93
Доскенің бауырында жалғыз тамды,
Бар құдай аямаған жалғызды алды.
Келгенде елу беске сұмырай Бетен,
Айрылып жалғызынан аңырап қалды
(С.Сейфуллин. Шығармала-
ры, 6 том, 149 бет).
«Отыз ұлдан жалғыз қалып», қыршынынан қиылған Зәурешті
әкесінің артынан іздеп келіп айтқан жоқтау өлеңі – тамаша көркем
туынды. «Зәуреш» әні халық қазынасының бағалы дүниесі ретінде
қазіргі күндері де шырқалып жүр.
Жоқтаудың жастық шақты, өткен дәуренді жоқтайтын түрлері де
кездеседі. Мұндай жағдайларда қоштасу мен жоқтаудың ара жігін
ажырату қиынға түседі. Бұл өлеңдерде қоштасу мен жоқтау эле-
менттері аралас келіп отырады. Жел жетпес жүйрік атанған Құ-
лагері мерт болғанда, Ақан сері айтқан өлең де жоқтауға жатады.
Жоқтауды әр айтушы өзінше шығарған. Кей кездерде ақындар
сөзін жазып берген. Жоқтау өлеңдері әнмен айтылған. Әні сөзіне
қарап қайғылы, мұңлы болып келеді.
Жоқтау айту орыс халқында да кездеседі. Орыс халқындағы
жоқтау өлеңдері туралы М.Горькийдің айтқан пікірлерін келтіре
кетуге болады:
«Өзінің ауыр халін жылай айтқан зар, орыс әйелінің зары қан-
дайлық. Ақын әйелдің аузынан шыққан мұң жанына ауыр шер құя-
тын сияқты. Анық орыс халқының әнімен айтылған мұң, жүрегіңе
соншалық жақын таныстығыменен дертке салғандай болады.
...Федосованың өне бойы, орыс халқының күрсінген мұңына
толы. 70 жыл бойында ол жырлай, зарлағанда орыстың ескі әнімен
өмірдің ауыр қайғысын жырлаған... Орыстың әні, орыстың тари-
хы есепті... Өлеңдері халықтың зары екендігін, ол көп оқымысты
адамдардан артық ұғынады».
М.Горький айтқан бұл сөздерді қазақтың жоқтау өлеңдеріне де
айтуға болады. «Бірақ, орыс халқында жылау айту бір-ақ қалып-
ты, жаттамалы. Адамы өлген үй жылауды жатқа білетін әйелдерді
(плакальщицы) жалдап әкеп айтқызған. Ал, қазақ халқындағы
жоқтау айтудың, табиғаты орыс халқынікінен тіпті өзгеше. Ең бас-
тысы, өлген әрбір адамға жаңадан жоқтау шығарылып айтылу мін-
дет-тұғын. Олай болмаса, ол шын қайғырғандықтың белгісі емес.
Жоқтау өлеңдері халық поэзиясының көне түрлерінің бірі. Көбі-
не жеті буынды жыр, не жеті, сегіз буын аралас толғау түрінде
келеді. М.Әуезов пен Б.Кенжебаев жоқтау өлеңдерінің осы қа-
сиеттеріне сүйене отырып, қазақ эпосындағы батырлар туралы
жырлардың негізі осы – жоқтау өлеңдері болуға тиіс деген ғылыми
пікір айтады. Шынында да, ертеде өткен бір батырды жоқтап өлең
шығарған кезде, оның жалпы қасиеттерін, істеген батырлықтарын
ұзақ айтудың нәтижесінде батырлар жыры тууы мүмкін.
Жоқтау өлеңдері қазақ халық ақындарының шығармаларында да
кездеседі. Халық поэзиясының алыбы Жамбылдың Отан соғысын-
94
да қаза тапқан ұлы Алғадайды жоқтаған өлеңі бар. Бұл өлеңді Ке-
нен ақын көңіл айтуға келгенде, қазақ дәстүрімен баласын жоқтап
айтқан екен.
Достарыңызбен бөлісу: