Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


Халық  поэзиясында  дінге  байланысты  туған  өлеңдер  бір-



Pdf көрінісі
бет40/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

Халық  поэзиясында  дінге  байланысты  туған  өлеңдер  бір-

шама  баршылық.  Бұрын  «Бәдік»,  «Бақсы  сарыны»,  «Арбау-

жалбарыну өлеңдері», «Жарапазан» т.б. сияқты діни мазмұндағы 

өлеңдер  көп  айтылып  келген.  Мұндай  өлеңдер  қазіргі  кездерде 

айтылмайды.  Тек  «Жарапазан»  ғана  ораза  кезінде  айтылып  жүр. 

Сонымен бірге ислам дінін жырлайтын әндер де шыға бастады.

Діни өлеңдерде ерте кездердегі адамдардың ой дәрежесі, наным-

сенімдері анық көрінеді. Арбау-жалбарыну, бәдік өлеңдерінен дү-

ниедегі әрбір нәрсенің, құбылыстың өз жаратушысы бар деп ұғып, 

көп  құдайға  табынған  халықтың  түсінігі  елес  береді.  Ауа  райы 

құрғақшылық болған жылдары «күн жайлатып, бұлт шақырған», 

адам не мал ауырса емдеп жазбақ болып «бәдік» өлеңдерін айтқан. 

«Бәдік» кейіннен өзінің діни мағынасын жойып,  жастар жағының 

кешке қарай бас қосар ойын-сауығының сылтауына айналып кет-

кен.  Айта  білсе,  бәдік  айту  тойдан  да  қызық  деп  қараған  да  кез 

болған.

Дінге  байланысты  өлеңдердің  ішінде  «Бақсы  сарындары» 

ерекше көзге түседі. Ел арасында «пәленше бақсынікі» деген бақ-

сы сарындары көп болған. Әр бақсы өзінше сарынмен жырлаған. 

Бақсылар деп әрі дәрігер, әрі қобызшы-күйші, әрі ақын, балгерді 

атаған. Олар ел арасында өте күшті беделге ие болған. Мынанджай 

аңыз  бар:  моңғол  ханы  Тимучинге  Шыңғысхан  атын  берген  Қо-

ңыраттан шыққан бақсы Көкше екен 



(С.Сейфуллин. Шығармалары.6 

том.1964,167-бет).

Бақсылар өлең айтқан кезде, адамға әсер етерлік түрлі қимыл-

дарды  шебер  пайдалана  білген.  Бақсы  сарындары  көбіне  ұзақ 



98

келеді. Айтылатын ой жүйелі болмайды, бірді айтып, екінші бір 

нәрсеге кетіп қалушылық – жалпы бақсы сарындарына тән қасиет.

Дін иелері халыққа дін үгітін тарату құралы ретінде поэзияны да 

пайдаланды. Осындай мақсатпен туған өлең түрлерінің бірі – жа-

рапазан. Жарапазан өлеңдерінің мазмұны ислам дінін, мұсылман-

дықты дәріптеу.

Күніне  бес  мезгіл  намаз  оқу  мұсылманға  қандай  парыз  болса, 

отыз  күн  ораза  ішінде  жарапазан  айту  да  –  соншалықты  міндет. 

Жарапазанның жалпыхалықтық поэзияның дамуына аз да болса өз 

әсерін тигізгенін айта кету керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет