындағы Төлегеннің қоштасуы – көңіл ауда-

рарлық. Мұнда, Қособаның көлінде жападан жалғыз ғұмыр кешкелі 




88

жатқан Төлеген бұл жалғанмен алты қаз арқылы қоштасады. Өзінің 

соңғы сөзін, өлі хабарын қаздар арқылы еліне жолдайды:

– Қособаның жолында

Құс қонбас құла жапанда,

Жылай-жылай бір жалғыз,

Дүниеден өтті дегейсің! 

(М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.

Хрестоматия.А.,1959.290-бет).

Қоштасу өлеңінің мұндай түрлерінің тууына ерте кездегі халық са-

насындағы адамнан басқа тірі жандылар да адам сияқты ойлай алады, 

сөйлей алады деген ұғымынан туса керек.

Қоштасудың  әртүрлі  түрлері  де  сақталынған.  Осындай  қоштасу 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет