буын санының тұрақталуы біршама тиянақты.
101
Ол жылы ақ мол болар.
/7/
Ұлы кісіден бата алса, /9/
Сонда олжалы жол болар.
/8/
Алғашқы мысалдарға қарағанда, соңғысында өлеңдік қасиет-
тердің анығырақ көрінетіндігі байқалады. Мұндай мысалдарды
салт өлеңдерінің ішінен көптеп келтіруге болады. Осындай ерте
кездерде туған өлең түрлеріне төрт түлік мал жайлы өлеңдер,
бәдік, бақсы сарыны, арбау, жалбарыну өлеңдері жатады.
Даму, өсіп-жетілу процесінде салт өлеңдері сан жағынан да, сапа
жағынан да өркейіп отырған. Салт өлеңдері алғашқы кездерде ай-
тылған қарапайым жай сөйлемдердің тізбегінен нағыз поэзияға
айналды; тек поэзияға ғана тән көркемдік құдіреттілікке ие бол-
ды. Халық даналығы ауыз әдебиеті арқылы небір тамаша көркем
туындылар жасады. Бұл айтқандарымызды ең алдымен, салт өлең-
дерінің даму жолдарынан көреміз.
Салт өлеңдерінің көркемдік қасиеттері айрықша көңіл аударар-
лықтай. Сәтті теңеулер, айшықты сөз өрнектері мұндай өлеңдерде
көп кездеседі. Поэзияның құдіреті ғана жететін толық қанды су-
реттер жасау салт өлеңдеріне де тән.
Салт өлеңдерінде жанды теңеулер қолдану арқылы жасалынған
бейнелі суреттеулер, терең ойлы өлең шумақтары – әсіресе қошта-
су өлеңдеріне тән қасиеттердің бірі.
– Балалы қаздай майпаңдап,
Бәйбіше дәурен сүрген жер.
Әкем бір күйеу болған жер,
Шешем бір келін болған жер (
С.Сейфуллин.Шығармалары.6 том,
1964ж.132-бет).
Әрбір салт өлең түрлерінің өзіндік табиғатына байланысты
ерекшеліктері, қасиеттері болады. Қоштасу өлеңдерінде көркем
суреттеушілік, ойлылық, салмақтылық жақтары басым болып кел-
се, беташар өлеңдерінде ойнақылық, көркем суреттеулерден гөрі
нақтылы образдар жасауға ұста.
Достарыңызбен бөлісу: