Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет43/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   191
Сараң байға:

– Тай құнанын мақтаған,

Шөбі көп жерді жақтаған.

Сексен сомға бір атын,

«Сат» десе де, сатпаған.

Жазы-қысы өмірі,

Жайлы жерге жатпаған

«Көрімдік бер» деп, айтар деп

Жан-жағына бақпаған,

Сараң байға бір сәлем (сонда).

Беташардың бір ерекшелігі – уытты сыны мен әзілінің кез-кел-

ген адамға – ұлыққа да, кішікке де бірдей арналуы. Салт бойынша, 

беташарда айтылған сынға ешкім ренжімеуі керек.




102

Өлеңнің  тыңдап  отырған  көпшілікке  әсерлі  болып,  жалықпай 

тыңдап, көңілді отыруы үшін түрлі әдістер қолданылған. Соның 

бірі – ащы шындықты күлдіргі ретінде мысқылдап айту. Өтірікші-

ге,  дүниеқорға,  сараң  байға  арналып  айтылған  сәлем  өлеңдері 

осындай әдіспен жасалған. Әзіл жас келінге де арналып айтылған:



– Өзің жатып төсекте

Қасыңда жатқан байыңа:

«Тұр-тұрлама» келіншек!

Қаптың аузы бос «тұр» деп

Құрт  ұрлама  келіншек! 

(С.Сейфуллин.  Шығармалары.  А.,6  том, 

1964. 122-бет).

Тыңдаушыға өлеңнің өтімді, әсері күшті болуы керектігінен ту-

ған әдістердің бірі – айтылып отырған объектіге байланысты түрлі 

теңеулер жасау. Теңеулердің тамаша үлгілері салт өлеңдерінде өте 

көп.  Бақсылар  өздерінің  «жындарын»  шақырғанда,  «сиқырлы» 

теңеулерді  молынан  пайдалануға  тырысқан.  Тіпті,  кейбір  бақсы 

сарындары  түгелге  жуық  осындай  теңеулерден,  суреттеулерден 

тұратын кездері де болады. 



– Кер-кер жылан, кер жылан!

Керілмей-ақ, кел жылан!

Ұзындығың қырық құлаш,

Көлденеңің сексен кез,

Айда бермен, сұр жылан! 

– Келең-келең, келеңгер,

Бауры шұбар келеңгер,

Үсті шұбар келеңгер,

Тас төбеңнен түсермін...

Танауыңды тілермін;

Шатты-бұтты қылармын.

Бұл шумақтарда жыланның суық, зәрлі мақұлық екендігіне қа-

рай,  сол  жыланды  қорқынышты  түрде  көзге  елестетерліктей  те-

ңеулер жасалған. Теңеулер айтылып отырған нәрсенің табиғатына 

қарай түрліше қолданылған. 

Бопы төренің қарындасы күйеуі өлгенде айтқан жоқтау өлеңі тө-

мендегіше келеді:

– Күдері белбеу белімде,

Азалы болдым елімде.

Бөпекем тарлық берген соң,

Жүре бердім жөніме...

Алты атанға жүк арттым,

Ала арқанмен бек тарттым...

Арғымақ үйірін сағынса,

Артқы аяғын қағынар.

Алғанын бейбақ сағынса,

Қаннан ендік жағынар... 



103

Аңырап тұрып айтатын қайғылы, азалы бұл өлеңде дауысты ды-

быстар көп қолданылған /Мұндай құбылысты әдебиеттану ғылы-

мында ассонанс деп атайды/. Ассонанс құбылысы жалпы қайғылы, 

мұңлы кездерде айтылатын өлеңдерге, оның ішінде жоқтауларда 

азалы  айтушының  көңіл-күйін  білдіретін  бірден-бір  әдіс  ретінде 

қолданылады. Ал, дауыссыз дыбыстарды /аллитерация құбылысы/ 

әсіресе, қатаң дауыссыздарды теріп қолдану бақсы сарындарында, 

арбау, жалбарыну өлеңдерінде, бәдікте көп кездеседі.

Осындай  дыбыс  қайталаушылықты  кеңінен  пайдаланған  өлең-

дерде мағынасы түсініксіз жасанды сөздер де көп кездеседі. Се-

бебі,  бақсылардың  жындарын,  ауырған  малдың  киелі  иесін  ат-

тарын  атап  шақыруымен,  өлеңдердің  әсерлі  болуы  үшін  түрлі 

суреттеулер жасау ниеттерімен байланысты. Мысал келтірейік:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет